iCook

iCook™

Болаттан жасалған iCook™ ыдысының көмегімен өзіңіз және отбасыңыз үшін дәмді және құнарлы ас даярлай аласыз. Сонымен қатар, iCook ыдысының сапасы жоғары, өте ыңғайлы және сыртқы көрінісі де әдемі.

  • Тағам даярлаудың көп қабатты әдісі
  • VITALOK™
  • Күйіп кетуді болдырмайтын жабыны бар болаттан жасалған ыдыс
  • OPTITEMP™
  • Халықаралық рецептілер

Тағам даярлаудың көп қабатты әдісі

Тағам даярлаудың көп қабатты әдісін қолдану мүмкіндігі iCook™ болаттан жасалған ыдыстар жиынының аса ыңғайлы қасиеті болып табылады. Кішкене кастрюльді үлкеніне қою арқылы бірнеше тағамды бір мезгілде даярлай аласыз. Асүйлік ыдыстардың бұл жиыны көп қабатты тағам әзірлеу әдісіне қажетті ыстық бірыңғай таралатындай етіп жасалған.

VITALOK™

Бұл ыдыста түрлі әдіспен тағам әзірлеуге болатынына қарамастан, болаттан жасалғанiCook™ ыдыстары VITALOK әдісі арқылы даярланатын дәмді және құнарлы тағамдарға арналған. Бұл әдістің мәнісі келесіде: қақпақ пен кастрюль арасында гидробекітпе пайда болады, сондықтан, ет, жеміс пен көкөніс табиғи дәмін, иісін және құнды нәрлі заттарын, сондай-ақ, табиғи түсі мен консистенциясын сақтай отырып өз шырынында даярланады.

Нәтиже қандай? Сіз бен Сіздің отбасыңыз сыртқы түрі әдемі, иісі аңқыған, сондай-ақ, қалыпты ас қорыту үшін қажетті дәрумендер мен минералдық заттарға толы тағамнан рақат алады.

Етті бұқтырып пісіру үшін май қосу қажет емес. Құрамында жеткілікті мөлшерде табиғи ылғалдылығы бар жаңа піскен көкөніс пен жемістер сусыз даярланады. Көкөністерді сумен жуып, оларды ыдысқа салыңыз. Оларда қалған ылғалдылық мөлшері VITALOKәдісі үшін жеткілікті.

Егер күріш, макарон пісіруге бел бусаңыз, жарма, кептірілген көкөніс не үрме бұршақ қосылған тағам даярлауды қаласаңыз, су қосу қажет болады, себебі, олардың құрамында өзіндік ылғалдылығы жоқ.

Күйіп кетуді болдырмайтын жабыны бар болаттан жасалған ыдыс

Күйіп кетуді болдырмайтын жабыны бар болаттан жасалған iCook ыдыстарының құрылымы жылдан жылға өте жақсы эксплуатациялық сипаттамаларды ұсынатындай етіп жасалған.

Күйіп кетуді болдырмайтын DURAMIC » жабынының ерекшеліктері

  • беріктік пен төзімділік
  • күшейтілген үш қабатты жабын
  • титан мен күйіктас бөлшектеріне тұрады
  • сызаттарға төзімді
  • май қосуды қажет етпейді

Мөлдір қақпақтар »

  • отқа төзімді әйнектен жасалған
  • тағам дайындау процесін бақылауға мүмкіндік береді

OPTITEMP™

Күйіп кетуді болдырмайтын жабыны бар iCook ыдыстарының ыстықты оңтайлы таратуға мүмкіндік беретін арнайы OPTITEMP түбі және табалардың жарамдылық мерзімін арттыратын және тағамның барынша сапалы даярлануына септігін тигізетін DURAMIC күйіп кетуді болдырмайтын жабыны бар. Ал, табаның арнайы дөңгелектенген жақтары мен эргономикалық тұтқалары тағам әзірлеу процесін одан әрі жеңілдете түседі.

Осы технологияның арқасында тағам әзірлеу кезінде аз май қосуға болады. Сондай-ақ, табаның беті оңай тазаланады және ол сызаттарға төзімді.

Халықаралық рецептілер

Түлкішек саңырауқұлақтары мен тауық сүбесі қосылған күріш »

Германиялық дәмді Ризотто

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 15 минут
Дайындау уақыты: 1 сағат

Ингредиенттер:

  • 2 дана шалот пиязы
  • 2 десерт қасық зәйтүн майы
  • 250 г күріш
  • 150 мл ақ шарап
  • 750 мл көкөністік қайнатпасы
  • 250 г түлкішек саңырауқұлағы
  • 350 г тауық сүбесі
  • 1 шымшым тұз
  • 1 шымшым ұнтақталған қара бұрыш
  • 75 г Пармезан ірімшігі
  • бір салым эстрагон (тархун)

Дайындау әдісі:

  1. Шарлот пиязын тазалап, шаршы пішінді етіп тураңыз.
  2. Майдың жартысын қыздырып, пияз бен күрішті бірнеше минут бойы табада қуырыңыз.
  3. Шарапты көкөніс қайнатпасымен араластырып, қоспаның жартысын күрішке қосыңыз.
    Қайнағанға дейін жеткізіп, орташа отта 35 минут бойы бұқтырып пісіріңіз.
  4. Күріш барлық сұйықтықты сіңіріп алған кезде қалған сорпаны аз-аздап қосыңыз.
  5. Саңырауқұлақты тазалап, жуыңыз.
  6. Тауық сүбесін жуыңыз және майлықпен оны кептіріңіз, содан соң, оны ұзын тілім етіп тураңыз.
  7. Қалған майды қыздырыңыз. Саңырауқұлақты қуырыңыз, тұз, бұрыш қосыңыз да, табадан алыңыз.
  8. Сол табадағы майда сүбе тілімдерін қытырлақ қабықша қалыптасқанға дейін қуырыңыз.
  9. Пармезан ірімшігін үккіштен өткізіп, тархун жапырақтарын тураңыз.
  10. Саңырауқұлақ, сүбе, тархун және ірімшікті күрішке қосып, араластырыңыз. Қалауыңызша дәмдеуіштер қосып, дастарқанға қоюға болады.

Алмұрт және Рокфор ірімшігі қабаты

Дәмді тағам, классикалық француз көмеші

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 30 минут
Дайындау уақыты: 40 минут

Ингредиенттер:

  • 12 ақ нан тілімі (сәл кептірілген, шамамен 300 г)
  • 125 мл құрғақ ақ шарап
  • 750 г алмұрт
  • 100 г үккіштен өткізілген Гауда ірімшігі
  • 160 г Рокфор ірімшігі
  • 100 г ветчина
  • 2 жұмыртқа
  • 125 мл қаймақ
  • 125 мл сүт
  • қалауыңыз бойынша тұз және бұрыш
  • 80 г сарымай

Дайындау әдісі:

  1. Пісіруге арналған пішінге (шеттерінің биіктігі 5 см болатын) жұмсарған сары май (30 г) жағыңыз. Нан тілімдерінің жартысын пішіннің түбіне бір қабат етіп орналастырыңыз.
  2. Шараптың жартысын үстіне құйыңыз.
  3. Алмұрттың қабығын ашыңыз, сүйектерінен тазартыңыз, тілімдеп турап, бір бөлігін нан үстіне келесі қабат ретінде орналастырыңыз.
  4. Алмұрттың үстіне үккіштен өткізілген Гауда ірімшігін себіңіз.
  5. Рокфор ірімшігін шаршы етіп турап, жартысын бірінші қабаттың үстіне салыңыз.
  6. Ветчинаны тураңыз және үстіне салыңыз.
  7. Тағы да бір қабат нан салып, қалған шарапты құйыңыз.
  8. Үстіне алмұрт тілімдері мен үккіштен өткізілген Рокфорды салыңыз.
  9. Бөлек ыдыста сүт,қаймақ, жұмыртқа, тұз және бұрышты араластырыңыз. Қоспаны араластырыңыз. Оны пішінге қабаттардың үстіне құйыңыз.
  10. Духовканы алдын ала 200°C, 400°F температураға, 6-жану белгісіне дейін қыздырыңыз. Тағамды 20 минут пісіріңіз.
  11. Духовкадан алып, қалған 50 г сарымайды үстіне салып, сарғыш қабықша пайда болғанша тағы 20-30 минут пісіріңіз.
  12. Салатпен (зәйтүн тұздығы (зәйтүн майы, сірке суы, дәмдеуіштер және сарымсақ) қосылған маш-салат) және салқындатылған ақ сансер шарабымен ұсыныңыз.

Буда піскен теңіз тілі »

Тамаша диеталық балық тағамы, саумалдықпен ұсынылады

Мөлшері: 2
Дайындыққа кететін уақыт: 30 минут
Дайындау уақыты: 35 минут

Ингредиенттер:

  • 400 г теңіз тілі (кез келген теңіз не өзен балығымен ауыстыруға болады)
  • 2 ірі порей пиязы
  • 175 г зәйтүн майы
  • 50 г Дижон қышасы
  • тұз және қара бұрыш
  • 125 мл соя соусы
  • 40 г күнжіт дәні
  • 3 бөлік сарымсақ
  • 1 шай қасық үккіштен өткізілген зімбір тамыры
  • (немесе 2 шай қасық ұнтатылған зімбіл)
  • 1 орташа лимон

Дайындау әдісі:

  1. Үлкен кастрюльде су қайнатыңыз. Лимон қабығын талғамыңызға қарай салыңыз.
  2. Порея пиязының жапырақтарын бөліп алып, қайнаған суда булаңыз. Содан соң жапырақтарының жасыл түсін сақтап қалу үшін оны суық су құйылған ыдысқа салыңыз.
  3. Порей пиязының жапырақтарын тақтайға қойып, зәйтүн майын құйып, Дижон қышасын жағыңыз.
  4. Тұз, бұрыш қосылған теңіз тілін порей пиязының жапырақтарымен ораңыз. Оны 4 литрлік кастрюльге салып, қақпағын жабыңыз да, жұмсарғанша пісіріңіз.
  5. Бұл кезде күнжіт дәндерін табада қуырыңыз.
  6. Балық піскен соң, оны 4 литрлік қақпақты кастрюльден алып, жылы жерге қойыңыз.
  7. Туралған сарымсақ пен саумалдықты буда ас пісіруге арналған ыдыста шамамен 7 минут пісіріңіз.
  8. Саумалдықты ыдыстан алып, оны зімбір және соя соусымен араластырыңыз.
  9. Саумалдықты бірнеше тәрелкеге бөліп салыңыз. Әр тәрелкеге балық салыңыз. Үстіне қуырылған күнжіт дәнін себіңіз.

Папанази (құймақтар) »

Құймақтар

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 5 минут
Дайындау уақыты: 10 минут

Ингредиенттер:

  • 900 г үй ірімшігі
  • 50 г бидай ұны
  • 8 жұмыртқа
  • шай қасық тұз
  • 6 ас қасық қант
  • 2 шай қасық лимон қабығының үгіндісі
  • 120 мл өсімдік майы
  • 360 г қаймақ
  • 2 ас қасық ванилин

Дайындау әдісі:

Шыжылдай бастағанға дейін майда табада қыздырыңыз.

  1. Ыдыста ірімшік, жұмыртқа, қанттың жартысын, лимон қабығының үгіндісін және тұзды араластырыңыз. Қасықпен ыдыстағы аз-аздан алып, табаға салыңыз.
  2. Құймақтар екі жағынан да күйіп піскенге дейін қуырыңыз, шанышқымен тескенде олардың ішінен қамыр ақпауы тиіс.
  3. Қаймақты қалған қантпен және ванилинмен араластырыңыз.
  4. Пайда болған қоспаны құймаққа жағыңыз.
  5. Қаласаңыз, құймақтарды таңқурай не құлпынай соусымен бүркіп алыңыз.
  6. Ыстық күйінде ұсыныңыз.

Пияз соусы қосылған қуырылған майшабақ

Кілегейлі соус қосылған қуырылған майшабақ

Құрылымы тығыз скумбрия, ақ қанды сазан не көксеркені қолдануға да болады.

Мөлшері: 1-2
Дайындыққа кететін уақыт: 20 минут
Дайындау уақыты: 10 минут

Ингредиенттер:

  • 8 орташа балғын балдыркөк
  • 2 жұмыртқа
  • аунатылатын кептірілген нан
  • 4 ас қасық ұн
  • 3 жұқалап туралған пияз
  • cүт
  • қалауыңызша тұз
  • қалауыңызша қант
  • сарымай

Дайындау әдісі:

Майшабақ

  1. Балықты жуып, қылқандарынан тазартыңыз.
  2. Балықты 2 ас қасық ұнға, шикі жұмыртқаға және кептірілген нанға аунатыңыз.
  3. Табаға өсімдік майын/сарымай құйып, қуырыңыз.
  4. Пияз соусымен және піскен картоппен ұсыныңыз.

Пияз соусы

  1. Кастрюльде ӘЛСІЗ отта 2 ас қасық сарымайды ерітіңіз.
  2. Оған 2 ас қасық ұн, аздап сүт қосыңыз, қоспа біртекті және тегіс болуы қажет. Қоспа қоюланғанға дейін пісіріңіз.
  3. Оған пияз қосып,қайнағанға дейін жеткізіңіз.
  4. Тұз, қант қосыңыз.

Фрикаделькалар »

Скандинавияның барлық жерінде әзірленетін әйгілі тағам

Мөлшері: 2-4
Дайындыққа кететін уақыт: 15 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

Ингредиенттер:

  • 250 г бұзау еті
  • 250 г шошқа еті
  • 1 пияз
  • 200 мл сүт
  • 2 ас қасық ұн немесе
  • 100 г аунатылатын кептірілген нан
  • 1 жұмыртқа
  • қалауыңыз бойынша тұз және бұрыш

Дайындау әдісі:

  1. Бұзау және шошқа етін 4-5 рет еттурағыштан өткізіңіз.
  2. Тартылған етке аунатылатын кептірілген нан не ұн, сүт, жұмыртқа, пияз, тұз және бұрышты қосыңыз. Барлығын араластырыңыз.
  3. Дымқыл қолмен еттен кішкене шарлар жасаңыз.
  4. Табада аздап сарымай ертіңіз. Фрикаделькаларды түсі қоңырланып, қуырылғанға дейін ӘЛСІЗ/ОРТАША отта қуырыңыз.
  5. Картопппен және көкөністермен ұсыныңыз.

Хота »

Үрме бұршақ пен ашытылған қырыққабат қосылған сорпа

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 20 минут
Дайындау уақыты: 45 минут

Ингредиенттер:

  • 225 г сығылған ашытылған қырыққабат
  • 150 г сұйықтықсыз консервіленген қызыл үрме бұршақ
  • 300 г тілімдеп туралған картоп
  • 320 г ветчина не шошқа еті
  • 950 мл су
  • 2 бөлік сарымсақ
  • қалауыңыз бойынша тұз және бұрыш
  • 1 лавр жапырағы
  • 1 туралған орташа пияз
  • өсімдік майы
  • 2 шай қасық ұн
  • 175 мл қаймақ

Дайындау әдісі:

  1. Үлкен кастрюльге су құйып, оны қайнатыңыз. Оған ашытылған қырыққабатты, үрме бұршақты, картопты және етті салыңыз. Көкөністер жұмсарғанға дейін шамамен 20 минут пісіріңіз.
  2. Сарымсақ пен лавр жапырағын салыңыз. Тұз, бұрыш қосыңыз.
  3. Бұл уақытта ОРТАША отта пиязды шамамен 3 минут қуырыңыз.
  4. Оған үздксіз араластыра отырып үн қосып, тағы да 2 минут пісіріңіз.
  5. Кастрюльге пияз бен ұнды қосыңыз. Араластырып, барлығын ӘЛСІЗ отта шамамен 15 минут пісіріңіз.
  6. Пісіріп болған соң, қаймақты қосып, араластырыңыз. ӘЛСІЗ отта 2-3 минут бойы қыздырыңыз. Үстелге ұсынуға болады.

Картоп қосылған нәлім"Gomes de Sa"

Пеште қыздырып пісірлеген балықтан жасалған классикалық португал тағамы

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 35-45 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

Ингредиенттер:

  • 1 кг сүйексіз, ұзынынан туралған нәлім
  • 4 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 шаршы пішінде туралған үлкен пияз
  • 4 еттартқыш арқылы өткізілген сарымсақ бөлшегі
  • 1 шай қасық мускат жаңғағы
  • ақ бұрыш (талғамыңызға қарай)
  • 6 ірі картоп
  • 6 пісірілген жұмыртқа
  • ақжелкен (талғамыңызға қарай)

Дайындау әдісі:

  1. Пешті 200°C/400°F/6-жану белгісі температурасына дейін алдын ала қыздырыңыз.
  2. Картоп суында жұмыртқаларды пісіріңіз. Судан алыңыз.
  3. Тазартылған картопқа су құйып, дайын болғанша пісіріңіз. Суды төгіп тастап,  картопты жіңішке тілімше етіп тураңыз, содан соң тілімшелерді өлшемі шамамен 2,5 см x 2,5 см болатын бөліктер ұсақтаңыз. Барлық бөліктердің өлшемі бірдей болуы қажет.
  4. Табаға зәйтүн майын құйып, пияз бен сарымсақты аздап, түсі сарғыштағанға, бірақ қоңыр түске жеткізбей қуырыңыз.
  5. Жұмыртқаны тазалап, 5-еуін үлкен етіп тураңыз, ал 6-шы жұмыртқаны тағамды сәндеу үшін жіңішке шеңбер түрінде тураңыз.
  6. Пісірілген және ұзынынан туралған нәлімді картоп, жұмыртқа, пияз және сарымсақпен араластырыңыз, ботқаға айналдырып алмаңыз. Мускат жаңғағын, бұрыш пен ақжелекті қосыңыз.
  7. Егер қоспа тым құрғақ болса, құрамындағы азық-түліктер кастрюльге жабысып қалмас үшін аздап су қосыңыз.
  8. Қоспаны пісіру пішінен қасықпен салыңыз, үстіне сәндеу үшін жіңішке шеңбер түрінде туралған жұмыртқаны салыңыз.
  9. Фольгамен жауып, қоспа толықтай қызғанша 20 минут бойы пісіріңіз.

Голландтық көкөністен жасалған рагу

Дәстүрлі бұқтырылған ет қосылған қысқы ыстық тағам

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 20 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

Ингредиенттер:

  • 1 кг картоп
  • 500 г сәбіз
  • 500 г пияз
  • ¼ л ет сорпасы (не сорпа текшесінен жасалған сорпа)
  • 1-2 ас қасық сарымай не маргарин (талғамыңызға қарай қосыңыз)
  • ½ шай қасық бұрыш және тұз (талғамыңызға қарай қосыңыз)

Дайындау әдісі:

  1. Картопты тазалап, төртке бөліңіз және жуыңыз. Сәбіздің басын кесіп тастаңыз. Оны пышақпен тазалаңыз не арнайы көкөніске арналған пышақты пайдаланыңыз. Сәбізді кішкентай бөліктерге тураңыз (шамамен 2-3 см).
  2. Пиязды тазалап, оны ірі етіп тураңыз.
  3. Картоп, сәбіз және пиязды сорпа құйылған кастрюльге салып, қайнатыңыз. Шамамен 20 минут пісіріңіз.
  4. Картоп пісіп, жұмсарғанға шейін пісіріңіз. Кастрюльден артық сұйықтықты төгіп, тек қажетті мөлшерде қалдырыңыз.
  5. Сәбіз, картоп пен пиязды езгіш көмегімен езіп, араластырыңыз.
  6. Қаласаңыз, сарымай не маргарин және қажет болса, езбе крем құрылымына ұқсас болғанға дейін сүт не су қосыңыз. Қыздырып, тұз және бұрыш қосыңыз.

Бұқтырылған ет »

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 30 минут
Дайындау уақыты: 3. сағат

Ингредиенттер:

  • 500 г бұқтыруға арналған ет не 600-750 г сиыр еті тілімі
  • қалауыңыз бойынша тұз және бұрыш
  • 2-6 ас қасық сарымай (не маргарин)
  • 200 мл су
  • 1 сорпа текшесі (¼ литр сорпа даярлау үшін)
  • 3 ас қасық сірке суы
  • 1 ірі пияз
  • лавр жапырағы
  • 2 бөлік сарымсақ

Дайындау әдісі:

  1. Етті тұзбен және бұрышпен ысқылаңыз. Пиязды тазалаңыз және тураңыз.
  2. Сарымайды кастрюльде/табада қыздырыңыз.
  3. Еттің бір бөлігін кастрюльге салыңыз (онда ет кең орналасуы қажет) және КҮШТІ отта пісіріңіз. Етті астында қоңыр қабықша пайда болғанға дейін бір жағынан қуырыңыз. Етті келесі жағына ауыстырып, дәл солай қуырыңыз және тәрелкеге алып қойыңыз. Еттің қалған бөлігін дәл осы әдіспен әзірлеңіз де (қажет болса, тағы сарымай қосыңыз), тәрелке алыңыз.
  4. Кастрюльдегі қалған майда пиязды сарғыш түске дейін қуырыңыз. Су құйып, сорпа текшесін, сірке суын, лавр жапырағын және сарымсақ бөліктерін салып, қайнағанға дейін жеткізіңіз.
  5. Онда ет бөліктерін салып, қайнатыңыз. Содан соң, отты бәсеңдетіп, қақпағы жабылған кастрюльде етті ӘЛСІЗ отта бұқтырыңыз. Бұл үшін шамамен үш сағат уақыт қажет. 
  6. Сұйықтық қайнап кетпегенін тексеріп отырыңыз (еттің жоғарғы бөліктері жартылай суда сұйықтықта тұратындай етіп су құйыңыз), пісіру кезінде етті біртіндеп аударып тұрыңыз.
  7. 7. Көкөністен жасалған рагумен ұсыныңыз.

Ет пен картоп қосылған көмеш

Қарпайым, алайда дәмді классикалық британ тағамы

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 20 минут
Дайындау уақыты: 1–1½  сағат

Ингредиенттер:

  • 450 г тартылған ет
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 туралған орташа пияз
  • 100 г туралған сәбіз
  • 1 шай қасық туралған тасшөп
  • 1 ас қасық туралған ақжелкен
  • 1 ас қасық бидай ұны
  • 275 мл ет сорпасы
  • 1 ас қасық қызанақ езбесі
  • тұз және бұрыш

ТҰЗДЫҚ

  • 50 г үккіштен өткізілген Чеддер ірімшігі немесе қатты сұрыпты кез келген ірімшік
  • 900 г картоп
  • 50 г сарымай
  • тұз және бұрыш

Дайындау әдісі:

  1. Зәйтүн майын таба ОРТАША отта қыздырыңыз. Онда 5 минут бойы пиязды түсі қоңырланғанға дейін қуырыңыз.
  2. Туралған сәбізді қосып, 5 минут пісіріңіз. Көкөністерді алып, бөлек қойыңыз.
  3. Отты күшейтіңіз және туралған етті қуырыңыз. Тұз, бұрыш қосыңыз.
  4. Дайын көкөністерді, тасшөп пен ақжеленді қосыңыз. Содан соң, шырынды өзіне сіңіріп алатын ұн қосыңыз және барлық өнімдер астында қалатындай етіп сорпаны құйыңыз.
  5. Қызанақ езбесін қосыңыз. Отты ӘЛСІЗ деңгейге дейін төмендетіңіз, кастрюльді қақпағымен жабыңыз және шамамен 30 минут бойы бұқтырып қойыңыз.
  6. Бұл кезде картопты тазалап, бірдей бөліктерге бөліп, дайын болғанша пісіріңіз.
  7. Пешті 200°C/400°F/6-жану белгісі температурасына дейін алдын ала қыздырыңыз.
  8. Картоп піскен кезде, суын төгіп, оған сарымай қосыңыз. Картоп езбесін дайындаңыз. Дәмін татып, қажет болса, тұз және бұрыш қосыңыз.
  9. Тартылған етті жайпақ қаңылтыр табаға салып, үстін картоп езбесінің қабатымен жабыңыз. Үстіне ұнтақталған ірімшікті сеуіп, қабықша пайда болғанша пісіріңіз.

Солтүстік албырт балықтары қосылған сорпа

Балықтан жасалатын дәстүрлі скандинав сорпасы

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 15 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

Ингредиенттер:

  • 1 албырт сүбесі (500-600 г)
  • 1 ¼ литр су
  • 1 кг картоп
  • 2 пияз
  • 200 мл қаймақ
  • 1 шай қасық тұз
  • 10 тал қара ұнталмаған бұрыш
  • 3 ас қасық ұнталған аскөк
  • 3-4 ас қасық сарымай

Дайындау әдісі:

  1. Картопты тазалап, шаршы пішінес етіп тураңыз.
  2. Әр пиязды 4 бөлікке бөліңіз.
  3. Кастрюльге су құйып, тұз, бұрыш, пияз және туралған картопты салыңыз. Қайнағанға дейін жеткізіп, ӘЛСІЗ отта 15 минут бойы пісіріңіз.
  4. Албырт сүбесін 6-8 бөлікке бөліңіз.
  5. Кастрюльге қаймақ пен ұнтақталған аскөкті салыңыз. Сүбе бөліктерін салып, тағы 5 минут бойы пісіріңіз.
  6. Сарымай қосыңыз және қалған аскөкпен әсемдеңіз.

Паста »

Қарапайым, бірақ итальян классикалық тағамының тамаша рецепті

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 15 минут
Дайындау уақыты: 20 минут

Ингредиенттер:

  • 450 г паста (макарон өнімдері)
  • 6 піскен рим қызанағы/сопақша пішінді қызанақ
  • 60 мл алғашқы суық суы сарқылған зәйтүн майы
  • 1 ас қасық орегано
  • 1 шай қасық майоран
  • ¼ шай қасық ұнтақталған қызыл бұрыш
  • 250 г туралған қара зәйтүн
  • 65 г каперс
  • 4 ұнтақталған сарымсақ бөлігі
  • 10 тал туралған анчоус
  • 6 пьемонт/швейцар/эмменталь ірімшігінің жіңішке тілімі

Дайындау әдісі:

  1. Қызанақты табаға салып, зәйтүн майын құйыңыз және әлсіз отта бұқтырыңыз.
  2. Су қайнатып, қайнаған суға макаронды салыңыз.
  3. Қалған қоспаларды қызанақтан жасалған соусқа біртіндеп ағаш қасықпен араластыра отырып салыңыз.

Шие қосылған вареник

Десерттік шие қосылған клецки

Мөлшері: 4
Дайындыққа кететін уақыт: 30 минут
Дайындау уақыты: 5–7 минут

Ингредиенттер:

  • 400 г ұн
  • 1 жұмыртқа
  • ¾ стакан су
  • шымшым тұз
  • 1 шай қасық зәйтүн майы
  • 800 г шие
  • ½ стакан қант
  • 3 ас қасық картоп крахмалы
  • 200 г қаймақ

Дайындау әдісі:

  1. Шиені сүйегінен тазалап, оның шырыны шығару үшін қантпен және крахмалмен араластырыңыз.
  2. Ыдысқа су, жұмыртқа, ұн, май және тұз салыңыз. Қамыр илеп, оны ыстық кастрюльмен жауып қойыңыз. Қамыр жабық күйінде шамамен 10 минут тұруы қажет.
  3. 10 минуттан соң қамырды тең үш бөлікке бөліңіз. Әрқайсысын қалыңдығы саусақпен бірдей болатындай шұжық пішініне келтіріп, қалыңдығы бірдей бөліктерге бөліңіз.
  4. Ұн себілген тақтайшада әр бөліктен шеңбер (шелпек тәрізді) жасаңыз.
  5. Шеңбердің ішіне 3-4 жидек салып, екі бүктеп, шеттерін ашылып кетпейтіндей етіп, бір-біріне жабыстырыңыз. Жарты шеңбер пішіндес, ішінде салмасы бар шелпектер варениктер деп аталады.
  6. Кастрюльдегі суға кішкене тұз салып, қайнатыңыз. Қайнаған суға варениктерді салып, 5-7 минут пісіріңіз.
  7. Варениктерді суытып, қаймақпен ұсыныңыз.

Қуырылған тауық »

Диеталық көкөніс қосылған тауық балапаны

Мөлшері: 4–6
Дайындыққа кететін уақыт: 20 минут
Дайындау уақыты: 1 сағат

Ингредиенттер:

  • 6 тауық қанаты, 6 тауық саны
  • 4 орташа картоп
  • 2-3 орташа сәбіз
  • 2 орташа пияз
  • Тауық етіне қалаған көкөністеріңізді қоса аласыз

Дайындау әдісі:

  1. Тауық қанаттары мен сандарын жуып, ыдысқа салып, қақпағын жауып қойыңыз.
  2. ОРТАША отта 10 минут бойы пісіріңіз, содан соң, шырыны бөліну үшін отты ӘЛСІЗ деңгейге дейін төмендетіңіз.
  3. Бұл кезде картопты тазалап, асқа қосқыңыз келетін көкөністерді дайындап қойыңыз.
  4. Тауық қанаты мен саны орналасқан ыдысқа салыңыз.
  5. Даярлау кезінде су, тұз және бұрыш қоспаңыз. Тағамды жеуге ұсынар алдында қалауыңызша дәмдеуіштер қосуыңызға болады.
  6. Шырынның барлығы буға айналып, еттің бөліктері толығымен қуырылғанға дейін пісіріңіз.