SATINIQUE™ — шаштың түріне және қасиеттеріне қарамастан шашқа толық күтім жасайтын премиум- класты бренд

Біздің топтамамыз Сіздің шашыңыздың қажеттіліктеріне мінсіз сәйкес келеді. Жаңа өнімдер шашыңызды қорғауға көмектеседі, олардың түсуіне және сынуына жол бермейді, олар бастың терісін қоректендіреді және кез келген шаш түрін ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Қалпына келтіріңіз. Балғындықты қайтарыңыз. Әдеміліктен рахат алыңыз.

ENERJUVE™ эксклюзивті кешені

SATINIQUE™ негізі — бұл инновациялық ENERJUVE™ кешеніҚұрамында табиғи өсімдік компоненттері бар.

Amway компаниясының ENERJUVE™,АҚШ-та патенттелген (№ 8263053 патенті 2012 ж. қазан айында АҚШ-та алынған) эксклюзивті кешені оң зарядталған нығайтатын липидтер, қалпына келтіретін креатин және тегістейтін қанық майлы қышқылдың (18-метил-арахинді (эйкозан) қышқылы) кешені болып саналады. Ол бірден үш деңгейде әрекет етеді және шаштың зақымдалған аймақтарының теріс электр зарядын залалсыздандырады.

Бұл шынымен де интеллектуалды технология: шаштың ішіне кіріп, әлсіреген аймақтарды анықтау арқылы кешен шашты ішкі жағынан қалпына келтіреді

ENERJUVE™ кешеніне қанық май қышқылы кіреді. Бұл шаштың саулығына және жылтырауына жауап беретін табиғи, аса сезімтал шаштың бетіндегі компонент болып табылады. Бұл табиғи липидтің 80%-дан астамы шашты алғашқы рет бояғанда жоғалады және табиғи жолмен қалпына келтіру мүмкін болмайды (Amway компаниясының жүргізген зерттеу деректері бойынша).

ENERJUVE™ қанық май қышқылының деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі, шаштың жібектей болуын және оңай таралуын қамтамасыз етеді.

Ғалымдар зақымдалған шаш аймақтары теріс зарядқа ие екенін анықтады. Шаштар әлсіз, сынғыш және жансыз болады.

Amway компаниясының ENERJUVE™ бірегей кешені зақымдалған шаштарды қалпына келтіреді

ENERJUVE™ бірден бірнеше мәселені шешеді және үш деңгейде әрекет етеді, шаш кейпінің толық өзгеруін қамтамасыз етеді және сау сыртқы көрінісін қайтарады.

Қанық май қышқылы жеткіліксіз шаштар.

1. Бірінші қолдануға дейін

2. Бірінші қолданудан кейін

Құрамында қалыпты қанық май қышқылы бар кездегі шаштың сау сыртқы көрінісі.

Судың тамшылары шаш бойынан ағады да, шаштың тегіс бетін көрсетеді.

Мұқият таңдалған өсімдік компоненттерінің және нәрлі заттардың комбинациясы

SATINIQUE™ комапаниясының ғалымдары шаштың сау сыртқы көрінісін қамтамасыз ететін ингредиенттердің мүлде жаңа комбинациясын жасау үшін, нәрлі заттарды және косметикалық әсерді зерттеу нәтижелерін біріктіреді.

Мұқият іріктеп алынған өсімдік компоненттері және нәрлі заттар шашты ағымдағы күйіне қарамастан қалпына келтіреді.

Хош иіс

Сенсорлы талдау барлық деңгейде орындалған. Арнайы жасалған хош иістер.

Тұтынушылар алдымен шашқа күтім жасау нәтижесіне назар аударатынына қарамастан косметикалық заттың хош иісінің маңыздылығы да қалыс қалмайды. Ол жалпы әсер қалдырады. SATINIQUE™ топтамасына арнайы керемет хош иістер гаммасы дайындалған.

Барлық SATINIQUE™ өнімдері қызықтыратын жемістердің және гүлдердің хош иістеріне ие, олар пайдаланған кезде рахаттандырады және барлық сезім гаммасын аша түседі. SATINIQUE™ топтамасында осы өнімдер үшін арнайы дайындалған үш эксклюзивті хош иіс бар.

Жарқын өзіндік қаптама және қанық түстер

SATINIQUE™ топтамасы жарқын түпнұсқалық реңктерден жасалған, бұл оны басқа көптеген косметикалық заттардан айрықша бөліп көрсетеді.

Екпінді және белсенді түс гаммасы — бұл SATINIQUE™ идеясының мәні: шаштарға өмірлік қуатын қайтару.

Қаптамасы SATINIQUE™ өніміне әсемдік және қарапайым пайдалану сияқты бірегей қасиеттер беру үшін арнайы дайындалған. Сусабынға және кондиционерге арналған құтыларда SATINIQUE™ құралының шашты ішкі жақтан қалпына келтіру сияқты керемет мүмкіндігін бейнелейтін жоғары самғайтын кескін тәрізді тегіс сызықтар бар. Оған қоса, олардың пішіні аса ыңғайлы. Күтім жасауға және ретке келтіруге арналған SATINIQUE™ өнімдері үшін тұрақты оңай пайдалануды білдіретін айқын әрі ашық сызықтары бар қаптамалар дайындалған.

Палитрада күміс түстер басым; заманауи және әдемі, ол — әрбір қаптамаға қолданылатын графикалық таңба болып саналатын түрлі түсті таспаға керемет қосымша болып табылады. Таспаның пішіні өмірлік күш қуатқа толы шаштарды білдіреді, сау сыртқы көріністің жарқын түстері шаштарға күтім жасаған кезде орындалатын тапсырмаға сәйкес құралды оңай таңдауға мүмкіндік береді.

Нәрлендіріңіз

Қуат
Барлығы сыртқы көріністен басталады. Құрамында аса заманауи ENERJUVE™ кешені бар SATINIQUE™ топтамасының құралдары шаштарды қалпына келтіреді және қоректендіреді, шаштардың оң зарядын, қуатын және сау сыртқы көрінісін қайтарады. Белсенді өсімдік компоненттерінің- және нәрлі заттардың арқасында шаштарыңыз бұрын-соңды болмағандай ғажайып көрінеді.

Жақсы көріңіз

Әсер қалдырыңыз
Керемет көрініңіз әрі ләззат алыңыз. Жетілдірілген формулалар, шырынды жемістердің және балғын гүлдердің хош иістері SATINIQUE™ құралын пайдаланғандасізге рахат сыйлайды.

Көздің жауын алыңыз

Күш
SATINIQUE™ өнімдері шаштарыңызды ішінен қалпына келтіреді және оларға қуат пен «өмірлік күш» береді, Сіз ғажап жаңаруды, өзіңізге сенушілікті және керемет көңіл күйіңізді бүкіл әлеммен бөлісу ықыласын сезінесіз.

* Шаштарға жылтырлық беру үшін ылғалдандыратын сусабынды және кондиционерді, шаштарды жазу үшін бальзамды тұрақты кешенді пайдаланған жағдайда. Amway компаниясының жүргізген зерттеу деректері бойынша.

** Боялған шаштарға арналған сусабынды және кондиционерді, қалпына келтіретін масканы және «Двойная защита» шаштарға арналған спрейді тұрақты кешенді пайдаланған жағдайда. Amway компаниясының жүргізген зерттеу деректері бойынша.

*** Боялған шаштарға арналған сусабынды тұрақты пайдаланған жағдайда.