ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған нығайтқыш концентратARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған нығайтқыш концентрат
Loading the player...

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған нығайтқыш концентрат

Артикул: 121559| Салмағы/көлемі:: 2 мл
  • Бестселлеры Amway
    Бестселлеры Amway

Любимые товары для любимых https://www.amway.kz/ru/bestsellers

  • Каталог бағасы: 17,280.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

ARTISTRY™ бренді терінің жеке ерекшеліктеріне бейімделетін және бірнеше қажеттілікті бір уақытта қанағаттандыратын құралды — ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жаңа жеке сарсуын ұсынып, болашақ тері күтімін жасайды.

Сарсудың дәл қандай қажеттілікке бағытталатынын өзіңіз шешесіз!

ТАҢДАҢЫЗ, АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ, ЖЕКЕЛЕНДІРІҢІЗ!

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесі үш негізгі принципті - табиғат күшін, ғылым жетістігін және жекелей ықпал жасауды біріктіреді. Оған Nutrilite™ фермасынан алынған фитонутриенттердің ең жоғары мөлшерін қамтитын база мен концентраттардың қасиетін араластырған сәтке дейін сақтайтын Power Infused эксклюзивті технологиясымен жабдықталған бес концентрат кіреді. Сіз базадағы ең көбі үш концентратты араластырып, дәл сіздің теріңізге сәйкес келетін жеке сарсуыңызды жасай аласыз. 

Сарсуға арналған нығайтқыш концентрат қартаюға қарсы ең жаңа технологиялар кешені мен қызыл уылдырық сіріндісінің арқасында теріні көзге көрінетіндей тарттырып, нығайтады.

КОНЦЕНТРАТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖИНАҚҚА ҚОСЫҢЫЗ және терінің бірнеше қажеттілігін бір уақытта қанағаттандыратын шынымен де қуатты құрал жасаңыз!

Сарсуға арналған нығайтқыш концентратты тек базамен араластырып қолданады.

Базамен тіркесімде сарсуға арналған нығайтқыш концентрат серпінділік пен иілгіштікке жауап беретін терінің екі негізгі элементінің нығаюына көмектесіп, бет контурларын дәлірек етеді.

Дәлелденген нәтижелер:

  • Тері серпінділігінің клиникалық дәлелденген артуы;
  • Бет әлпеті дәл сызылғандай көрінеді.

Барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін, нығайтқыш концентраттың құрамында серпінділікті арттыратын технология мен қызыл уылдырық сіріндісі бар.

Серпінділікті арттыру технологиясы терінің тірек жүйесінің құрылымдық элементтерін серпінді және иілгіш етіп қана қоймай, оның тұтастығын да сақтайды.

ARTISTRY™ теріге күтім көрсету құралдарында ол бірінші рет қолданылуда. Технология концентрацияланған формуланың басқа да ингредиенттерімен тіркесімде әрекет етіп, теріге серпінділік пен жинақы түр береді.

Қосымша ингредиент: ARTISTRY YOUTH XTEND ULTRA™ жинағының құралдарында да қолданылатын қызыл уылдырық сіріндісі. Табиғи көздер негізіндегі ингредиент ARTISTRY™ ғалымдарымен мұқият сынақтан өткен.

1) Теріңіздің ерекшеліктері мен қажетіліктерін ескере отырып, сізге арнайы жасалған эксклюзивті жеке сарсу.
2) Жоғары тиімділік, бағытталған әрекет.
3) Пайдалы ингредиенттердің ең жоғары концентрациясы*.
4) ARTISTRY™ және Nutrilite™ одағы.

*ARTISTRY™ құралдарының арасында.
 

ҚҰРАМЫ:
WATER/AQUA/AGUA/EAU, BUTYLENE GLYCOL, PEUCEDANUM GRAVEOLENS (DILL) EXTRACT, PHENOXYETHANOL, POLYSTYRENE, CHLORPHENESIN, TRIETHANOLAMINE,
ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, METHYLPARABEN, XANTHAN GUM, C11-15 PARETH-40, C11-15 PARETH-7, SALMON EGG EXTRACT, YELLOW 5 (CI 19140), POLOXAMER 331, RED 4 (CI 14700), SODIUM CITRATE, CITRIC ACID.

Концентратты тікелей теріге жақпайды, оны әрқашан базамен араластыру керек. 

Араластыру процесі:

1) Жеке сарсу құтысының қақпағын алыңыз.
2) Таңдаған концентратыңызды жеке сарсу құтысына жалғап, тоқтағанша оңға қарай мұқият бұраңыз. Сосын белсендіру үшін концентрат ыдысын солға қарай бұраңыз. Сосын концентрат ыдысын алып тастаңыз.
3) Таңдаған басқа концентраттарыңыз үшін В қадамын қайталаңыз.
4) Жеке сарсу құтысын помпа-мөлшерлеуіш түріндегі қақпақшамен жабыңыз. Қақпақшаны құты толық жабылатындай етіп мұқият жабыңыз.
5) Өнімнің толық араласуы үшін жеке сарсу құтысын 60 секунд бойы шайқаңыз.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ араласқан жеке сарсуын қолдану тәсілі:

Тазаланған бетке күніне екі рет, таңертең және кешке 2 тамшыдан жағып, бетке төменнен жоғары қарай жұмсақ қозғалыстармен таратыңыз. Үшінші тамшыны, өз ойыңызша, қосымша күтімді қажет ететін бет бөліктеріне жағыңыз.

Көзге тигізбеңіз.

Ары қарай өзіңіздің күнделікті күтімге арналған креміңізді қолдануға кеңес беріледі.

Узнать больше ARTISTRY SIGNATURE SELECT™
Барлық өнімдерді қарап шығу ARTISTRY SIGNATURE SELECT™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.