Glister™ Smart Sonic*  Электрлік тіс шөткесіGlister™ Smart Sonic*  Электрлік тіс шөткесі
Loading the player...

Glister™ Smart Sonic* Электрлік тіс шөткесі

Артикул: 302728| Салмағы/көлемі:: Корпусының өлшемі: 27,8*27,8*248,6 мм. Салмағы: шамамен 115 г
  • Бестселлеры Amway
    Бестселлеры Amway

Любимые товары для любимых https://www.amway.kz/ru/bestsellers

  • Каталог бағасы: 62,660.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Glister™ Smart Sonic электрлік тіс шөткесі сезімтал тіс пен қызыл иекті тазартып, ағартып, тегістеп, мұқият күтім жасап қана қоймайды. Ол тісті қалай дұрыс тазалау керектігін де үйретеді, нақты уақыт режимінде тазалау сапасын мұқият бақылайды және GLISTER™ Smart деп аталатын арнайы мобильдік қолданбаның көмегімен қателерді түзетуге көмектеседі. Glister Smart қолданбасын App Store және Google Play дүкенінен жүктеп алуыңызға болады.

Glister™ Smart Sonic электрлік тіс шөткесінің тазалау сапасы жәй тіс щөткесіне қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі клиникалық тұрғыда дәлелденген**.

Пайдаланушы нұсқаулығы (PDF жүктеу, 3 Mb)

* Cмарт Соник 
** «СОҒЗИ және ЖБХ» туралы ФМБМ тұжырымына сәйкес, бөлек керек-жарақтары мен жинағы және 2 ауыспалы қондырмасы бар «Amway™ Glister™ Smart Sonic» электрлік тіс щөткесінің (1741-03 үлгісі) клиникалық зерттеулер протоколы, 2018 ж.

GLISTER™ Smart Sonic электрлік тіс шөткесінің жинағы:

- Қаптамадағы 2 тазарту қондырмасы;
- 1 щөтке корпусы;
- 1 USB кабелі бар қуаттандыру док-станциясы;
- 1 пайдалану нұсқаулығы;
- 1 кепілдік талоны;
- 1 адаптер.

Шөткенің номиналды қуаты: 2,0 Вт.

Ылғалға төзімділік класы: IPX7.

Батарея қуаты: 800 мА/сағ.

Қуаттандыру тәсілі мен ұзақтығы: сымсыз, шамамен 8 сағат.

Кепілдік: 12 ай.

Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасының негізгі басымдылықтары

1. Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасы әдеттегі тіс щеткасымен салыстырғанда сапалырақ тазалауды қамтамасыз ететід*.

Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасының тиімділігін тазартқыш басының жоғары жиілікті айналуы қамтамасыз етіп, нәтижесінде ауыз қуысына кешендік әсер етіледі. Ол механикалық қираудан және тазартқыш бастың қозғалмалы қылшақтарына тигенде тіс өңезінен, сондай-ақ, ирригациялық әсерден немесе сұйықтық динамиктің әсерінен (fluid dynamics) құралады: дірілдің жоғары жиілігі тістердің бетіндегі микроорганизмдерге гидродинамикалық қысым беретін сұйықтықтың көп бағыттағы ағындарын (сілекей, су және тіс пастасының қоспасы) жасайды. Бірнеше зерттеуге сәйкес, осындай әсер тазартқыш баспен [1–3] тікелей физикалық әрекеттеспейтін 3 мм аралығындағы аймақты тазартуға көмектеседі.

Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасының тазартқыш басы минутына 35 000 қозғалысқа дейін орындай алады, ол 20–20 000 Гц дыбыс диапазонындағы адам ести алатын аралықтағы ~ 292 Гц жиілікке тең. Бұл адам мануалдық тіс щеткасын пайдаланғанда орындалатын қозғалыспен (минутына 250–350) салыстырғанда 100 есе көп. Мұндай жиілік ауыз қуысының тиімді әрі ұқыпты тазартылуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген көрсеткіштер стробоскопиялық және осциллометриялық әдіс арқылы расталған.

* Стоматология және жақ-бет хирургиясының ОҒЗИ-да клиникалық зерттеулер нәтижесінде расталған.

1) Stanford C. M., Srikantha R., Wu C. D. Efficacy of the Sonicare toothbrush fluid dynamic action on removal of human supragingival plaque //The Journal of clinical dentistry. – 1997. – Т. 8. – №. 1 Spec No. – С. 10-14.
2) Johnson B. D., Mclnnes C. Clinical evaluation of the efficacy and safety of a new sonic toothbrush //Journal of periodontology. – 1994. – Т. 65. – №. 7. – С. 692-697.
3) Parini M. R., Pitt W. G. Removal of oral biofilms by bubbles: the effect of bubble impingement angle and sonic waves //The Journal of the American Dental Association. – 2005. – Т. 136. – №. 12. – С. 1688-1693.

2. Тұтынушылардың тұрғылықты мекендеріне сәйкес тіс қатпарларының ерекшелігіне тікелей әсер ететін диета жасалады. Сондықтан, Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасы тікелей Ресейдегі стоматология және жақ-бет хирургиясының ОҒЗИ-да клиникалық сынақтан өтті.

3. Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасы сезгіштігі жоғары тістерді тазартқанда жарақаттану ықтималдылықтарын азайтуға мүмкіндік беретін Sensitive режимін қоса, тазартудың бес режимі бар*.

Clean, Soft және Sensitive — күнделікті пайдалануға ұсынылған негізгі режимдер. Ол тұрақты қозғалыс жиілігіне ие және тіс пен иектің әртүрлі сезгіштігі бар адамдарға арналған. Тазартқыш бас қылшақтардың ең көп қозғалысын Clean (~ 35 000) режимінде орындайды. Егер пайдаланушы осы режимде жайсыздық байқаса, Soft (минутына 32 000 қозғалыс) немесе Sensitive (минутына 28 000 қозғалыс) режимін пайдаланып көру ұсынылады. Sensitive режимі арқылы тісті күнделікті тазарту уақыты артуы мүмкін екенін ескертеміз. Қосымшадағы нұсқауларды орындаңыз.

White және Polish режимдері функционалды болып табылады және тістердің қосымша тегістігі мен ақтығына қол жеткізу мақсатында жиі пайдаланылмауға арналған. White режимінде шөтка бас дірілінің жиілігін минутына 42 000 қозғалыстың ең көп моменттік жиілігіне дейін бірқалыпты арттырады. Сондай-ақ, Polish режимінде тазартқыш баста айнымалы жиілік бар, бірақ ең көп моменттік жиілік 34 000 шамасынан аспайды. Ең көп тиімділік үшін, берілген режимдерді қосымшадағы нұсқауларға сәйкес пайдалану ұсынылады. Нұсқауларды бұлжытпай орындасаңыз, щеткаға әр пайдаланғанда толық тазарту циклін орындауға мүмкіндік береді.

* Стоматология және жақ-бет хирургиясының ОҒЗИ-да клиникалық зерттеулер нәтижесінде расталған.

4. Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасын және оларға арналған саптамаларды Ресейдің стоматологиялық ассоциациясының сарапшылары растады.

5. Glister™ Smart Sonic электр тіс шөткасы зарядтау уақытын 8 сағатқа дейін қысқартып, құрылғының пайдалану уақытын 4 аптаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа модельді литий-ионды аккумулятормен жабдықталған (Bluetooth арқылы қолданбамен жалғанғанда «Тазарту» режимінде күніне 2 рет 2 минут пайдаланғанда 8 сағат бойы толық зарядтағаннан кейін құрылғының батареядан жұмыс істеу уақыты).

Осы көрсеткіштер ресейлік нарықтағы атақты брендтердің осыған ұқсас көпішілік құрылғыларының осындай параметрлерінен асады.

6. Щеткаға кірістірілген датчиктермен Bluetooth арқылы Glister™ Smart Sonic тіс шөткасымен синхрондалған Glister Smart мобильдік қолданбасы шөтканың әрбір қозғалысын дәл есепке алып, тазартудың сапасы мен ұзақтығын бақылауға мүмкіндік береді. Қолданба пайдаланушының физиологиялық ерекшеліктері мен әдеттеріне негізделіп, тістерді тазалаудың оңтайлы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ол Android және iOS жүйесіндегі құрылғыларға оңтайландырылып, орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді.

7. IPX7 судан қорғаудың жоғары деңгейі мен саптаманы ауыстыру индикаторы шөтканың суға кездейсоқ құлап кетуінен сақтанбауды қамтамасыз етіп, саптаманы ауыстыру қажеттілігі туралы еске салып, құрылғының пайдаланушысына қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Тісті күніне кемінде 2 рет 2 минуттан тазалап тұрған дұрыс. 

Шөткенің қызыл иекке қатысты бұрышы шамамен 45 градус болуы керек, шөткені тіске қатты баспай, жай ғана тигізіп ысқыласаңыз болғаны. 

Тісті тазалап болғаннан кейін, тіс шөткесін ағын сумен бірнеше секунд шайып, тез құрғайтын орынға қойып қойыңыз.

Сонымен қатар ауыз қуысына кешенді түрде күтім жасау керек, сондықтан тісіңізді тазалағаннан кейін, тіс жібін қолданыңыз, сондай-ақ тіс өңезін, тамақ қалдықтарын және тіс арасындағы ластықты кетіру үшін және ауыздағы бактериялық өңезді азайту үшін GLISTER™ шайғышын пайдаланған жөн.

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.