Үстелдің үстіңгі тақтайына орнату
Үстелдің үстіңгі тақтайының астына орнату

Бізге қанша су қажет?
Сұйықтың дұрыс мөлшерін тұтынған аса маңызды.
Ересек адамның суға қатысты тәуліктік қажетсінуі — 1 кг салмаққа 30–40 г-нан. Мамандар орташа есеппен күніне 8 стакандай су ішіп отыруды ұсынады.
Алайда қажетті сұйықтың мөлшері келесі факторларға байланысты әртүрлі болып отыруы мүмкін:
Дене салмағы
Дене жүктемесі
Қоршаған орта
Тағам
«Amway Kiosk» ұялы қосымшасын жүктеп алумен сіз өзіңіз тұтынатын тәуліктік су мөлшерін оңай есептеп шыға аласыз.

Су біздің денсаулығымызға қалай әсер етеді?
Су зат алмасудың жылдамдығын 30%-ға арттырады. Сіздің ағзаңыз қозғалыссыз калпында көбірек калория жұмсай бастайды!
Су ағзадағы токсиндерді шығарады.
Су жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет.
Ағзадағы судың жеткілікті мөлшерде болуы ойыңызды жинақтау қабілетін жақсартып және жауаптық әрекет ету жылдамдығын арттырады.
Адамның қаны 80%-ға судан құралған, ол жаңадан қан жасушаларының пайда болуы үшін қажет. Сүйектің 50%-ы судан құралған және су оның ұлпаларының жаңаруы үшін қажет.
Су дене температурасын реттеп отыруға көмектеседі, дененің ыстықта қызып кетпеуіне және төмен температуралар кезінде суынып кетпеуіне ықпал етеді.
Су терінің ылғалдануына көмектеседі, оны жұмсағырақ әрі тегіс етеді.