ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған ылғалдандырушы концентратARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған ылғалдандырушы концентрат
Loading the player...

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ Сарсуға арналған ылғалдандырушы концентрат

Артикул: 121556| Салмағы/көлемі:: 2 мл
  • Бестселлеры Amway
    Бестселлеры Amway

Любимые товары для любимых https://www.amway.kz/ru/bestsellers

  • Каталог бағасы: 12,345.00 KZT

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

ARTISTRY™ бренді терінің жеке ерекшеліктеріне бейімделетін және бірнеше қажеттілікті бір уақытта қанағаттандыратын құралды — ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жаңа жеке сарсуын ұсынып, болашақ тері күтімін жасайды.

Сарсудың дәл қандай қажеттілікке бағытталатынын өзіңіз шешесіз!

ТАҢДАҢЫЗ, АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ, ЖЕКЕЛЕНДІРІҢІЗ!

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесі үш негізгі принципті - табиғат күшін, ғылым жетістігін және жекелей ықпал жасауды біріктіреді. Оған Nutrilite™ фермасынан алынған фитонутриенттердің ең жоғары мөлшерін қамтитын база мен концентраттардың қасиетін араластырған сәтке дейін сақтайтын Power Infused эксклюзивті технологиясымен жабдықталған бес концентрат кіреді.

Сіз базадағы ең көбі үш концентратты араластырып, дәл сіздің теріңізге сәйкес келетін жеке сарсуыңызды жасай аласыз. 

Сарсуға арналған ылғалдандырғыш концентрат бірнеше бағытта әсер етіп, оның ішінде жаңа гидропробиотиктер технологиясымен және құрамындағы Норвег фьордтарының суы арқасында терінің ылғалдылық деңгейін арттырады.

КОНЦЕНТРАТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖИНАҚҚА ҚОСЫҢЫЗ және терінің бірнеше қажеттілігін бір уақытта қанағаттандыратын шынымен де қуатты құрал жасаңыз!

Ылғалдандырғыш концентратты тек базамен араластырып қолданады.

Сарсуға арналған ылғалдандырғыш концентрат базамен тіркесімде терінің қорғаныш тосқауылын қалпына келтіруге көмектесіп, ылғалдылық деңгейін арттырады. Теріде көп ылғал сақталып, анағұрлым ылғалданған және дені сау көрінеді.

Дәлелденген нәтижелер:

  • Ылғалдандыру деңгейін 233%-ға арттыру*;
  • Қалпына келтіру және тері тосқалуын қорғау.

Барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін, ылғалдандырғыш концентраттың құрамында гидропробиотиктер технологиясы мен Норвегия фьордтарының суы бар.

Гидропробиотиктер технологиясы — пайдалы микроорганизмдердің көбеюіне жағымды орта жасай отырып, тері микробиомын қалпында ұстайтын ARTISTRY™ теріге күтім көрсету құралдарының құрамындағы алғашқы кешен.

Нәтиже? Қорғаныш тосқауылдың нығаюы.

Қосымша ингредиент: Норвегия фьордтарының таза балғын суы 10 000 жыл бұрын түзілген мұздықтардан бастау алады (ARTISTRY HYDRA-V™ жинағының құралдарында да қолданылады).

* № RPT-004-17-ASC теріні ылғалдандыру клиникалық зерттеулерінің деректері бойынша, n = 35, жас тобы 24–61; 2-қосымша, Amway компаниясы үшін Advanced Imaging and Measurement Lab зертханасы жүргізген.

1) Теріңіздің ерекшеліктері мен қажетіліктерін ескере отырып, сізге арнайы жасалған эксклюзивті жеке сарсу.
2) Жоғары тиімділік, бағытталған әрекет.
3) Пайдалы ингредиенттердің ең жоғары концентрациясы*.
4) ARTISTRY™ және Nutrilite™ одағы.

*ARTISTRY™ құралдарының арасында.

ҚҰРАМЫ:
WATER/AQUA/AGUA/EAU, ALPHA-GLUCAN OLIGOSACCHARIDE, POLYMNIA SONCHIFOLIA ROOT JUICE, MALTODEXTRIN, BUTYLENE GLYCOL, GLYCERIN, PHENOXYETHANOL,
TRIETHANOLAMINE, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, CHLORPHENESIN, LACTOBACILLUS, METHYLPARABEN, RED 4 (CI 14700).

Концентратты тікелей теріге жақпайды, оны әрқашан базамен араластыру керек. 

Араластыру процесі:

1) Жеке сарсу құтысының қақпағын алыңыз.
2) Таңдаған концентратыңызды жеке сарсу құтысына жалғап, тоқтағанша оңға қарай мұқият бұраңыз. Сосын белсендіру үшін концентрат ыдысын солға қарай бұраңыз. Сосын концентрат ыдысын алып тастаңыз.
3) Таңдаған басқа концентраттарыңыз үшін В қадамын қайталаңыз.
4) Жеке сарсу құтысын помпа-мөлшерлеуіш түріндегі қақпақшамен жабыңыз. Қақпақшаны құты толық жабылатындай етіп мұқият жабыңыз.
5) Өнімнің толық араласуы үшін жеке сарсу құтысын 60 секунд бойы шайқаңыз.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ араласқан жеке сарсуын қолдану тәсілі:

Тазаланған бетке күніне екі рет, таңертең және кешке 2 тамшыдан жағып, бетке төменнен жоғары қарай жұмсақ қозғалыстармен таратыңыз. Үшінші тамшыны, өз ойыңызша, қосымша күтімді қажет ететін бет бөліктеріне жағыңыз.

Көзге тигізбеңіз.

Ары қарай өзіңіздің күнделікті күтімге арналған креміңізді қолдануға кеңес беріледі.

Узнать больше ARTISTRY SIGNATURE SELECT™
Барлық өнімдерді қарап шығу ARTISTRY SIGNATURE SELECT™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.