image/png;;;amway2.png

 

"Арман мен шынайылықтың арасында әрекет етуге ТАЛПЫНЫС пен арманның орындалуына СЕНІМ тұрады".

Рич ДеВос, Amway компаниясының негізін қалаушы

  • Елестетіңіз – өз болашағыңызды бүгіннен ойлаңыз
  • Сеніңіз – Сіздің қолдауыңыз
  • Өз мүмкіндігіңізді ашыңыз
  • Байқап көріңіз – бұл сіздің қолыңыздан келеді
  • Тәжірибе алыңыз – Бұдан да артық табыстарға қол жеткізе аласыз!
  • Жетістікке жетіңіз – табыстың шексіз мүмкіндіктері
  • Алға! Болашақ қазірден басталады

Елестетіңіз – өз болашағыңызды бүгіннен ойлаңыз

image/jpeg;;;333277.jpg

Татьяна, 27 жаста,
Amway Тәуелсіз Кәсіпкері,
2009 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Өз болашағыңызды бүгіннен ойлаңыз

Өзіңізге және ертеңгі күніңізге сеніммен қарай алатын болашағыңызды елестетіп көріңіз. Бизнестен қосымша  табыс таба отырып, өзіңізге барлық армандарыңызды жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Алдыңғызға мақсат қоясыз да, соған жетесіз. Мүмкін болмайтын еш нәрсе жоқ.  

Қоршаған ортаға деген қамқорлық пен махаббатқа негізделе отырып жасалатын өнімді елестетіп көріңіз. Біздің өніміміз кез келген жағдайда пайдалы болады, себебі ол келесі санаттарда ұсынылған:

сұлулық,
денсаулық,
үй.

Қалаған нәтижеге
жетуге мүмкіндік беретін қарапайым және түсінікті, тәуекелдік деңгейі төмен бизнесті елестетіп көріңіз.  

Өзіңізді Amway Тәуелсіз Кәсіпкері ретінде елестетіп көріңіз!

Сеніңіз – Сіздің қолдауыңыз

image/png;;;126002.png

Кирати, 28 жаста,
Тай мейрамханасындағы клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі қызметкер,
2011 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Сіздің қолдауыңыз

Amway бизнесінде алғашқы қадамдар жасай отырып, қойған мақсаттарына жеткендердің жағымды тәжірибесін қабылдайтын боласыз. Сіз тәуелсізсіз, бірақ жалғыз емессіз. 
Amway бизнесімен танысу Сіз үшін өзге Amway Тәуелсіз Кәсіпкері Amway бизнесінің мүмкіндіктері туралы сізге айтқан кезден басталады. Бұл адамнан бизнесті бастау және дамыту туралы кеңестер ала аласыз.

Сату саласында тәжірибеңіз болуы міндетті емес. Қандай мамандық иесі болсаңыз да, тәжірибеңіз  аз болса да, Amway компаниясымен жетістікке жетудің жеке өзіндік жолын табатын боласыз. Өзіңе  сенсең, жетістікке жету оп-оңай.

Өз мүмкіндігіңізді ашыңыз

image/jpeg;;;www_4.jpg

Маркус, 40 жаста, Банк қызметкері,
1996 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Дамытыңыз – енді Сіз бизнес жасаудасыз!

«Алғашқы жылды өнімдермен толық танысып, маған үнемі тапсырыс жасайтын клиенттер базасын қалыптастыруға арнадым. Бұл мақсатымды сәтті орындаған соң, бизнесті әрі қарай дамытуға көштім.

Ең басында өте жігерлі болдым. Amway академиясы ұсынған қашықтан оқыту курстарынан өттім және Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлерімен сөйлестім. Бірте-бірте бизнеске өзге адамдарды тартудың артықшылығын түсіне бастадым. Енді менің өзімнің серіктестер тобым бар және сату көлемі жалғыз жұмыс істеген кездегімен салыстырғанда әлдеқайда жоғарылады. Алға жылжып келе жатқаныма еш күмәнім жоқ»

Байқап көріңіз – бұл сіздің қолыңыздан келеді

image/jpeg;;;327205.jpg

Анна, 39 жаста Хормейстер,
2006 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Байқап көріңіз – бұл сіздің қолыңыздан келеді!

«Жолдасым екеуміз Amway бизнесін бастауға бел буған кезде оны  қосымша табыс көзі ретінде қарастырдық. Мен – анамын және менің балаларымда тек ең жақсының болғанын ғана қалаймын.

Amway бизнесінде бізді өз болашағыңды таңдау мүмкіндігі, өз өміріңді жақсарта түсі мүмкіндігі қызықтырды. Бізді осы бизнеспен таныстырған адамның тек қана табыс тауып қана қоймайтынын, өзі ісін жақсы көретінін байқадық. Біздің де жолымыз болады деп ойладым. Және дұрыс ойладым – барлығы ойдағыдай болды! Бүгін менің өміріме тамаша сай келетін белгіленген жұмыс тәртібім және одан әрі алға жылжуға деген мақсатым бар. Ең бастысы – мен өз ісімізді мақтан тұтамын».

Тәжірибе алыңыз – Бұдан да артық табыстарға қол жеткізе аласыз!

image/jpeg;;;www_5.jpg

Мартин, 39 жаста, Кәсіпкер,
1994 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Тәжірибе алыңыз – Бұдан да артық табыстарға қол жеткізе аласыз!

«Бизнеске алғаш келгенімде сату саласында еш тәжірибем болмаған еді. Алайда, мен өз өмірімнің қожайыны болғым келді, Amway сату және маркетинг жоспарының жұмыс істеу жолымен танысқан кезімде, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге шешім қабылдадым. 

Мен уақытпен санаспай, жан аямай жұмыс істедім, ал қазір сол еңбегімнің жемісін жинап отырмын. Бұған қоса, мен өзімнің өзіме ғана жұмыс істеу арманымды жүзеге асырдым. Менің қомақты табыс қана алып қоймай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі экзотикалық елдерге бизнестік саяхатқа шығу түріндегі қосымша артықшылықтарды пайдаланып келемін.

Жетістікке жетіңіз – табыстың шексіз мүмкіндіктері

image/jpeg;;;327219.jpg

Катаржина, 35 жаста, Ветеринар
Томаш, 36 жаста, Сату бөлімінің басқарушысы
2004 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Жетістікке жетіңіз – табыстың шексіз мүмкіндіктері

Әрекет ету қандай тамаша! Егер өз өміріңізде бір нәрсені өзгерту (көбірек қаржылық мүмкіндіктерге ие болу, өзіңіздің жұмыс және жеке уақытыңызды өз еркіңізбен пайдалану бостандығы, тәуелсіздік) туралы ойланған болсаңыз, онда Amway бизнесі дәл сізге арналған болуы мүмкін.

Amway бизнесті қомақты қаржы мен үлкен қауіпсіз бастауды ұсынады. Дәстүрлі бизнестегідей акция мен сауда аумақтарын сатып алу үшін қомақты қаржы жұмсаудың еш қажеті жоқ және барлық өнімдердің кеңейтілген Сапа кепілдіктері бар.

Оқу, тәжірибе және клиенттік базаны дамытуға біраз уақыт бөліңіз, содан соң өз мақсатыңызды анықтап, соған қарай жүріңіз. Бұл бизнестің мүмкіндіктері шексіз және Amway Сіздің жетістігіңіздің әр сатысында
Сізге қолдау көрсетіп, әрдайым – бірінші клиентіңіз пайда болғаннан бастап, алғашқы сыйақыңызды алғанға дейін және әрі қарай да сіздің жаныңызда болады.

Алға! Болашақ қазірден басталады

image/jpeg;;;www_6.jpg

Пьетро, 54 жаста,
Amway Тәуелсіз Кәсіпкері,
Антонелла, 53 жаста,
Amway Тәуелсіз Кәсіпкері,
1987 жылдан бері Amway компаниясымен бірге

Алға! - болашақ қазірден басталады

Біздің www.amway.kz сайтымыз Сізді Аmway компаниясымен таныстырады және Сіз өзіңіздің болашағыңызға әсер етуі мүмкін  ой елегінен өткен шешім қабылдай аласыз. Компанияның философиясы,  өнімдері және әрбір Amway Тәуелсіз Кәсіпкері алатын қолдау жөнінде ақпарат аласыз.

Егер осы қадамды жасауға дайын болсаңыз, сізді осы бизнеспен таныстырған   Amway Тәуелсіз Кәсіпкеріне (Сіздің ақпараттық демеушіңізге) хабарласыңыз. Ол Сізге бизнесті бастап, алғашқы тапсырысыңызды жасауға көмек береді. Біздің өніміміздің сапасының жоғарылығына өзіңіз көз жеткізіңіз және Демеушіңізден өзіңіздің ықтимал клиенттеріңіз үшін презентациялар өткізу әдістерін үйреніңіз.

Шексіз мүмкіндіктер әлеміне қош келдіңіздер!
Басқару тұтқасы Сіздің қолыңызда! Бар керегі – ынта, қуат және ықылас. Басқаның бәрін жасауға Сізге Amway көмектеседі.
 

Amway бизнесін бастау