NUTRILITE™

NUTRILITE™ – өз өнімдері үшін қажетті өсімдіктерді сертификатталған органикалық егін шаруашылығы фермаларында өсіретін, жинатын және өңдейтін әлемдегі жалғыз дәрумендер мен минералдар бренді*. (Куәліктер ферма орналасқан мемлекет заңдарына сәйкес ресми агенттіктер тарапынан берілген.)

* Euromonitor Consultancy зерттеу фирмасы жүргізген әлемдік нарықтың тәуелсіз шолуына сәйкес.

  

  • Салауатты өмір салты
  • Неге NUTRILITE™
  • Фермалар
  • Ғылым мен NUTRILITE™
  • NUTRILITE™ тобы
  • Қалай сатып алуға болады?

Салауатты өмір салты

Біздің рационымызға кіретін ас пен жасайтын физикалық жаттығулар біздің денсаулығымызға орасан әсерін тигізеді. Салауатты өмір салтын таңдай отырып, өзімізді оңтайлы денсаулықпен қамтамасыз ете аламыз және дұрыс емес өмір салтын таңдау әсерінен туындайтын аурулар қаупін төмендете аламыз.

NUTRILITE өнімдері ағзадағы шектелген өнімдерді тұтыну әсерінен пайда болатын белгілі бір заттардың жетіспеушілігін толтыра отырып оңтайлы тамақтануда маңызды рөл атқарады. Сізді қандай өмір салтын таңдасаңыз да, жас ерекшелігіне қарамай дұрыс тамақтанумен қамтамасыз ететін тағамға қосылатын NUTRILITE биологиялық белсенді қоспаларына толық сенім арта аласыз.

Неге NUTRILITE™

75 жыл ішінде NUTRILITE™ бренді өз тұтынушыларын өмірдегі ең жақсылармен қамтамасыз ету үшін табиғат пен ғылымнан тек қана қажеттіні алуға үйренді.

  • Біз ұсынып отырған NUTRILITE өнімдерінің барлығы тамақтану саласындағы 75 жылдық зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады.
  • NUTRILITE өсімдік концентраттарын шығару үшін пайдаланылатын дақылдар тек қана тұрақты егін шаруашылығы әдістерін пайдалану арқылы өсіріледі. Адам ағзасы үшін қауіпті пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштарды қолданудың орнына біз табиғаттың өзіне сенім артамыз.
  • Бүгін NUTRILITE өнімдері 50-ден аса елдің миллиондаған тұрғындары үшін қол жетімді.
  • Nutrilite денсаулық инситуты – зерттеулер, оқу мен практикалық кеңестер арқылы адамдарға оңтайлы денсаулыққа жетуге көмектесуге ұмтылған әлемнің түкпір-түкпіріндегі сарапшылар қауымдастығы.
  • Жыл сайын NUTRILITE өнімдері 400 мыңнан астам сапа тексеруінен өтеді. Биологиялық белсенді қоспалардың әр топтамасы орта есеппен 330-ға жуық сапа тексеруінен және сынақтарынан өткізіледі.
  • 1920 жылдары NUTRILITE брендінің негізін қалаушы Карл Ренборг үйлестірілген тамақтануға арналған тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды өсімдік компоненттері негізінде жасау идеясын ұсынды.
  • Amway компаниясының 2 555 га (6 310 акр) аумақты алып жатқан, NUTRILITEөнімдерінде қолданылатын көптеген өсімдер өсірілетін төрт фермасы бар.

NUTRILITE дәрумендер, минералдар және тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың әлемдік жетекші сауда белгісі болып табылады*.

* Euromonitor International агенттігі 2008 жылы жүргізген сатылым зерттеулері деректеріне сәйкес.

Фермалар

NUTRILITE дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылығымен айналысады.

Бұл компания, расында да, көп ұлттық деңгейде жұмыс істейді, АҚШ (Калифорния және Вашингтон штаттары), Мексика және Бразилия елдерінде жұмыс істеп, төрт фермада 2590 гектардан (6400 акр) артық жерді өңдейді.

NUTRILITE өсімдік концентраттары жасалатын өсімдіктер NUTRILITE фермаларында өсіріледі және NUTRILITE сапа стандарттарына сәйкес келуі қажет. NUTRILITEфермаларында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдар NutriCertбағдарламасын ұсынды.


NutriCert бағдарламасы»

 

NutriCert – фермерлік шаруашылықты сертификаттау бағдарламасы. Бұл бағдарлама талда жүргізуді қамтиды және өсімдік шикізатын жеткізетін фермаларда NUTRILITE бренді философиясының ұсталуын бақылайды.

Бұған қоса, NutriCert бағдарламасы бойынша ауыл шаруышылығындағы ғалымдар барлық фермалармен жұмыс істеп, табиғатқа бағытталған жерді пайдалану принциптерін ұстануға көмек береді.

NutriCert бағдарламасы негізделген 5 басты принцип бар:

  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының және өсімдіктерінің алуан түрлілігі, соның ішінде шөптердің, ағаштардың және бұталардың тік алуан түрлілігі мен мал шаруашылығы, пайдалы жәндіктер мен микроағзалар интеграциясы.
  • Топырақты өңдеудің компост, пайдалы топырақ микроағзаларын пайдалану, эрозияны бақлау және минералдың тыңайтқыштарды қолдануды барынша азайту секілді табиғатқа зиянсыз әдістері.
  • Топырақ және қоршаған ортаны ластамау, мысалы, генетикалық түрлендірілген ағзаларды пайдаланбау. Мұның мәнісі зиянкестермен күресудің біріктірілген әдістерін қолдану мен фермаларды көршілес фермаларда орналасқан ластаудың ықтимал көздерінен қорғауда болып табылады.
  • Сапаны тереңдетіп тексерудің стандарттары, соның ішінде өндіріс қаржысының шығындары туралы қажетті құжаттама, өнім алу көздерін анықтау, ауыл шаруашылығы зиянкестерін жою және оларды бақылауға қатысты жасалған жоспарлар, сондай-ақ, сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа кепілдігі бағдарламасы.
  • Ферманың айналысында зиянсыз әлеуметтік орта қалыптастыру фермада жұмыс істейтін адамдардың білім алу, оқу арқылы жеке дамуына мүмкіндік береді.

Ғылым мен NUTRILITE™

Ренборгтың тамақтану және денсаулық орталығының негізі 1996 жылы қаланды, ал 2002 жылы ол NUTRILITE денсаулық институты болып өзгертілді. Институт NUTRILITE сауда белгісінің биік мәртебесін асқақтатып келеді, бұл жерде өз ісіне адал 100-ден аса ғалымдар, зерттеушілер мен оқытушылар жұмыс істейді. Институт ғылыми зерттеулер жүргізе отырып және қызметкерлердің кәсіби дайындығын жүзеге асыра отырыпNUTRILITE бренді өнімдерін шығару және жетілдірумен айналысады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Буэна-Парк қаласында орналасқан NUTRILITE оңтайлы денсаулық орталығы NUTRILITE денсаулық институтының штаб-пәтері болып табылады.

Әлемдік деңгейдегі құрылғылармен жабдықталған NUTRILITE оңтайлы денсаулық орталығында ғылым, диетология саласындағы жетістіктер, фитнес пен білімді және тәжірибелі, денсаулық игілігі үшін және NUTRILITE брендінің сапасын арттыру үшін еңбек ететін қызметкерлердің зерттеу жұмыстары біріккен. Ең заманауи және техникалық жағынан мінсіз кәсіпорын 2006 жылдың мамыр айында ашылды.

NUTRILITE™ тобы

NUTRILITE командасы – спортпен, салауатты өмір салтымен, физикалық және рухани тұрғыдан дамуға деген жігермен қанаттанған адамдардың әлемдік қауымдастығы. Бұл – кәсіби спортшылар мен әуесқойлар, рекордшы мен өзінің физикалық және рухани потенциалы туралы жаңадан ойлана бастағандар. Біз бір-бірімізге қолдау көрсету үшін және жігерлендіру үшін бірігеміз.

Толығырақ

Қалай сатып алуға болады?

NUTRILITE биологиялық белсенді қоспасын жеке қолданысқа ғана алуға болады. Қайта сатуға болмайды. Өнімге қызығушылық білдірген тұлғалар оны Ресей Федерациясындағы «Амвэй» ЖШҚ сауда орталықтарының аумағында орналасқан  арнайы NUTRILITE бөлімдерінен ала алады.

Amway Cауда орталықтарының мекенжайлары