ARTISTRY STUDIO™ Parisian style edition Ваннаға арналған «бомбашалар»
Loading the player...

ARTISTRY STUDIO™ Parisian style edition Ваннаға арналған «бомбашалар»

Артикул: 122590| Салмағы/көлемі:: 3 дн/қап.
    • Каталог бағасы: 6,905.00 KZT

    Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

    Саны:  
    Кәрзеңкеге қосу
     

    Ванна қабылдау ешқашан мұндай жағымды болған емес.

    Ваннаға арналған «бомбашаның» жылы суда еруіне қарай, шампандыкіндей көпіршіктердің дыбысынан ләззат алыңыз, сосын теріге күтім көрсететін ингредиенттер мен Artistry™ Parisian париждік жинағының тыныштандыратын хош иісіне бөленіңіз.

    Демалыңыз.

    Шайып тастаңыз.

    Аздаған moi уақыт қажет болған кезде қайталаңыз.

    Жағымды ванна қабылдау процесін қайталай алу үші қаптамада ваннаға арналған 3 "бомбаша" бар!

    Parisian Style Edition — осы жинақ үшін арнайы жасалған фирмалық хош иіс.

    Оған Париждің керемет нәзіктігі мен Эйфель мұнарасының жарқыраған шамдарына бөленген көшелермен жүргендегі сол бір асқақ сезім шабыт берді.

    Хош иістің сипаттамасы

    Кремді реңкі бар жылы гүлді ноталар көгалдың балғындығымен және жылы гурман ноталарымен үйлесіп, тартымды бейне мен жайлы сезім сыйлыйды.

    Хош иіс ноталары

    Жоғарғы ноталар: балғын, цитрус ноталары, озон, бергамот және лимон белгілері.
    Ортаңғы ноталары: жасмин жапырақтары, орхидея, сәлдегүл, иланг-иланг майы, апельсин гүлі, тубероза гүлді ноталары.
    Негізгі ноталары: крем, мускус жарты реңктері, ағаш ноталары, кәріптас ноталары.

    "Бомбашалар" құрамында кокос майы, ши майы, ағылшын тұзы бар.

    ҚҰРАМЫ:
    SODIUM BICARBONATE, CITRIC ACID, MAGNESIUM SULFATE, MALTODEXTRIN, COCOS NUCIFERA (COCONUT) OIL, FRAGRANCE, WATER, BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA) BUTTER, TITANIUM DIOXIDE (CI 77891), KAOLIN, ASCORBYL PALMITATE, RETINYL PALMITATE, TOCOPHERYL ACETATE, RED 4 (CI 14700).

    Жылы сумен толтырылған ваннаға бір «бомбашаны» жай ғана тастап, не болатынын қараңыз!

    Оған қоса ваннаға арналған «бомбашаларды» пайдаланудың бірнеше қосымша әдісін таптық.

    1. Саше ретінде жәшікке немесе шкафқа қойыңыз

    Мұны өзіңіз оңай жасай аласыз. Ваннаға арналған «бомбашаларды» органзадан жасалған қапшыққа салып, байлаңыз, сосын жәшікке немесе шкафқа салыңыз. Ваннаға арналған «бомбашаларды» қарапайым қолдану әдісі арқылы жәшіктеріңіз бен шкафтарыңыздан хош иіс сезіледі!

    2. Рақатқа бөлейтін SPA атмосферасын жасаңыз

    Қолдан жасалған сашені душта да қолдануға болады! Қапшықты жай ғана душ құйғышына байлап қойыңыз. Душ қабылдағанда пайда болатын будан ваннаға арналған «бомбаша» душ бөлмесін еліктірер хош иіске толтырады!

    3. Ваннаға арналған «бомбашаларды» сәнді вазаға салыңыз

    Ванна бөлмесінен жағымды хош иіс шыққанын қалайсыз ба? Ваннаға арналған бірнеше «бомбашаны» сәнді вазаға салып, хош иісті қоспа жасаңыз!

    Вазаны төсекке жақын қоюға болады. Біздің фирмалық Artistry Studio™ хош иісіміз сізді жылы ноталарға бөлеп, ұйықтар алдында дем алуға көмектеседі!

    4. «Бомбашаны» буға айналдырыңыз!

    Ваннаға арналған «бомбашадан» шығатын Artistry Studio™ хош иісімен бүкіл үйді толтырыңыз. Үлкен кәстрөл алып, суға толтырып, плитаға қойыңыз. Су қайнай бастағанда оған ваннаға арналған «бомбашаны» салып жіберіңіз. Су қайнамай, тек бу шығып тұруы үшін отын азайтып қойыңыз. Бу бүкіл үйге керемет хош иіс таратады.

    5. Үй жағдайындағы мини-ванна, маникюр немесе педикюр

    Ваннаға арналған «бомбашаны» жай ғана жылы су толтырылған шылапшынға тастап, аяқ-қолыңызды батырыңыз. Бұл процедура аяқ-қол терісін ылғалдандырып, жұмсартады!

    Узнать больше ARTISTRY STUDIO™
    Барлық өнімдерді қарап шығу ARTISTRY STUDIO™

    Фотогалерея

    Ajax қатесі

    Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.