NUTRILITE™ Балаларға арналған кальций, магний және D дәрумені қосылған шайнайтын пастилкалар. Шокола
Loading the player...

NUTRILITE™ Балаларға арналған кальций, магний және D дәрумені қосылған шайнайтын пастилкалар. Шокола

Артикул: 114169| Салмағы/көлемі:: орам./ 45 пастилка
    • Каталог бағасы: 11,710.00 KZT

    Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

    Саны:  
    Кәрзеңкеге қосу
     

    Белсенді өсу кезеңінде балалар ағзасының барлық органдары мен жүйелері күшейтілген сүйемелдеуді қажет етеді. Көптеген дәрумендер мен минералдарды біз өздігімізден синтездей алмаймыз, сәби оларды тек сырттан ғана ала алады. 

    NUTRILITE™ Балаларға арналған шайнайтын пастилкалар — бұл белсенді өсу кезеңінде балаға кальций, магний және D дәрумені көзі ретінде арнайы әзірленген бірегей кешен. 

    Кешеннің құрамына бала ағзасының дұрыс және саламатты өсуін, сүйек-бұлшық ет, тіс және нерв жүйелерінің дамуын қамтамасыз ететін барлық қажетті дәрумендер мен минералдық заттар кіреді. 

    Балаңыздың сау болуы үшін рационына шоколад дәмі бар тәтті NUTRILITE™ кальций, магний және D дәрумені қосылған шайнайтын пастилкалар түрін қосып берік негізін қалаңыз.

    Дәмі мен пайдасын шоколадты NUTRILITE™-мен үйлестіріңіз!

    NUTRILITE™ Балаларға арналған шайнайтын пастилкалар бала ағзасын оған дұрыс өсу және даму үшін қажет кальций, магний және D дәруменімен қамтамасыз етеді.

    • Барлық элементтерденің балансталған үйлесімі, осы арқылы кальций әр пастилкада
    • Әр пастилка жеке орамасында - балаға өзімен бірге салып беру оңай!
    • Балаларға өте ұнайтын шоколадтың сүйікті дәмі мен шайнайтын кәмпиттің пішіні!
    • Шайнайтын пастилкалардың пішіні таблеткаларды жұтуға қиналатын балалар мен ересектер үшін қолдануды жеңілдетеді
    • Балаларға да, ересектерге де жарайды
    • Пастилкалардың құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер мен консерванттар жоқ

    ӨНІМ 3 ЖАСТАН БАСТАП ЖӘНЕ ОДАН ҮЛКЕН БАЛАЛАР ҮШІН АРНАЛҒАН

    Қолдану үшін ұсынылады:

    • Белсенді өсу кезеңіндегі барлық балалар үшін;
    • Белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен шұғылданатын, бимен айналысатын балалар үшін;
    • Қарқынды оқу үдерісі бар балалар үшін;
    • Сүйек-бұлшық ет, тіс және нерв жүйелерін бекіту үшін барлығына қажет.
    • Кальцийге бай тамақ өнімдерін (сүт пен сүт өнімдері, сүйектерімен бірге жеуге болатын ұсақ балық, қошқыл-көк жапырақты көкөністер тәрізді) аз тұтынатын барлықтары үшін
    • Аллергиясы бар немесе сүт және/немесе сүт өнімдерін тұтына алмайтын барлықтары үшін.

    NUTRILITE™ бір шайнайтын пастилкасында:

    Кальций мөлшері - бір стакан сүттегідей!*

    Кальций берік сүйектер мен сау тістердің негізін қалыптастыруда, нерв жасушалары мен бұлшық еттерінің функцияларын сүйемелдеуде өмірлік маңызды рөлді атқарады.
    Егер жасөспірімдік жасқа дейін кальций қабылдаса, келешекте сүйек жүйесінде ақаулардың даму қатерін төмендетуге болады, сондай-ақ физикалық белсенділікті қолдап, дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуге болады.

    Функциялары:

    • Берік сүйектер
    • Сау тістер
    • Күшті бұлшық еттер
    • Нерв жасушаларының функциясын сүйемелдеу

    Магний мөлшері сұлы ботқасының порциясындағыдан гөрі көбірек!*

    Магний - ағзада кальциймен және басқа нәрлендіруші заттармен тығыз байланысатын өте қажетті элемент.

    Функциялары:

    • Нерв және бұлшық ет жүйелерін күшейту
    • Энергия қуаты

    D дәруменінің мөлшері пісірілген жұмыртқадағыдан гөрі көбірек!*

    D дәрумені ағзада кальций метаболизмін реттейді. Балалар мен жасөспірімдер үшін ең қажетті дәрумендердің бірі.

    Функциялары:

    • Сүйектер мен тістердің беріктігінің қалыптасуы мен сақталуына көмектеседі
    • Кальций мен фосфордың дұрыс сіңуі үшін қажет
    • Инфекциялардан қорғау үшін басқа өмірлік маңызды нәрлендіруші заттармен өзара байланысады
    • Тері мен бұлшық еттің саламатты күйіне жәрдемдеседі

    Дәмі мен пайдасын шоколадты NUTRILITE™-мен үйлестіріңіз!

    * 175 мл сиыр сүтіндегі кальций /100 г пісірілген жұмыртқадағы D дәрумені /50 гр сұлы жармасындағы магний мөлшерімен салыстырғанда. Дерек көздері:

    Скурихин И.М., Тутельян В.А. Ресейлік тамақ өнімдерінің химиялық құрамы және құнарлылығы кестелері: Анықтамалық. — М.: ДеЛи принт, 2007.
    Көрсетілген ақпарат тек салыстыру үшін ғана берілген және ешқандай түрде салауатты тамақтанудан бас тартуға себеп/түрткі болып табылмайды.

     

    1 шайналатын пастилканың тағамдық құндылығы:

    • ақуыз 0,1 г
    • майлар 0,3 г
    • көмірсулар 3,0 г
    • энергетикалық құндылығы: 20 ккал / 83,7 кДж

    Құрамы: қоңыр күріштен жасалған шәрбат, қант құрағының буланған шырыны, ұнтақ тәрізді (құрақ қанты, қоюландырғыш: өзгертілмеген жүгері крахмалы), үш негізді магний фосфаты, устрица бақалшағының үгіндісі, какао-ұнтақ ( какао, лецитин), күріштен жасалған құрғақ шәрбат (күріштен жасалған құрғақ шәрбат, күріш ақуызы, антиототықтырғыш: токоферолдардың табиғи қоспасы), тәттілендірілмеген шоколад, пальма майы, эмульгатор: қытайбұршақ лецитині; кальций карбонаты, ылғал ұстаушы агент: глицерин; D3 дәрумені (сахароза, қоюландырғыш: қараған шырышы, тасымалдаушы: жүгері крахмалы, тасымалдаушы ортатізбекті триглицеридтер, D3 дәрумені, антитотықтырғыш: DL-альфа-токоферол). 

    Өнімнің құрамында бидайдың, сүттің, сүт өнімдерінің, қытайбұршақтың, орман жаңғақтарының, балықтардың, шаянтектестердің белгілері болуы мүмкін. Құрамында ГӨО жоқ.

    Шығарылу түрі: фольгамен қапталған шайналатын пастилкалар (таза салмағы
    5,4 г), полимерлік қапшыққа 45 данадан буып-түйілген, картонды қорапта 1 қапшықтан. Картонды
    қораптың таза салмағы 243 г

    • 3 және 11 жас аралығындағы балаларға күніне тамақпен бірге 1 шайналатын пастилка қабылдау ұсынылады. 11 жастан асқан, жасөспірімдер мен ересектерге күніне тамақпен бірге 2 рет 1 шайналатын пастилкадан қабылдау ұсынылады. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажетіне қарай курсты қайталауға болады.

    Балалық жастағы толыққанды тамақтану – ересек кезеңдегі күшті денсаулықтың іргетасы. Балалар ағзасы үшін дәрумендер мен минералдар ерекше маңызды.

    Дәрумендер мен минералдар - өмірлік қызмет етудің барлық үдерістерін қамтамасыз ететін орны толтырылмас пайдалы заттар және біздің жалпы хал-күйімізге әсер етеді.

    Дәрумендер мен минералдардың түгелге жуығы жеткілікті мөлшерде синтезмелдейді және ағзаға тағаммен бірге түсуі тиіс. Тамақ өнімдерінде микроэлементтердің құрамы ақуыздар, майлар мен көмірсулардан гөрі елеулі төмен екенін ескерсек, балалар мен жасөспірімдердің күнделікті рационындағы дәрумендер мен минералдардың әрқайсысының жеткілікті мөлшерін тұрақты қадағалау тиіс.

    Әсіресе, мына балалар мен жасөспірімдер үшін:

    • жүйелі және жаңа дайындалған өнімдер, бүтін жарманың жеткілікті мөлшерісіз, балансты тамақтанбайтын;
    • тамақты талғайтын немесе жеткілікті тамақ ішпейтін;
    • гипербелсенді балалар және спортпен шұғылданатындар;
    • фаст-фуд және өңделген өнімдерден жасалған тамақты көп ішетін;
    • вегетариандықтар немесе ақуыздардан тек сүт өнімдерін пайдаланатын;
    • газдалған сусындар ішетін.
    Узнать больше NUTRILITE™
    Барлық өнімдерді қарап шығу NUTRILITE™

    Фотогалерея

    Сізге де ұнауы мүмкін

    Ajax қатесі

    Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.