ARTISTRY "1+1=0" әжім теріні жасарту жүйесі Лифтинг-әсер жинағыARTISTRY "1+1=0" әжім теріні жасарту жүйесі Лифтинг-әсер жинағы
Loading the player...

ARTISTRY "1+1=0" әжім теріні жасарту жүйесі Лифтинг-әсер жинағы

Артикул: 303419| Салмағы/көлемі:: 1 жинақ
  • Жаңалықтар
    Жаңалықтар
  • Каталог бағасы: 88,007.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Терінің қартаюынан қашып құтылу мүмкін емес. Бірақ оны баяулатуға болады. Тері қартаюының барлық сыртқы белгілерімен күресуге болады және күресу керек. Және тері сұлулығына ертерек қарқынды күтім көрсетсеңіз, оның нәтижесі де тиімдірек болмақ.

Дәл осы мақсатта Artistry™ көшбасшы мамандары "1+1=0 әжім" теріге күтім көрсету қартаюға қарсы жүйесін әзірледі. Осы жүйенің екі компоненті — сарсу мен крем — теріге екі бағытта: терең қабаттарға және тері бетіне әрекет етіп, тері қартаюының сыртқы белгілерін жеңуге көмектеседі.
Сарсу мен крем теріге әртүрлі әрекет етеді және бірге қолданылуы керек, себебі қартаюмен күресудегі тиімді нәтиже дәл осылай қамтамасыз етіледі.

1-қадам. Сарсу
Сарсу формуласы терінің терең қабаттарына еніп, проблеманы бағдарлы шешеді.

2-қадам. Крем
Сарсудан кейін қолданылады, негізгі ингредиенттердің әрекетін бекітеді, теріні қорғап, нәрлендіреді.

"1+1=0" әжім ТЕРІНІ ЖАСАРТУ ЖҮЙЕСІ Кемелденген теріге арналған лифтинг-әсер
Кемелденген теріге жоғары дәрежеде тиімді күтім жүйесі. Ұсақ және терең әжімдерді тегістеуге және бет сопағын түзетуге көмектеседі. Тері балғын әрі жас көрінеді, сыртқы түрі жарқырай түседі.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ сарсуы
ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жеке сарсуы база мен концентраттардан тұрады. База концентраттардың 175%-ға1 дейін енуін жақсартады, сондай-ақ Nutrilite™ органикалық фермаларынан алынған, қуатты антиоксиданттар болып табылатын фитонутриенттердің2 жоғары концентрациясын қамтиды.

Лифтинг-әсер жүйесінде базаны 3 концентратпен толықтырыңыз: бекіткіш, әжімдерге қарсы және тері реңкін жарқырататын және тегістейтін.

Бекіткіш концентрат
Серпінділікті арттыру технологиясы терінің тірек жүйесі құрылымдық элементтерін серпінді және иілгіш етіп қана қоймай, олардың тұтастығын сақтайды. Қызыл уылдырық сіріндісі теріні айтарлықтай бекітіп, тарттырады. Әйелдердің 92%-ы3 тері иілгіштігінің жақсарғанын байқады.

Әжімдерге қарсы концентрат
Технологиялар мен ингредиенттер кешені, оның ішінде әжімдерді азайту технологиясы мен қарапайым Жерорта теңізі миртінің жапырақтарынан алынған LifeSirt* өсімдік сіріндісінің арқасында мимикалық және жас ерекшеліктеріне қарсы әжімдердің көрінуі төмендейді. Тіпті, терең әжімдерге әсер етеді. Әйелдердің4.

81%-ы мимикалық және жас ерекшелігіне қарсы әжімдердің азайғанын байқады4.

Тері реңкін жарқырататын және тегістейтін концентрат
С дәрумені мен ақ чиа дәндерінің сіріндісі арқасында пигменттік дақтардың пайда болуын айтарлықтай тегістейді. Әйелдердің 100%-ы пигменттік дақтардың өлшемінің азайғанын атап өтті5. Жалпы тері реңкі тегісірек көрінеді.

ARTISTRY YOUTH XTEND™ Ultra крем-лифтингі
Сарсуды пайдаланған соң теріге ARTISTRY YOUTH XTEND™ Ultra крем-лифтингін жағыңыз. Бұл қарқынды ылғалдандырғыш және нәрлендіргіш крем тері серпінділігін жоғалтумен күреседі, беттің тегіс сопағын қалпына келтіруге көмектеседі, құрғақтық сезімінен күні бойы арылтады.

Ши майы мен натрий гиалуронаты қарқынды ылғалдандырып, ылғалды терінің ішінде ұстап қалады. Үндістандық женьшень сіріндісі терінің жас әрі жарқырап көрінуіне көмектеседі. Қызыл уылдырық сіріндісі бар кешен жиналып қалған зақымдардың белгілерін азайтып, терінің сау түсі мен серпінділігін қайтарады.

(1) «Амвэй» компаниясы үшін жүргізілген № RPT-CS-17-005; 26-қосымша аналитикалық зерттеуінің деректері бойынша. 
(2) Тері күтіміне арналған Artistry™ желісінің өнімдері ішінде. 
(3) Зерттеумен дәлелденген: Customer Measurements (№ RPT-013-16-ASC, n=36 алдыңғы қатарлы визуализация және өлшеу әдістерімен жасалған зерттеу).
(4) Базамен араластырған кезде. MarketVision № 16-0875, n-173 зерттеуі. 
(5) Artistry Sinature Select™ сарсуы: терінің беткі қабаттарына әсері зерттеуі; 60-қосымша.

*Лайфсерт.

КҮТІМ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ИНГРЕДИЕНТТЕРІ

С ДӘРУМЕНІ
Теріні белсенді ағартады. Пигменттелуді азайту технологиясы теріні тегістеп, реңкін жарқыратады.

НАТРИЙ ГИАЛУРОНАТЫ
Теріні ылғалдандыруға көмектеседі және фибробластардың жұмысын ынталандырады, қартаю процесін баяулатады.

ФИТОНУТРИЕНТТЕР
Антиоксиданттар болып табылады, бос радикалдармен күреседі және қартаюға кедергі жасайды.

ҚЫЗЫЛ УЫЛДЫРЫҚ СІРІНДІСІ
Кемелденген теріні қалпына келтіру процесін ынталандырып, серпінді ете түседі.

ГИДРОПРОБИОТИКТЕР
Тері микробиомын қалпына келтіреді және оның қорғаныс тосқауылын бекітеді.

LIFESIRT* ӨСІМДІК СІРІНДІСІ
Тері микробиомын қалпына келтіреді және оның қорғаныс тосқауылын бекітеді.

*Лайфсерт.

1-қадам. Сарсу
Тері бетінің терең қабаттарындағы тері проблемаларын бағдарлы шешеді

Концентратты тікелей теріге жақпай, әрқашан базамен араластыру керек.

Араластыру процесі:

  1. Жеке сарсу құтысының қақпағын алып тастаңыз.

  2. Таңдаған концентратыңызды жеке сарсу құтысына жалғап, тоқтағанға дейін оңға қарай мұқият бұрыңыз. Сосын концентрат ыдысын белсендіру үшін солға қарай бұраңыз. Содан соң концентрат ыдысын алып тастаңыз.

  3. Таңдалған басқа концентраттар үшін В қадамын қайталаңыз.

  4. Жеке сарсу құтысын помпа-мөлшерлегіш түріндегі қақпақпен жабыңыз. Қақпақты құты тығыз жабылатындай етіп мұқият бұраңыз.

  5. Өнімнің толық араласуы үшін, жеке сарсу құтысын 60 секунд бойы шайқаңыз.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ аралас жеке сарсуын қолдану әдісі:
Күніне екі рет, таңертең және кешке 2 тамшыны тазартылған теріге жағып, жоғарыдан төмен қарай бетке түгел жұмсақ уқалап араластырыңыз.

Үшінші тамшыны, сіздің ойыңызша, қосымша күтімді қажет ететін бет аймақтарына жағыңыз. 

2-кезең. Крем
Теріні сыртынан қорғап, нәрлендіреді.

Крем-лифтингті сарсудан кейін бет пен мойынның терісіне жеңіл айналма қимылмен біркелкі жағыңыз. Көзге түсуінен сақтаныңыз.

Узнать больше ARTISTRY™
Барлық өнімдерді қарап шығу ARTISTRY™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.