Amway сату және маркетинг жоспары

Біз Amwayде қажырлы еңбек лайықты марапатталуы тиістігіне сенеміз.

Amway сату және маркетинг жоспары сізді өнімдер сатқаныңыз және Amway бизнесіне басқаларды да осылай жасауға – өнімдерді сатып алу және түпкі тұтынушыларға сату, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетуге тартқаныңыз үшін сыйақымен марапаттайды.

Кіріс алу тәсілдері*

Сатып алушыларға сатудан түскен пайда

Сіз Amway Тәуелсіз Кәсіпкерінің жеңілдігімен өнімдерді сатып ала және оны каталог бағасы бойынша сатып алушыларға сата отырып, өзіңіздің алғашқы кірісіңізді аласыз.

Жеке жетістіктер үшін төлемдер

Сіз жеке пайдалану үшін және сатып алушыларға сату үшін өнімдерді сатып алып, төлемдер аласыз. Жеке жетістіктер үшін ай сайынғы төлемдер сіздің өнімділігіңізге байланысты тауар айналымының 3-тен 21%-на дейін құбылады. Сіз, серіктестеріңіз және тіркелген клиенттеріңіз өнімді неғұрлым көбірек сатып алып және сатқан сайын, сіз де сатудан түсетін пайдаға қосымшаны соғұрлым көбірек аласыз.

Тіркелген клиенттерге қызмет көрсеткені үшін бонус

Сіз өнімдер бойынша консультация беретін сіздің тіркелген клиенттеріңіз сатып алған өнім көлеміне байланысты төленеді.

Amway ұзақмерзімді бизнесін дамыту

Басқаларға табысқа жетуге көмектесіңіз, сіз де көшбасшылық және топтар құрғаныңыз үшін ай сайынғы және жылдық төлемдер, сондай- ақ бизнеске тартқаныңыз, серіктестеріңізді жүйелі ақпараттық қолдағаныңыз үшін қосымша төлемдер мен көтермелеулер аласыз. Сіздің төлемдердің бен біліктілігіңіздің деңгейі бір айда жинаған ұпайлар санына байланысты анықталады. Әр өнімге белгілі бір ұпай баламасы берілген.

Сіз және Сіздің тобыңыз бір күнтізбелік ай ұзақтығында алған Аmway барлық өнімдері ұпайларының жалпы сомасы осы айға төлемдердің бесептеу үшін пайыздық деңгейді анықтайды.

Мысалдан қараңыз

Амвэй тәуелсіз кәсіпкері атанып, Сіз Аmway Академиясы* бөліміндегі оқыту материалдары мен бағдарламаларына қатынау мүмкіндігіне ие боласыз. Осы аспаптардың көмегімен сіз қажетті машықтар мен білім алып және олардың табысты түрде дамытып отыра аласыз.

Amway ынталандыру бағдарламалары

Белсенді жеңілдіктер

бұл Amway Тәуелсіз кәсіпкерлеріне тұрақты тауар айналымы мен үнемдеуге көмектесетін ай сайынғы бағдарлама. Ұпайлардың белгілі бір санына жүйелі түрде тапсырыстар орналастыра отырып, Сіз өнімге жеңілдік аласыз.

Бизнестің өсу бағдарламасы

бұл түрлі деңгейдегі АТК үшін қосымша бонустар алу және әлемнің түрлі бұрыштарына қызықтырарлық іскерлік сапарларға қатысу мүмкіндігі. Бұл үшін де сату және бизнесті дамыту бойынша белгілі бір шарттарды орындау қажет.

* Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде салық органдарында тіркелген Amway Тәуелсіз кәсіпкерлері ғана өнімдерді сатудан кез келген кіріс және ақшалай түрдегі сыйақы алуға құқылы.