Ерлерге арналған HYMM™ Aqua Eau de Toilette
Loading the player...

Ерлерге арналған HYMM™ Aqua Eau de Toilette

Артикул: 118871| Салмағы/көлемі:: 50 мл
    • Каталог бағасы: 14,565.00 KZT

    Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

    Саны:  
    Кәрзеңкеге қосу
     

    Табиғи қарапайымдылығы мен нағыз ерлерге тән қасиеті бар мұхиттан шабыт алған заманауи композиция. 
    Ұзаққа жететін балғындық сезімін тудыратын күш беретін иіссу. Шексіз де шетсіз кеңістік – мұхиттан шабыт алған иіссу – еркіндіктің шынайы метафорасы. Теңіз иіссуы сана мен сезімге балғындық сыйлайтын теңіз тұзының ноталарымен және теңіз суының ерекше жұпарымен қаныққан. Иіссу табиғи балғындық пен мұхит қуатын оятады. Теңіз жағасының жұпар иісті өсімдіктері мен ағаштарының қуаттандыратын әрі ерлерге тән хош иісін әкелетін балғын да тұзды теңіз самал желі. Ерлер қуатын табиғатқа сәйкестендіретін сезімді оятатын хош иіс. 

    Жоғарғы ноталар: ТЕҢІЗ СУЫНЫҢ АККОРДЫ, ГРЕЙПФРУТ, ЛИМОН 
    Ортаңғы ноталар: ТЕҢІЗ ТҰЗЫНЫҢ АККОРДЫ, ЛАВАНДА, ШЕГІРГҮЛ ЖАПЫРАҚТАРЫ 
    Жүрек ноталары: ПАЧУЛИ, LORENOX™, БАЛҚАРАҒАЙ АҒАШЫ

    Қуаттандыратын цитрус пен су ноталары бар балғындық хош иісі. Балауса, таза әрі шабыттандыратын цитрусты теңіз иіссуы теңіз суы аккордының тамшыларымен, қуат беретін грейпфрут пен лимон хош иістерімен ашылады. Жүрек нотасы теңіз тұзының аккорды, лаванда және шегіргүл жапырақтарының араласуымен табиғи, нағыз теңіз балғындығын сыйлайды. Пачули, Lorenox™* және балқарағай ағашынан тұратын негізі ерлерге тән еріксіз сезімталдық туындысын байыта түседі.

    НЕГІЗГІ НОТАЛАР
    Жоғарғы – грейпфрут
    Ерекше, жарқын, сырбаз әрі қуатты нотасы бар цитрус жемісі. Біздің туындымызда грейпфрут көпқырлы әрі албырт циртус балғындығымен әрлеу үшін қолданылады. Бұл – композицияға ерлерге тән мықты әрі екпінді балғындық үстейтін қуатты нота. Мұхитқа сүңгігендей, саф ауамен дем алғандай хош иіс.

    Ортаңғы – ТЕҢІЗ ТҰЗЫНЫҢ АККОРДЫ
    Парфюмер мұхиттың жұпар иісін сезіндіретін аккорд жасап шығарды. Парфюмериядағы аккорд – жаңа бірегей хош иіс әсерін тудыру мақсатында өзіндік ерекшелігін жоғалтатын ноталардың үйлесімді тобы. Бұл жерде біз су, теңіз және тұз ноталарымен араласқан балғын әрі тұзды теңіз самалын бейнелеу үшін теңіз тұзының аккордын жасап шығардық. Аккорд теңіз жағасының шексіз ландшафты мен жел мен судың ләззатқа толы екпінінен шабыт алған.

    Негізі – LORENOX™
    Mane ғылыми-зерттеу бөлімі жасап шығарған және тек парфюмерлерімізге қолжетімді каптив – хош иіс молекуласы. Молекула ағаш пен кәріптас ноталарын ерлерге тән мықты нотамен араластырады. Біз осы бірегей молекуланы жағаға шығып қалған ағаштар мен жылы құм секілді мұхит берген шабытпен байланысты ерлерге тән элементтерді қайта жасау үшін қолдандық. Күнге қақталған ағаштардың нәзік тартымдылығы секілді, Lorenox™ біресе ойнақшып, біресе баяулайды, тереңдік береді және ерлерге тән ыстық ағаш лебін қалдырады.
     

    • HYMM for Men™ AQUA Eau de Toilette – дәстүрлі тәсілдер мен технологиялық білім арқылы өндірілген шикі материалдардың қоспасын араластыру арқылы жасалған парфюмер өнерінің нәтижесі. 
    • Осы балғын теңіз хош иісі жоғары концентрацияланған иіссу майларын қамтып, олардың теріде ұзақ сақталуына көмектеседі.
    • HYMM for Men™ AQUA Eau de Toilette – Францияның оңтүстігінде, парфюмерияның отаны болып табылатын Грас қаласының жанында орналасқан беделді Fine Fragrance Mane үйінің Amway компаниясы үшін арнайы жасап шығарған иіссуы
    • Иіссу құрамында айрықша компонент – тереңдік үстеп, ерлерге тән ыстық ағаш лебін қалдыратын Lorenox™ бар

    СПИРТ ДЕНАТ., PARFUM, СУ, ЛИМОНЕН, ЛИНАЛООЛ, БКТ, АЛЬФА-ИЗОМЕТИЛИОНОН, ЦИТРАЛЬ, ГЕРАНИОЛ, МЕТИЛ 2-ОКТИОНАТ.

    HYMM for Men Aqua Eau de Toilette иіссуын теріңізге – қозғалған кезде таралатындай шынтақтарыңызға немесе мойныңызды айналасына шашыңыз. 
    Хош иісінің ұзақ сақталуы үшін, хош иісті киімдеріңізге себіңіз. Қозғалған сайын иісі жаңарып, күні бойы хош иіс баяу ашыла түседі. 
    Көзге тигізбеңіз. Көзге тиген жағдайда судың көп мөлшерімен тез арада шайыңыз.

    Узнать больше Ерлерге арналған HYMM™
    Барлық өнімдерді қарап шығу Ерлерге арналған HYMM™

    Фотогалерея

    Ajax қатесі

    Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.