ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ «Ағарту» жинағыARTISTRY SIGNATURE SELECT™ «Ағарту» жинағы
Loading the player...

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ «Ағарту» жинағы

Артикул: 123755| Салмағы/көлемі:: 1 жинақ
  • Бестселлеры Amway
    Бестселлеры Amway

Любимые товары для любимых https://www.amway.kz/ru/bestsellers

  • Каталог бағасы: 29,630.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

ARTISTRY™ бренді терінің жеке ерекшеліктеріне бейімделетін және бірнеше қажеттілікті бір уақытта қанағаттандыратын құралды — ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жаңа жеке сарсуын ұсына отырып, тері күтімінің болашағын жасайды.

Сарсудың дәл қандай қажеттілікке бағытталатынын өзіңіз шешесіз!

ТАҢДАҢЫЗ, АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ, ЖЕКЕЛЕНДІРІҢІЗ!

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесі үш негізгі принципті - табиғат күшін, ғылым жетістігін және жекелей ықпал жасауды біріктіреді. Оған Nutrilite™* фермасынан алынған фитонутриенттердің ең жоғары мөлшерін қамтитын база мен концентраттардың қасиетін араластырған сәтке дейін сақтайтын Power Infused эксклюзивті технологиясымен жабдықталған бес концентрат кіреді. Сіз базадағы ең көбі үш концентратты араластырып, дәл сіздің теріңізге сәйкес келетін жеке сарсуыңызды жасай аласыз. 

«Ағарту» жинағы терінің күңгірт реңкімен күресуге арналған.

Оған мыналар кіреді: ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ базасы және ағартқыш концентрат. Жинақ теріні жайнатып, жылтырды қалпына келтіру технологиясы мен ағартқыш концентрат құрамындағы біртүсті лалагүл сіріндісі арқылы тері текстурасын тегістеу есебінен терінің күңгірт реңкімен күресуге көмектеседі.

САРСУЫҢЫЗДЫ ТАҒЫ ЕКІ КОНЦЕНТРАТПЕН ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ және терінің бірнеше қажеттілігін бір уақытта қанағаттандыратын шынымен де қуатты құрал жасаңыз!
«Ағарту» жинағын қосымша концентраттармен: әжімге қарсы концентратпен және тері реңкін ағартатын және тегістейтін концентратпен тіркесімде қолданып көруге кеңес береміз.

Сондай-ақ жеке комбинацияңызды құра аласыз!

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесінің негізін база құрайды. Ол Nutrilite™ фермаларында (ацерола шиесі, қара қарақат, көк шай, анар және шпинат) және ARTISTRY™ технологиясымен өсірілген өсімдіктерден алынған фитонутриенттерді біріктіреді.

Жеке пайдалануға арналмаған, база теріні нәрлендіріп, олардың 175%-ға дейін өтуін жақсарта отырып, концентраттардың әрекетін қамтамасыз етеді.

Сарсуға арналған ағартқыш концентрат технологиялар мен ингредиенттер кешенінің арқасында терінің жарқын сыртқы түсін қалпына келтіреді, олардың ішінде терінің күңгірттігі мен тегіс емес реңкін тудыратын факторлар әрекетін бақылайтын, Nutrilite™ арқылы алынатын біртүсті лалагүл сіріндісі бар. 

Сарсуға арналған ағартқыш концентратты базамен араластырған кезде терінің күңгірт реңкімен күресетін және жарқыраған, дені сау сыртқы түр беретін жеке сарсуыңызды жасайсыз:

  • Жаққан сәттен бастап теріге жарқыраған сыртқы түр береді;
  • Жасушалық жаңаруға ынталандырып, тері текстурасын тез арада тегістеп, көмескі, жансызданған жасушаларды жоюға көмектеседі;
  • Тері реңкін тегістеуге және бет түсін жақсартуға көмектеседі;
  • Тері мінсіз, жарқыраған, дені сау және жаңарғандай көрінеді;
  • Әйелдердің 100%-ы терінің жарқырып, бет түсінің жақсарғанын атап өтті*. 

* № RPT-020-16-ASC-Clinical Grading клиникалық бағалау деректері бойынша, n = 34, жас санаты = 27–67; 8-қосымша, Amway компаниясы үшін Cantor Research Laboratories және Advanced Imaging and Measurement Lab зертханалары жүргізді.

1) Теріңіздің ерекшеліктері мен қажетіліктерін ескере отырып, сізге арнайы жасалған эксклюзивті жеке сарсу.
2) Жоғары тиімділік, бағытталған әрекет.
3) Пайдалы ингредиенттердің ең жоғары концентрациясы*.
4) ARTISTRY™ және Nutrilite™ одағы.

*ARTISTRY™ құралдарының арасында.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ базасының құрамында Nutrilite™ органикалық таза фермаларының өсімдік көздерінен алынған фитонутриенттермен қаныққан су бар.

АЦЕРОЛА ШИЕСІ
Ацерола шиесінің жемістері теріге жағымды әсер беретін С витаминдеріне, қуатты антиоксиданттарға бай. Сонымен қатар олардың құрамында А витамині, тиамин, рибофлавин және ниацин бар.

ҚАРА ҚАРАҚАТ
Қара қарақат жемістерінде антоцианин мөлшері көп. Бұл зат жемістерге түс беріп қана қоймай, басқа да пайдалы сипаттарға ие.

КӨК ШАЙ
Көк шай құрамында бос радикалдарды жұтқыштар ретінде белгілі полифенолдар, сондай-ақ теріге пайдалы басқа да ингредиенттер бар.

АНАР
Анар — антиоксиданттары мен ағартқыш қасиеттері бар «супержеміс». Біз анар сіріндісін бүтін жемістен аламыз, бұл оның фитонутриенттерін сақтауға көмектеседі.

ШПИНАТ
Шпинат құрамында оттектің белсенді формаларын бейтараптандырып, тотықтандырғыш зақымдануларға жол бермейтін фитохимиялық заттар бар.

ҚҰРАМЫ:
WATER / AQUA / AGUA / EAU, BUTYLENE GLYCOL, GLYCERIN, GLYCERETH-26, METHYL GLUCETH-20, SPINACIA OLERACEA (SPINACH) LEAF EXTRACT, BIS-PEG-18 METHYL ETHER DIMETHYL SILANE, PHENOXYETHANOL, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, CHLORPHENESIN, TRIETHANOLAMINE, ALLANTOIN, METHYLPARABEN, CETETH-20, ACETYL GLUCOSAMINE, PANTHENOL, PULLULAN, PALMARIA PALMATA EXTRACT, OPHIOPOGON JAPONICUS ROOT EXTRACT, DISODIUM EDTA, SODIUM HYALURONATE, NASTURTIUM OFFICINALE EXTRACT, CARBOMER, SODIUM LACTATE, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZATE, LAMINARIA DIGITATA EXTRACT, YEAST EXTRACT, NANNOCHLOROPSIS OCULATA EXTRACT, POLYSORBATE-20, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, AVENA SATIVA (OAT) KERNEL EXTRACT, GLYCERYL ACRYLATE/ACRYLIC ACID COPOLYMER, PROPYLENE GLYCOL, LECITHIN, MALPIGHIA EMARGINATA (ACEROLA) FRUIT EXTRACT, UNDARIA PINNATIFIDA EXTRACT, XANTHAN GUM, CHLORELLA VULGARIS EXTRACT, PROPYLPARABEN, PVM/MA COPOLYMER, ETHYLHEXYLGLYCERIN, SODIUM BENZOATE, ETHYLPARABEN, CAMELLIA SINENSIS LEAF EXTRACT, SORBIC ACID, CARRAGEENAN, PALMITOYL HEXAPEPTIDE-15, GLUCOSE, ARABIDOPSIS THALIANA EXTRACT, RIBES NIGRUM (BLACK CURRANT)
FRUIT EXTRACT, MALTODEXTRIN.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ сарсуына арналған ағартқыш концентрат

ҚҰРАМЫ:
WATER/AQUA/AGUA/EAU, GLYCERIN, BUTYLENE GLYCOL, PHENOXYETHANOL, MICA, CHLORPHENESIN, METHYLPARABEN, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, TRIETHANOLAMINE, TITANIUM DIOXIDE (CI 77891), SACCHARIDE ISOMERATE, IRON OXIDES (CI 77491), PANCRATIUM MARITIMUM EXTRACT.

Концентратты тікелей теріге жақпайды, оны әрқашан базамен араластыру керек. 

Араластыру процесі:

1) Жеке сарсу құтысының қақпағын алыңыз.
2) Таңдаған концентратыңызды жеке сарсу құтысына жалғап, тоқтағанша оңға қарай мұқият бұраңыз. Сосын белсендіру үшін концентрат ыдысын солға қарай бұраңыз. Сосын концентрат ыдысын алып тастаңыз.
3) Таңдаған басқа концентраттарыңыз үшін В қадамын қайталаңыз.
4) Жеке сарсу құтысын помпа-мөлшерлеуіш түріндегі қақпақшамен жабыңыз. Қақпақшаны құты толық жабылатындай етіп мұқият жабыңыз.
5) Өнімнің толық араласуы үшін жеке сарсу құтысын 60 секунд бойы шайқаңыз.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ араласқан жеке сарсуын қолдану тәсілі:

Тазаланған бетке күніне екі рет, таңертең және кешке 2 тамшыдан жағып, бетке төменнен жоғары қарай жұмсақ қозғалыстармен таратыңыз. Үшінші тамшыны, өз ойыңызша, қосымша күтімді қажет ететін бет бөліктеріне жағыңыз. Көзге тигізбеңіз.

Ары қарай өзіңіздің күнделікті күтімге арналған креміңізді қолдануға кеңес беріледі.

Узнать больше ARTISTRY SIGNATURE SELECT™
Барлық өнімдерді қарап шығу ARTISTRY SIGNATURE SELECT™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.