Amway Home

AMWAY HOME™

AMWAY HOME™ – үстіңгі бетті тазарту, киім мен ыдыс-аяқ жуу құралдары – Сіздің махаббатыңыз бен сеніміңізге бөленген барлық тамаша қасиеттері бар, ал енді BIOQUEST FORMULA™ бірегей жинағы Сіздің жанұяңыз бен қоршаған орта үшін оларды одан да қауіпсізірек етті.

  • Біздің мұрамыз
  • BIOQUEST FORMULA™
  • Сертификаттау

Біздің мұрамыз

Amway 50 жылдан астам уақыт бойы адамдарға өмірін жақсартуға көмектесіп келеді. Біз Сіздің денсаулығыңыз бен жанұяңыздың саулығын, сондай-ақ қоршаған ортаның бұзылмауын жоғары бағалаймыз. Басынан бері үйді күту брендтері мен өнімдері біздің мақсатымызға қол жеткізуде маңызды рөл ойнады.

Енді, елу жыл өте, біздің өнімдеріміз бен философиямызда қоршаған ортаға деген қамқорлық әлі де жалғасын табуда. Amway тұтынушылар сұранымын ескере отырып немесе жаңа ғылыми жаңалықтарды іске асыру арқылы қоршаған орта қауіпсіздігіндегі және жасампаздық қарым-қатынастағы озық идеяларды ұстануын жалғастыруда.

Біз өз мұраларымызды мақтан тұтамыз, сол себепті де Сізге үйді күту құралдарын бір брендке біріктіретін BIOQUEST Formula™ технологиясының көмегімен жасалған AMWAY HOME™ жаңа өнімін қуана ұсынамыз. Оларда – Сіздің үйіңізде дені сау ортаны жасайтын және қоршаған экологияға зиянын тигізбейтін жоғары сапалы тазалау құралдарын жасауда ғылыми зерттеулердің көп жылдық тәжірибесі қолдау тапты.

BIOQUEST FORMULA™


Біз 50 жылдан астам уақыт бойы қоршаған ортаға деген ұқыпты қатынасымен ерекшеленетін тамаша тазалау құралдарын жасаудамыз. 1959 жылы алғашқы L.O.C.™ биоыдырайтын тазалау өнімі жасалды. Ол – үй жағдайында әр түрлі мақсаттарда пайдалануға болатын көп функциялы тазалау құралы және осы күнге дейін дүние жүзі бойынша ең көп сатылымымен танымал.

AMWAY HOME™ барлық* өнімдері BIOQUEST FORMULA™ формуласымен күшейтілген және кокос жаңғағы, цитрусты және минералды заттар сияқты табиғи көздерден алынған жоғары белсенді ингредиенттерден тұрады. Олар пайдалану қауіпсіздігін ескере отырып жасалған, әрі тамаша нәтижелерді қамтамасыз етеді.

Құрамында BIOQUEST FORMULA™ бар өнімдер ҚАУІПСІЗ және ЭКОЛОГИЯЛЫҚ жағынан зиянсыз өнім ретінде сертификатталған, өйткені олар:

Биоыдырағыш »

ЕО нормативтік жағдайы жоғары белсенді заттардың биоыдырағыш болуын талап етеді, алайда біз өзіміздің барлық үстіңгі бетті тазарту, киім мен ыдыс-аяқ жуу құралдарымыздағы тек жеке ингредиенттерді ғана емес, сондай-ақ олардың дайын өнімдегі үйлесімін тексеру үшін одан ары бардық.

Концентрацияланған »

Біз алғашқы болып концентрацияланған формулаларды ойлап таптық, ол кездері бұл түбегейлі жаңалық болып табылатын. Концентрацияланған өнімдердің арқасында Сіз ақшаңызды үнемдейсіз және орама мен тасымалдау шығындарын азайтасыз, ал ол біздің экологиялық жағынан зиянсыз болу мақсатымызға мінсіз жауап береді.

Дерматологиялық тексеруден өткен »

Біздің тазалау құралдарымыз қауіпсіз және олар аллергия мен тітіркенуді тудырмайды. Сонымен қатар, балалар киіміне арналған SA8™ Baby концентрацияланған кір жуғыш ұнтағы сезімтал бала терісіне қауіпсіз екендігіне көз жеткізу үшін педиатрлар тексеруінен өткен.

* Дақтарды алдын ала кетіруге арналған SA8™ спрейі мен DISH DROPS™SCRUB BUDS™ металл губкалардан басқа.

Сертификаттау

A.I.S.E. экологиялық хартиясы

A.I.S.E. (International Association for Soaps, Detergents and Maintenance Products – Жуу құралдарын өндірушілердің халықаралық қауымдастығы) осы өндірістік саладағы Еуропадағы ресми пікірді анықтайды. 2005 жылы Қауымдастық денсаулық пен экология үшін қауіпсізірек тазалау құралдарын өндіру тәжірибесін қамтамасыз ету үшін Экологиялық хартияны жасау бастамасын көтерді.

* Хартия логотипі осы өнім экологияны қорғау талаптарына сай жасалғанын және пайдалануға қауіпсіз (нұсқаулық бойынша қолданылған жағдайда) екендігін көрсетеді. Хартия логотипі тек ЕО аумағында пайдаланылуы мүмкін.

DfE – Design for the Environment бағдарламасы (Экологиялық талаптарға сай өндіріс)

Сондай-ақ, біз АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттігімен (EPA – US Environmental Protection Agency) серіктестік қарым-қатынастамыз және оның Design for the Environment (DfE) бағдарламасына қатысамыз. Бұл дегеніміз, біз денсаулық пен экологияны қорғау талаптарына сай өнімдерге DfE логотипін орналастыра аламыз дегенді білдіреді.

DfE мақұлдаған өнімдер: »

  • Матаның барлық түрлеріне арналған SA8 әмбебап ағартқышы
  • Киімді жібіту және дақтарды кетіруге арналған SA8 TRI-ZYME™ күшейткіш ұнтағы
  • L.O.C. көп функциялы тазалау құралы
  • Унитаздарға арналған тазалау құралы
  • L.O.C. Plus жұмсақ тазалау құралы
  • Ыдыс-аяқ жууға арналған DISH DROPS™ концентрацияланған сұйықтығы
  • Әйнек жууға арналған L.O.C. сұйықтығы
  • Ванна бөлмесіне арналған L.O.C. тазалау құралы


EPA/DfE мақұлдауы осы өнімнің жарнамасы болып табылмайды. Design for the Environment логотипі EPА/DfE агенттігіне ұсынылған осы Amway өнімінің формуласы қарапайым тазалау құралдарына қарағанда денсаулыққа жағымды ингредиенттерге және қоршаған орта үшін тиімдірек сипаттамаларға ие екендігін көрсетеді. EPA/DfE өнімнің құрамы, ингредиенттері мен қасиеттері туралы ақпаратқа деген әділдігі мен адалдығына байланысты тек қана Amway компаниясына сенім артады. EPA/DfE өнім формуласындағы ингредиенттерді химиялық талдау арқылы тәуелсіз тұжырымдар жасамайды және Amway мәлімдемелерін кейбір ингредиенттердің жоқтығына тексермейді. EPA/DfE тек адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға қатысты өнім сипаттамаларына қолда бар ақпарат пен ғылыми түсінікке негізделген өз тұжырымдамасын беріп, кәсіби пікірін білдіреді.


 

Үй күтімі

Тазалау жұмыстарының кейбір түрлері арнайы құралдарды пайдалануды қажет етеді, сол себепті біз бірнеше арнайы тазалау құралдарын жасап шығардық.

Amway компаниясының көмекші тазалау құралдары плиткалар, жұмыс құралдары және басқа да үстіңгі беттердегі ойып түсетін, кетуі қиын май және кір дақтарымен күресуге арналған.

Біздің автокөлікке арналған тазалау құралдарымыз қорғаныш қабатына зиянын тигізбей, көмескі дақтар қалдырмай жуады, балауызбен қаптайды, қорғайды және жылтыратады.

Auxiliary Products - specialty cleaning products

*N/Component type: amway_list_of_teasers_matrix - incomplete or invalid configuration.