iCook™ 8 литрлік кәстрөл, 2 бұйымiCook™ 8 литрлік кәстрөл, 2 бұйым
Loading the player...

iCook™ 8 литрлік кәстрөл, 2 бұйым

Артикул: 121961| Салмағы/көлемі:: 1 дана
  • Скидка!
    Скидка!
  • Каталог бағасы: 105,642.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Бір ғана iCook™ ыдысында 6 артықшылық бар: пайдалы, тез, дәмді, қолайлы, қауіпcіз әрі тиімді!

8 литрлік кәстрөл үлкен жанұя үшін тағам әзірлеуде таптырмас көмекшіңізге айналмақ. Оған сорпа, күріш, паста, бұқтырылған көкөністер, ет, балық, дірілдек және дайындамалардың үлкен порцияларын дайындаған қолайлы.
 

iCook™ ыдысы бірнеше эксклюзивті технологияларды біріктіреді:

- Тағамды төмен ылғалдылықта әзірлейтін, патенттелген VITALOK™ әдісі. Әдістің мәні: тағамдарды әзірлеу барысында (арнайы таңдалған конструкцияның арқасында) ыдыс пен оның қақпағының арасында ет, жеміс-жидек және көкөністердің түсін, құрылымын, дәмін және қоректік құндылығын сақтай отырып, өз шырынында дайындауға мүмкіндік беретін су бекітпесі пайда болады.

- Ыдыс түбіне жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз ететін бүркелген, тұтас металдан жасалған OPTITEMP™ түбі.

- Тұтқалар мен қосымша тұтқыштардың эргономикалық дизайны.

1. ПАЙДАЛЫ 

VITALOK™ әдісі зиянды заттардың түзілуіне әкеліп соғатын әдеттегі майға қуырудан бас тартуға мүмкіндік береді. 

Гидроқақпақты пайдалана отырып, қоректі заттар мен дәрумендерді сақтау арқылы тағам құндылығын арттырасыз. 

2. ТЕЗ 

iCook™ кешенді технологиялары тағам дайындау уақытын едәуір қысқартады. 

Гидроқақпақтың арқасында құс пен балықты, ет пен гарнирді бір уақытта бір ыдыста дайындап, керемет нәтиже аласыз. 

3. ДӘМДІ 

VITALOK™ әдісінің арқасында өнімдер өз шырынын сақтайды, соның нәтижесінде жанұяңыз ботқа, сорпа, көкөніс тағамдарының жаңаша дәмін сезінеді. 

Ыдыстың қалың түбі мен қабырғалары тағамға жұмсақтық әсерін береді. Нәтижесінде тағамдар нәзіктікке, тамаша дәмге және хош иіске ие болады. 

4. ҚОЛАЙЛЫ 

iCook™ ыдысын кез келген плитада, оның ішінде индукциялық плитада қолданып, тұмшапеште дайындауға арналған түрлі бәліштер мен лазанья әзірлеуге болады. 

Ыдыстарды жинау барысында орын үнемдегіңіз келсе - қақпақтарын кері айналдырып, бірінің ішіне бірін салыңыз. 

5. ҚАУІПСІЗ

iCook™ ыдысында тағамдарды табада әзірлегендей жылдам дайындауға болады, әйтсе де оны жаңа үйренушілер де қолдана алады. 

Жоғары сапалы болат тағаммен реакцияға түспейді және, мысалы, шойынға қарағанда қыздырып өңделген тағамдарды жинамайды. 

6. ТИІМДІ 

iCook™ ұзақ қызмет етеді, сондықтан сіз жүйелі түрде жаңа ыдыс сатып алудан бас тартатын боласыз. 

VITALOK™ әдісімен жарық пен газ, сондай-ақ көп сатылы әзірлеу шығындарын үнемдей аласыз.
 
Алдыңғы қатарлы VITALOK™ әдісін таңдап, тағамды майда қуырудан бас тарту арқылы май сатып алуда үнемдеңіз және денсаулығыңызды нығайтыңыз. 

Тот баспайтын болат (өнеркәсіпте 18/8 немесе 18/10 атауымен белгілі T304 типіндегі хирургиялық болат), алюминий.
 

iCook™ ыдысымен тағам әзірлеген кезде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін тек ТӨМЕНГІ және ОРТАША қызуда пайдаланған жөн. Су бекітпесінің құрылуы үшін тағам әзірлеуді әрқашан ОРТАША деңгейден бастаңыз, кейін дайын болғанша ТӨМЕН деңгейге бәсеңдетіңіз.
 

Узнать больше iCook™
Барлық өнімдерді қарап шығу iCook™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.