Amway хош иістері

Ерлер мен әйелдерге арналған хош иістер, көңіл-күйіңізді көрсетіп, стиліңіздің бірегейлігін айқындайды.

Әйелдерге арналған хош иістер

ANCESTRY — өз құрамындағы үйлесімділікпен тәнті ететін әйелдерге арналған хош иіс. Реңктерге бай формула бергамот, қарақат, мысыр жасмині және апельсин гүлдері сияқты таңдаулы табиғи компоненттердің арқасында бірегей болып табылады. Кербез стильді мінсіз толықтырады және әр тұлғаның қайталанбастығын нақтылайды.

WISTFUL Aroma — Денеге арналған хош иісті заты лимончелло және нектарин аккордымен ашылады да, фрезия және лотос гүл шоғына жалғасып, апельсин гүлінің жағымды иісімен еркелететін хош иістер коктейлінен құралған. С дәрумені мен глицерин теріні қорғайды және оған табиғи сау реңк береді.

OPPORTUNE — бергамот, мандарин, жасмин, фрезия, сандал және мускус ноталарын қамтыған хош иіс.

Ерлерге арналған хош иістер

OPPORTUNE Sport иіссуы — серпінді, қуатпен толықтыратын ерлерге арналған хош иіс, қара бұрыш пен долана иісінің фонында байқалатын цитрус ноталары бар.

Хош иісті қалай пайдалану керек?

  1. Парфюмериялық заттарды күніне екі-үш рет пайдаланған дұрыс. Бір рет себу бір күнге жетеді деп ойламау керек. Парфюмериялық өнімдердің құрамында хош иістер тұрақтылығын сақтайтын фиксаторлар пайдаланылады, олар иістің теріде барынша ұзақ уақыт сақталуына әсер етеді.
  2. Иіссуды пульс нүктелеріне, шынтақ буынының ішкі жағына, тізе астына, мойынға, құлақ сырғалығының астына (құлақ артына емес) себуге болады.
  3. Егер теріңіз иіссуларға сезімтал болса, оны қалта орамалына сеуіп, қалтаға немесе әмиянға салып қойыңыз. Иіссуды теріге үйкемеңіз, өйткені олайша Сіз иіссудың хош иісін толықтай сезіне алмайсыз. Иіссуды теріге сепкен соң, оған тимей, теріге табиғи жолмен сіңуін күтіңіз.
  4. Көңіл-күйіңізге немесе жағдайға қарай әр түрлі иіссу пайдаланыңыз. Бір хош иісті күндіз, екіншісін кешке пайдаланыңыз. Жаз күндерінде хош иістің бұзылмауы үшін оны тоңазытқышта сақтаған жөн. Басқа кездерде парфюмериялық заттарды құрғақ және салқын жерде сақтаңыз.