Болаттан жасалған iCook
ыдысының сапа кепілдігі

Кепілдік

«Амвэй»[1] компаниясы болаттан жасалған iCook ыдысында (әрі қарай — «Ыдыс») дұрыс пайдаланылған жағдайда ақаулар (төменде анықталғандай) болмайтынына кепілдік береді.

Егер бұл ақау сапасыз материалмен немесе дұрыс дайындалмауға байланысты болса немесе бұл ақау ыдысты сатып алушының пайдалануына кедергі келтірсе не пайдалану нәтижесін төмендетсе ғана бұл ақау болып саналады.

Ерекшеліктер

Ағымдағы кепілдік келесі жағдайларға қолданылмайды:

  • Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылмаған ыдыстарға;
  • Нашар күтім жасауға, байқаусызда, әсіресе физикалық зақымдалу салдарынан зақымдалған, оған қоса саналы түрде дұрыс пайдаланбау, немқұрайлы пайдалану салдарынан немесе тым жоғары температурада ас дайындау салдарынан формасы өзгерген ыдысқа.

Сатып алушының құқықтары

Егер Ыдыстың қандай да бір бөлігінде нашар күтім жасауға немесе байқаусызда, физикалық зақымдалуға, оған қоса саналы түрде дұрыс пайдаланбауға байланысты емес ақау анықталса және немқұрайлы пайдалану немесе тым жоғары температурада ас дайындау салдарына байланысты емес деформация анықталса, «Амвэй» компаниясы өз есебінен анықталған ақауды жинақтың ақаулы бөлігін алмастыру жолымен жояды немесе ақшаны толық көлемде қайтарады.

Кепілдік әрекетінің шектелуі

Бұл ағымдағы кепілдік ақау салдарынан болған залалды қоспағанда Ыдыстың құнымен шектеледі. Бұл ағымдағы Кепілдік жөндеу жұмыстары өз бетімен орындалған Ыдысқа қолданылмайды. Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, Сатып алушының Ыдысқа қатысты шағымдары ағымдағы кепілдік бойынша қабылданады.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, АҒЫМДАҒЫ КЕПІЛДІК РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАННАН БАСҚА БАРЛЫҚ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ АУЫСТЫРАДЫ.

«Амвэй» компаниясы Ресей Федерациясының заңнамасында рұқсат етілген дәрежеде Ыдыстың ақаулығы салдарынан Сатып алушыға зиян келтіруі мүмкін нақты залалға өзінің жауапкершілігін шектейді.

«Амвэй» компаниясы Ресей Федерациясының заңнамасында рұқсат етілген дәрежеде Ыдыстың ақаулығы салдарынан Сатып алушыға зиян келтіруі мүмкін нақты залалға өзінің жауапкершілігін шектейді.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, ешбір адам берілген Кепілдікке өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге, кез келген шарттардан бас тартуға немесе Ыдысқа қатысты кез келген үздік немесе қосымша кепілдіктер беруге құқылы емес.

Кепілдік бойынша ағымдағы Шектеулердің Ресей Федерациясының аймағында күші бар. Ресейде iCook ыдысына 2 жылдық кепілдік беріледі (СО-нан сатып алу/шоғырландырылған тапсырыс алу күнінен бастап).

iCook™ болаттан жасалған ыдыс Пайдалану және күтім жасау нұсқауы

Кез келген тағамды дайындауға арналған ыдыс

Сіз немесе туыстарыңыз қандай тағам дайындаса да, болаттан жасалған iCook ыдысы асүйіңізде әрқашанда әдемі, сенімді және таптырмайтын зат болып қалады. iCook асүй ыдысы тобының әрбір бұйымы сізге қиялдауға және аспаздық шығармашылық үшін әмбебаптық және іс жүзіндегі шексіз кеңістік ұсынады.

Осы ыдыс жасалған дизайн мен материалдардың үйлесімділігіндегі әмбебаптық өзіңіз дайындаған тағамдардың дәмін және құнарлы қасиеттерін сақтауға көмектеседі.

iCook ыдысын пайдалану

  • Алғашқы пайдаланудан бұрын:

    Қағаз орамалмен кәстрөлдің ішкі жағын және оның қақпағын сірке суымен сүртіңіз. Әрбір кәстрөлдің үштен бірін өз таңдауыңызға қарай құрамында ең аз 5% сірке қышқылы бар сірке сумен толтырып, өңдеңіз. Кәстрөлдің барлық беттерін, соның ішінде ішкі бетін және оның қақпақтарын сірке сумен сүртіп алыңыз. Кәстрөлді тиісті өлшемдегі қақпақпен жабыңыз. Сірке суын қайнатыңыз. Сірке суын 10 минут бойы қайнатыңыз. Сірке суын төкпеңіз, оны келесі кәстрөл жинағына құйыңыз да, осы тәртіпті қайталаңыз. Сірке суын барлық ыдыстарды өңдеу үшін қолдануға болады. Барлық ыдыс жинағын пайдалануға дайындағаннан кейін, сірке суын төгіңіз. Бұл сірке суды тамақ дайындау үшін қолданбаңыз. Ыдысты ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісінде жуыңыз. Бұл үшін ыдыс жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз. Одан кейін жақсылап шайыңыз.

  • Ыдысты әрбір пайдаланудан кейін оны ыстық суда қолмен жуыңыз, ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық қолданыңыз. Ыдысты жуу үшін DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз. Пішінінің өзгеруіне жол бермеу үшін қатты қызған табаға немесе қызған кәстрөлге ешқашанда салқын су құймаңыз. Болаттан жасалған iCook ыдысын ыдыс-аяқ жуатын машинада жумаған жөн. Ыдыс-аяқ жуатын машинада жуғаннан кейін кәстрөлдердің және табалардың тұтқалары қараяды, сондықтан ыдысыңыздың әдемі көрінісін ұзақ сақтау үшін оны қолмен жууға кеңес береміз.
  • Қақты және тұз шөгінділерін жою үшін:

    бұл қабатты еріту үшін ыдысқа біраз сірке суын немесе лимон шырынын құйыңыз, одан кейін ыдысты асүйлік қағаз орамалмен сүртіңіз. Ыдысты ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісімен жуыңыз. Ыдыс жууға арналған DISH DROPS қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз, жақсылап шайыңыз да, орамалмен әбден құрғатып сүртіңіз. Кәстрөлдердің бетінде қалған тұз, әртүрлі қышқылдар, майлар және қақтар өзара байланысу арқылы кәстрөлдерді шіріте бастайды.

  • Еш уақытта тұзды тікелей ыдысқа сеппеңіз:

    Тұзды суда немесе шырында алдын ала ерітіп алыңыз. Ерімейтін тұз нүктелі коррозияға себеп болады, әсіресе қызған кезде.

  • Асүйлік ысқыш, қырғыштар және ұнтақтар:

    DISH DROPS SCRUB BUDS™ Темір ысқыштармен тек кәстрөлдің ішкі жағындағы бүйір қабырғаларын және түбін тазалауға болады. Ыдыстың сыртқы айналы жылтыратылған қабырғаларын тазалау үшін, болат қырғыштарды немесе абразивтік ұнтақтарды пайдалануға болмайды. Егер ыдысты уақытында және тиісті түрде күтім жасамау салдарынан оның бетінде ақ дақтар немесе коррозия іздері пайда болды, сондықтан ыдыстың ішкі бетін L.O.C.™ Plus сұйықтығымен тазалауды ұсынамыз. Сірке суының металл бетіне арналған тазартқыш құралды қатты орама қағазбен немесе асүйлік қағаз орамалмен жағыңыз.

  • Ыдыстың бетін сызбау үшін азық-түлікті тікелей ыдысқа пышақпен немесе басқа темір аспаппен кеспеңіз.
  • Тамақ дайындау барысында тиісті өлшемдегі қақпақты пайдаланыңыз:

    дайындалатын тамақты толық жаппайтын тым кішкентай қақпақты пайдаланбаңыз.

  • Ыдыстың өлшемі сәйкес келетін конфоркада дайындаңыз:

    плита конфоркасының диаметрі кәстрөлдің немесе табаның диаметріне сәйкес келуі тиіс. Газ плитада тамақ дайындау барысында жалын асүй ыдысының бүйір қабырғаларынан тыс таралмауы тиіс. Егер конфорканың өлшемі ыдыстың өлшемінен үлкен болса, жылудың тікелей әсері ыдыс тұтқасының зақымдалуына себеп болады.

  • Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу және асүй ыдысының пайдалану мерзімін ұзарту үшін, су қайнатқан кездегіден басқа уақытта тамақты мүмкіндігінше шағын немесе орташа жалында / жылыту беттерінің төменгі немесе орташа температурасында дайындаңыз:

    Қатты жылу ыдысыңызды зақымдауы мүмкін.

  • Ет қуырғаннан кейін:

    Етті алғаннан кейін ыдысты сәл салқындатыңыз. Одан кейін оны ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісі қосылған ыстық суға салып қойыңыз, ыдыстарды жууға арналған DISH DROPS қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз. Ыдыстың бетіне жабысып қалған күйген ет немесе май қалдықтарын кетіру үшін, бос кәстрөлге / табаға су құйыңыз да, біршама уақыт қайнатыңыз.

  • Құрамында күкірті көп тамақ дайындау, мысалы, кептірілген жемістен жасалатын тағам, нүктелі коррозияға себеп болуы мүмкін, сондықтан оны болдырмау керек.
  • Тұтқалары және құлақшалары:

    Болаттан жасалған iCook ыдысының фенол тұтқалары және құлақшалары 204°С градусқа дейінгі температураға төзімді. Олардың бүтіндігін сақтау үшін, осы ыдыспен духовкада тамақ дайындау ұсынылмайды.

  • Тамақты болаттан жасалған iCook ыдысында сақтамаңыз және оның ішінде қышқыл дәмі бар азықты ұзақ ұстамаңыз, себебі ол оның бетінің тоттануына себеп болады.

iCook ыдысын сақтау

Amway компаниясы асүйде бос орын жиі жетпейтінін біледі, сондықтан болаттан жасалған iCook ыдыстарының көбісін сақтау ыңғайлы, бір кәстрөлді немесе табаны бір-біріне салып немесе оларды тұтқаларынан іліп қоюға болады. Егер бір кәстрөлді екіншісіне салып қойсаңыз, олардың қақпақтарын аударып қойыңыз және оларды кәстрөлдің ішінде сақтаңыз (сөйтіп, қажетті өлшемдегі қақпақ әрдайым қол астында болады).

Күюге қарсы жабыны бар болаттан жасалған iCook™ ыдысы Пайдалану және күтім жасау нұсқауы

Асүйдегі ең қажеттінің дәл өзі!

Сіз сатып алған күюге қарсы жабыны бар болаттан жасалған iCook ыдысы өте сенімді және сізге сүйікті асыңызды дайындаған кезде әрдайым керемет нәтижелерді қамтамасыз етеді. Бұл табалармен барлық кең таралған асүй плиталарында, әсіресе, газ, электр, әйнек керамикалық, индукциялық және тағы басқа плиталарда ас дайындауға болады.

Күюге қарсы жабыны асты су немесе май қоспастан дайындауға мүмкіндік береді, ол сізге барлық құнарлы заттары сақталған дәмді әрі пайдалы ас ішу мүмкіндігін береді. Табалар омлеттер, жұмыртқа, балық етін, құс дайындауға, көкөністер немесе ет қуыруға, оған қоса ірімшік қосатын ас дайындауға мінсіз қолайлы. Күюге қарсы жабыны бар болаттан жасалған iCook ыдыстарын пайдалану сипаттамалары дұрыс пайдалануға және күтім жасауға байланысты. Ыдысыңыздың артықшылықтарын толықтай пайдалана алу және Кепілдік күші жойылатын зақымдарды болдырмау үшін, нұсқауларды әрдайым мұқият оқып шығыңыз және оларды орындаңыз.

Пайдалану және күтім жасау нұсқауы

  • Алғашқы пайдаланудан бұрын:

    Күюге қарсы жабыны бар ыдысыңызды ыдыс және сірке суын жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісінде (ыдыс жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз) жуыңыз. Одан кейін жақсылап шайып, әбден құрғатып сүртіңіз. Күюге қарсы жабыны бар ыдысты пайдалануды бастаудан бұрын оның ішкі бетіне өсімдік майын (1 ас қасық) жағыңыз және жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Егер тамақ табаның ішкі бетіне жабыса бастаса, жоғарыдағы тәртіпті қайталау қажет. Егер табаны сәл қыздырсаңыз, ыдысты өсімдік майымен өңдеу тиімділігін жақсартады.

  • Ыдыстың өлшеміне сәйкес келетін конфоркада дайындаңыз:

    Конфорканың диаметрі табаның диаметріне сәйкес келуі тиіс. Газ плитада тамақ дайындау барысында жалын ыдыстың бүйір қабырғаларынан тыс таралмауы тиіс. Егер конфорканың өлшемі табаның өлшемінен үлкен болса, тікелей қызу әсері ыдыс тұтқаларының зақымдалуына себеп болады.

  • Әлсіз немесе орташа жалында дайындаңыз:

    Қатты жылу ыдысыңызды зақымдауы мүмкін.

  • Асхана аспаптарын абайлап қолданыңыз:

    Күюге қарсы жабыны бар ыдыстың зақымдалмаған сыртқы көрінісін және пайдалану сипаттамаларын сақтау үшін ағаштан жасалған асханалық аспаптар немесе полиамидті, резеңкелі немесе пластик жабыны бар аспаптарды таңдаңыз. Күюге қарсы жабыны бар iCook™ ыдысы металл заттарға қарсы зақымдалуға төзімді болса да, егер ыдыстарды үнемі пайдаланатын болсаңыз, уақыт өте зақымдар пайда бола бастайды. АЗЫҚТЫ ТУРА ЫДЫСТЫҢ ІШІНДЕ ПЫШАҚПЕН НЕМЕСЕ БАСҚА МЕТАЛЛ АСХАНАЛЫҚ АСПАПТАРМЕН ЕШҚАШАНДА КЕСПЕҢІЗ.

  • Ет қуырғаннан кейін:

    Табаны босатыңыз, оны біраз салқындатыңыз, одан кейін оны біраз уақыт ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісі (ыдыс жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз) қосылған ыстық суға салып қойыңыз. Егер табада тамақ және май қалдықтары қалса, онда қайта қыздырған кезде ішкі күюге қарсы жабынында дақтар пайда болуы мүмкін.

  • Температураның кенет өзгеруінен аулақ болыңыз:

    Пішінінің өзгеруіне жол бермеу үшін, қатты қызған табаға немесе қызған кәстрөлге ешқашан салқын су құймаңыз. Оған қоса, бос табаны ұзақ уақыт қыздыруға болмайды, себебі бұл зақымдалуға немесе оның ішкі күюге қарсы жабынының түссізденуіне себеп болады. Егер ыдысты алдын ала қыздыру керек болса, табаны бірнеше минут орташа жалынға қойыңыз.

  • Әрбір пайдаланудан кейін:

    Табаларды бірден ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық көмегімен ыстық суда қолмен жуыңыз. Ыдысты жуу үшін DISH DROPS қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз. Одан кейін әбден құрғатып сүртіңіз. Тамақты табада ұзақ уақыт қалдырмаңыз, себебі бұл таба бетінің тоттануына себеп болады. Күюге қарсы жабыны бар болаттан жасалған iCook ыдысын ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу ұсынылмайды. Ыдыс-аяқ жуатын машиналарда жуғаннан кейін, табалардың тұтқалары күңгірттенеді, сондықтан iCook ыдысыңыздың әдемі көрінісін ұзақ сақтау үшін оны қолмен жууға кеңес береміз.

  • Қақты және тұз шөгінділерін жою үшін:

    Бұл қабатты еріту үшін ыдысқа біраз сірке суын немесе лимон шырынын құйыңыз, одан кейін ыдысты асүйлік қағаз орамалмен сүртіңіз. Ыдысты ыдыс жууға арналған абразивтік емес сұйықтық ерітіндісімен жуыңыз, ыдыс жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз. Жақсылап шайыңыз және орамалмен әбден құрғатып сүртіңіз. Табаның бетінде қалған тұз, әртүрлі қышқылдар, майлар және қақтар өзара байланысу арқылы табаны шіріте бастайды.

  • Табаларды тазалау үшін абразивтік жуғыш заттарды немесе қырғыштарды қолданбаңыз:

    Бұл заттар ішкі күюге қарсы жабынды зақымдауы және ішкі жағын сызуы мүмкін. Ұсынылған температурадан асатын температурада ас дайындаған кезде пайда болған қаспақ дақтарын кетіру үшін абразивтік емес жуғыш заттарды пайдаланыңыз. Ыдыстың түбінің беткі жағы түссізденген жағдайда, оны металл бұйымдарға арналған L.O.C.™ Plus тазартқышымен және сірке суының немесе лимон шырынының қоспасымен тазалаңыз.

  • Бұл ыдысты тамақ сақтау үшін қолданбаңыз:

    Қышқыл азықтардың ыдыс бетіне оң әсер етуі ыдыстың тоттануына себеп болады.

  • Күюге қарсы жабынды сызаттардан қорғау үшін табаларды бір-бірінің ішіне немесе басқа ыдысқа арасына қорғайтын төсемелер салмастан сақтамаңыз.

iCook™ асүй пышақтарының жинағы

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

Пышақтарды қайрауға, пышақтарға және қайшыларға күтім жасауға арналған Құрылғыны және пышақтарды сақтауға арналған Құтыны пайдалану пышақтарыңыздың сапасын ұзақ жылдарға сақтауға мүмкіндік береді. Пышақтарды үстел жәшігінде қапсыз күйде сақтау — ең нашар әдістердің бірі, себебі бұл пышақ жүздерінің зақымдалуына себеп болады: пышақтар бір-бірімен жанасады және олардың жүздері жылдамырақ қайтады. Пышақтарды тиісті шарттарда сақтау үшін пышақтарды сақтауға арналған Құтыны пайдаланыңыз.

Ұсынылады

  • Пышақтарды сақтауға арналған құтыны пайдаланудан бұрын құты үстеліңіздің жәшігіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Пышақтарды сақтауға арналған құтыны қолмен жуыңыз. Ыдысты жуу үшін DISH DROPSTM сұйықтығын пайдалану ұсынылады.

Ұсынылмайды

  • Пышақтарды құтының үстіне дестелеп жинамаңыз.
  • Пышақтарды құтының астында қалдырмаңыз, үстел жәшігінің жабылуына кедергі келтіреді.
  • Егер құты жарылған немесе зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Оны жаңасына ауыстырыңыз.
  • Қауіпсіздікті ойлай отырып, құтыны қабырғаға ілмеңіз, оған қоса оны пышақтармен бірге тасымалдауға жол бермеңіз: құтыны тасымалдаудан бұрын пышақтарды алып тастаңыз.
  • Құтыны ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Қыратын ысқыштарды немесе тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.

Пышақтар

Осы жинаққа кіретін пышақтарды тиісті түрде пайдаланғанда және сақтағанда, пышақтар азық-түліктерді өңдеудің негізгі тапсырмаларын орындайды. Әрбір пышақтың өз мақсаты және қолдану ерекшеліктері бар.

Оңтайлы нәтижелерді қамтамасыз ету үшін пышақтарды әрдайым мақсаты бойынша пайдаланыңыз.

Бас аспазшы пышағы: азық-түлікті бөліктерге, текшелерге немесе майдалап турауға ең қолайлы (көп функциялы пышақ) болып келеді.

Әмбебап Сантоку пышағы: пышақтың жүзіне жабысып қалған азық-түлікті (мыс: картоп) турауға ең қолайлы болып келеді. Ет, балық және көкөніс турауға да сәтті қолдануға болады.

Нан кесуге арналған пышақ: жұмсақ азық-түлікті (нан, қызанақ, торт) турауға ең қолайлы болып келеді.

Әмбебап өңдеу пышағы: етті сүйектен айыруға, майды кесіп алуға және жемістерді турауға ең қолайлы болып келеді.

Көкөніс тазалауға арналған пышақ: жеміс және көкөніс қабықтарын кесіп алуға, әшекейлеп кесуге және картоп «көздерін» кетіруге ең қолайлы болып келеді.

Төменде айтылған нұсқауларды орындау арқылы Сіз пышақтарды максималды пайдалану мерзімін қамтамасыз етесіз және сыртқы көрінісін сақтайсыз.

Ұсынылады

  • Пышақтарды алғашқы пайдаланудан бұрын жуып алыңыз. Ыдысты және сірке суын жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығынан тұратын ерітіндіні пайдалануды ұсынамыз. Бұл май қабатын және өңдеу құрамын жоюға көмектеседі.
  • Пышақтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!
  • Әрбір пайдаланудан кейін пышақтарды қолмен жуыңыз. Ыдысты жуу үшін DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығын пайдалануды ұсынамыз.
  • Пышақтардың жүзін жиі және жүйелі түрде қайраңыз.
  • Оңтайлы жұмыс сипаттамаларына қол жеткізу үшін әрбір пайдаланудан бұрын пышақтардың жүздерін қайрау ұсынылады.
  • Жүздер мұқалғанда және қайрау барысында ешқандай нәтиже болмаған жағдайда, қайрақ тасты, алмазбен тозаңдалған қайрау құрылғысын немесе кәсіби қайрау қызметін пайдалану қажет.
  • Пышақтарды ұзақ сақтаған кезде оларға аздап өсімдік майын жағып, қағазға орап қойыңыз. Бұл пышақтардың тот басуына жол бермейді.

Ұсынылмайды

  • Пышақтарды тұтқа (құты және бөтелке ашу үшін) ретінде пайдаланбаңыз.
  • Пышақтарды сүйектерді кесу үшін пайдаланбаңыз.
  • Пышақтарды тоңазытылған азық-түлікті кесу үшін пайдаланбаңыз.
  • Пышақтарды әйнек, метал, гранит, тақтайша немесе қатты пластик сияқты қатты заттарды кесу үшін пайдаланбаңыз.
  • Қыратын ысқыштарды немесе тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.
  • Қауіпсіздік үшін пышақтарды басқа ыдыстармен суға салып қоймаңыз.
  • Пышақтарды ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болмайды.
  • Тамақтың қалдықтары пышақтардың жүзінде ұзақ уақыт бойы сақталмауын қадағалаңыз.
  • Пышақтарды ылғалды ортада сақтамаңыз.
  • Пышақтардың ашық отқа тікелей жанасуына жол бермеңіз.
  • Нан кесуге арналған пышақты немесе кез келген тістері бар пышақты қайрамаңыз.

iCook пышақтарының сапа кепілдігі

Кепілдік

Amway* компаниясы iCook™ асүй пышақтарында және көп функциялы қайшыларында дұрыс пайдаланылған жағдайда, ешқандай ақаулар (төменде анықталған) болмайтынына кепілдік береді.

Егер бұл ақау сапасыз материалмен немесе дұрыс дайындалмауға байланысты болса, немесе бұл ақау iCook™ Асүй пышақтарын және Көп функциялы қайшыларды ақырғы сатып алушының (әрі қарай — «Сатып алушы») пайдалануына кедергі келтірсе не пайдалану нәтижесін төмендетсе ғана бұл ақау болып саналады.

Ерекшеліктер

Бұл кепілдік қолданылмайды:

  • Мақсатымен пайдаланылмаған немесе iCook асүй пышақтарын және қайшыларын пайдалану жөніндегі нұсқауларға қарсы пайдаланылған iCook Асүй пышақтары және Көп функциялы қайшылары.
  • Физикалық зақымданған, апаттық жағдайда тап болған, қайта өңделген немесе ұқыпты қолданылмаған iCook асүй пышақтары және көп функциялы қайшылары.

Сатып алушының құқықтары

Егер iCook асүй пышақтарындағы және көп функциялы қайшыларындағы ақаулар мақсатсыз пайдалану, апаттық жағдайға түсу, физикалық зақымдалу, оған қоса, қайта өңделу немесе ұқыпты пайдаланбау салдарынан болмағаны анықталса, онда Amway компаниясы өз есебінен анықталған кемшілікті жоюға немесе кемшіліктері бар iCook асүй пышақтарын және көп функциялы қайшыларын ауыстыруға немесе ақшасын толық көлемде қайтаруға міндеттенеді.

Шағым білдіру

Осы Кепілдік бойынша наразылық білдіру үшін, Сатып алушы Amway компаниясына анықталған ақау туралы жазбаша түрде ескертуі тиіс.

Сатып алушы сатып алғаны туралы растайтын дерек ұсынуы керек, мысалы: iCook Асүй пышақтарын және көп функциялы қайшыларды сатып алу шоты, қазыналық чегі немесе басқа сатып алу дерегі.

Кепілдік әрекетінің шектелуі

Бұл ағымдағы кепілдік ақау салдарынан болған залалды қоспағанда, iCook асүй пышақтарының және көп функциялы қайшыларының құнымен шектеледі. Бұл ағымдағы Кепілдік жөндеу жұмыстары өз бетімен орындалған iCook асүй пышақтарына және көп функциялы қайшыларына қолданылмайды.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, Сатып алушының Ыдысқа қатысты шағымдары ағымдағы кепілдік бойынша қабылданады. Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, АҒЫМДАҒЫ КЕПІЛДІК РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАННАН БАСҚА БАРЛЫҚ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ АУЫСТЫРАДЫ.

«Амвэй» ЖШҚ Ресей Федерациясының заңнамасында рұқсат етілген дәрежеде iCook Асүй пышақтарының және көп функциялы қайшыларының ақаулығы салдарынан Сатып алушыға зиян келтіруі мүмкін нақты залалға өзінің жауапкершілігін шектейді. Ағымдағы Кепілдік Ресей Федерациясының заңнамасымен орнатылған Сатып алушы құқығына шек қоймайды.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, ешбір адам берілген Кепілдікке өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге, кез келген шарттардан бас тартуға немесе Ыдысқа қатысты кез келген үздік немесе қосымша кепілдіктер беруге құқылы емес. Кепілдік бойынша ағымдағы Шектеулердің Ресей Федерациясының аймағында күші бар.

* Осы жерде және әрі қарай Amway деген «Амвэй» ЖШҚ дегенді білдіреді. Толық ақпарат алу үшін, өзіңіздің тәуелсіз Амвэй өкіліне немесе мына мекенжайға хабарласыңыз:

«АМВЭЙ» ЖШҚ, 127018

РЕСЕЙ, МӘСКЕУ Қ-СЫ. СУЩЁВСКИЙ ВАЛ К-СІ, 18-ҮЙ,

ТЕЛ: (495) 981-40-00

Пышақтарды сақтауға арналған блок

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

Пышақтарды сақтауға арналған тегіс тұтас ағаштан жасалған блок асүйіңіздің ішкі көрінісін толықтырады. Сақтауға арналған блок Сізге пышақтарыңызды аса ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік береді.

Пышақтарды үстел жәшігінде қапсыз күйде сақтау — ең нашар әдістердің бірі, себебі бұл пышақ жүздерінің зақымдалуына себеп болады: пышақтар бір-бірімен жанасады және олардың жүздері жылдамырақ қайтады.

Пышақтарға арналған блок пышақтардың жүздерін зақымдалудан қорғайтын гигиеналық сақтау үшін арналған. Төменде айтылған нұсқауларды орындау арқылы Сіз пышақтарды сақтауға арналған блоктың максималды пайдалану мерзімін қамтамасыз етесіз және сыртқы көрінісін сақтайсыз.

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

  • Блокты құрғақ орынға орналастырған жөн.
  • Ұқыпты пайдаланыңыз және құлатып алмаңыз, бұл блоктың зақымдалуына себеп болады.
  • Блокқа пышақтарды қоймастан бұрын, оларды орамалмен құрғатып алыңыз.
  • Блоктың сыртқы бетін сызып алмау үшін, пышақтарды блокқа абайлап орналастырыңыз.
  • Блок таза қалуы үшін оны құрғақ шүберекпен мезгіл-мезгіл сүртіп тұрыңыз.
  • Егер кірді кетіру үшін көп күш жұмсалатын болса, блоктың беткі жағын біраз тазартқыш құрал (көп функциялы L.O.C.™ тазартқыш құралын пайдалануды ұсынамыз) қосылған дымқыл шүберекпен сүртіңіз және бірден құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
  • Блокты дымқыл күйде қалдырмаңыз.

Блокты дымқыл күйде қалдырмаңыз.

  • Блок жарылған немесе сынған жағдайда, онықолдануды тоқтатып, оны ауыстырыңыз.
  • Қауіпсіздікті ойлай отырып, блокты қабырғаға ілмеңіз, оған қоса оны пышақтармен бірге тасымалдауға жол бермеңіз: блокты тасымалдаудан бұрын пышақтарды алып тастаңыз.
  • Блокты ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болмайды. Қыратын ысқыштарды немесе тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.
  • Блокты суға батырмаңыз.
  • Блокты духовкаға салып немесе күннің көзінде ұзақ уақыт ұстау арқылы кептірмеңіз.

Көп функциялы асүй пышақтары

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

Қайшылар көп функциялы құрал болып табылады.

Қайрау процесін жеңілдету және аса мұқият тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, қайшының жүздері алмалы-салмалы болып жасалған.

Ұсынылады

  • Қайшыларды алғашқы пайдаланудан бұрын жуып алыңыз. Ыдысты және сірке суын жууға арналған DISH DROPS™ қойытылған сұйықтығынан тұратын ерітіндіні пайдалануды ұсынамыз. Бұл май қабатын және өңдеу құрамын жоюға көмектеседі.
  • Қайшылардың жүзін жиі және жүйелі түрде қайраңыз.
  • Оңтайлы жұмыс сипаттамаларына қол жеткізу үшін, әрбір пайдаланудан бұрын пышақтардың жүздерін қайрау (тегістеу) ұсынылады.
  • Жүздер мұқалғанда және қайрау барысында ешқандай нәтиже болмаған жағдайда, сізге кәсіби қайрау қызметіне жүгінуіңіз керек.
  • Қайшыларды тек құстардың сүйектерін (шошқаның, сиырдың немесе қойдың емес) кесу үшін пайдалану керек.
  • Қайшыларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Ұсынылмайды

  • Қайшыларды пайдаланған кезде тым қатты күш салмаңыз.
  • Қайшыларды температурасы жоғары орталарда пайдалануға немесе ашық жалынның тікелей жанасуына жол бермеңіз.
  • Қыратын ысқыштарды немесе тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.
  • Қауіпсіздік үшін қайшыларды басқа ыдыстармен суға салып қоймаңыз.
  • Қайшыларды ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болмайды.
  • Тамақтың қалдықтары қайшылардың жүзінде ұзақ уақыт бойы сақталмауын қадағалаңыз.
  • Қайшыларды ылғалды ортада сақтамаңыз.
  • Қайшыларды тікелей күн сәулесінің астында сақтамаңыз.

Кепілдік

Amway* компаниясы iCook™ асүй пышақтарында және көп функциялы қайшыларында дұрыс пайдаланылған жағдайда, ешқандай ақаулар (төменде анықталған) болмайтынына кепілдік береді.

Егер бұл ақау сапасыз материалмен немесе дұрыс дайындалмауға байланысты болса немесе бұл ақау iCook™ асүй пышақтарын және көп функциялы қайшыларын ақырғы сатып алушының (әрі қарай — «Сатып алушы») пайдалануына кедергі келтірсе не пайдалану нәтижесін төмендетсе ғана, бұл ақау болып саналады.

Ерекше жағдайлар

Бұл кепілдік берілмейді:

  • Мақсатымен пайдаланылмаған немесе iCook асүй пышақтарын және қайшыларын пайдалану жөніндегі нұсқауларға қарсы пайдаланылған iCook асүй пышақтары және көп функциялы қайшылары.
  • Физикалық зақымданған, апаттық жағдайда тап болған, қайта өңделген немесе ұқыпты қолданылмаған iCook асүй пышақтары және көп функциялы қайшылары.

Сатып алушының құқықтары

Егер iCook асүй пышақтарындағы және көп функциялы қайшыларындағы ақаулар мақсатсыз пайдалану, апаттық жағдайға түсу, физикалық зақымдалу, оған қоса, қайта өңделу немесе ұқыпты пайдаланбау салдарынан болмағаны анықталса, онда Amway компаниясы өз есебінен анықталған кемшілікті жоюға немесе кемшіліктері бар iCook асүй пышақтарын және көп функциялы қайшыларын ауыстыруға немесе ақшасын толық көлемде қайтаруға міндеттенеді.

Шағым білдіру

Осы Кепілдік бойынша наразылық білдіру үшін, Сатып алушы Amway компаниясын анықталған ақау туралы жазбаша түрде ескертуі тиіс.

Сатып алушы сатып алғаны туралы растайтын дерек ұсынуы керек, мысалы: iCook асүй пышақтарын және көп функциялы қайшыларды сатып алу шоты, қазыналық чегі немесе басқа сатып алу дерегі.

Кепілдік әрекетінің шектелуі

Бұл ағымдағы кепілдік ақау салдарынан болған залалды қоспағанда, iCook асүй пышақтарының және көп функциялы қайшыларының құнымен шектеледі. Бұл ағымдағы Кепілдік жөндеу жұмыстары өз бетімен орындалған iCook Асүй пышақтарына және Көп функциялы қайшыларына қолданылмайды.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, Сатып алушының Ыдысқа қатысты шағымдары ағымдағы кепілдік бойынша қабылданады.

Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, АҒЫМДАҒЫ КЕПІЛДІК РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАННАН БАСҚА БАРЛЫҚ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ АУЫСТЫРАДЫ.

«Амвэй» ЖШҚ Ресей Федерациясының заңнамасында рұқсат етілген дәрежеде iCook Асүй пышақтарының және көп функциялы қайшыларының ақаулығы салдарынан Сатып алушыға зиян келтіруі мүмкін нақты залалға өзінің жауапкершілігін шектейді.

Ағымдағы Кепілдік Ресей Федерациясының заңнамасымен орнатылған Сатып алушы құқығына шек қоймайды. Егер Ресей Федерациясының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаған болса, ешбір адам берілген Кепілдікке өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге, кез келген шарттардан бас тартуға немесе Ыдысқа қатысты кез келген үздік немесе қосымша кепілдіктер беруге құқылы емес.

Кепілдік бойынша ағымдағы Шектеулердің Ресей Федерациясының аймағында күші бар.

* Осы жерде және әрі қарай Amway деген «Амвэй» ЖШҚ дегенді білдіреді. Толық ақпарат алу үшін, өзіңіздің тәуелсіз Амвэй өкіліне немесе мына мекенжайға хабарласыңыз:

«АМВЭЙ» ЖШҚ, 127018

РЕСЕЙ, МӘСКЕУ Қ-СЫ. СУЩЁВСКИЙ ВАЛ К-СІ, 18-ҮЙ,

ТЕЛ: (495) 981-40-00

Пышақ қайрауға арналған құрылғы

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

Сапалы пышақтарды және қайшыларды әлсін-әлсін қайрап тұру керек. Пайдалану барысында жүздің кескіш жиегінде микроскоптық бұдырлар пайда болады, бұл олардың таза және дәл кесу мүмкіндігін төмендетеді.

Жүз мұқалған сайын көбірек күш салу қажет болады. Пышақтарыңыз пайдалану үшін, аса қауіпсіз және қарапайым болуы үшін және жүздердің жиегін тегістеу үшін, пышақтарды қайрауға арналған Құрылғыны пайдаланыңыз.

Қайраған кезде жүздер таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.Бас аспазшы пышағын, Әмбебап Сантоку пышағын, Әмбебап өңдеу пышағын және Көкөніс тазалайтын пышақты төмендегідей қайрау керек:

Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны ашыңыз және оны таза әрі құрғақ және тегіс бетке орнатыңыз. Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны таза құрғақ қолдарыңызбен ұстаңыз да, пышақтың жүзін негізінен ұшына дейін керамикалық дөңгелектердің арасынан нан кескен кездегідей жүргізіңіз (5-10 рет қайталаңыз).

Қайраған кезде, Көп функциялы асүй қайшылары таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Қайшылардың тұтқыштарын ашыңыз және жүздерді ажыратыңыз. Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны ашыңыз және оны таза әрі құрғақ және тегіс бетке орнатыңыз. Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны таза құрғақ қолмен ұстаңыз. Оң қолмен тұтқышты ұстап тұрып, жүздің кесетін жиегін құрылғының көрсеткісі бойынша тегістеңіз және жүзді қайрайтын саңылаудан ұзындығы бойынша жүргізіңіз (5–10 рет қайталаңыз).

Пышақтарды қайрауға арналған құрылғы ұзақ пайдалануға арналмаған. Пайдалану жиілігіне байланысты оны алмастыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Пышақтарды қайрауға арналған құрылғының көмегімен болатты бір рет қайрауға жеткіліксіз болады және Сізге қайрақ тасты, алмазбен тозаңдалған қайрау құрылғысын немесе кәсіби қайрау қызметін пайдалану қажет болады.

Төменде айтылған нұсқауларды орындау арқылы Сіз пышақтарды қайрауға арналған Құрылғының максималды пайдалану мерзімін қамтамасыз етесіз және сыртқы көрінісін сақтайсыз.

Ұсынылады

  • Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны тек тік күйде пайдаланыңыз, жүзді құрылғының бүкіл ұзындығы бойынша өңдеңіз.
  • Бірқалыпты алға бағытталған қимылдар арқылы қайраңыз.
  • Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны таза сумен және/немесе жууға арналған DISH DROPSTM қойытылған сұйықтықпен жуыңыз.

Ұсынылмайды

  • Нан кесуге арналған пышақты немесе кез келген тістері бар пышақты қайрамаңыз.
  • Жүздерді қайраған кезде тым қатты күш салмаңыз.
  • Қайраған кезде жүзді қатты баспаңыз.
  • Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны сынған немесе ішкі бөліктері бекітілмеген болса, оны пайдалануды тоқтатып,оны жаңасымен ауыстырыңыз.
  • Пышақ қайрауға арналған құрылғыны бөлшектемеңіз.
  • Абразивтік ысқыш немесе тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз немесе құрылғыны суға батырмаңыз.
  • Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны ыдыс-аяқ жуатын машинада жумаңыз.
  • Пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны тікелей күн сәулесінің астында сақтамаңыз.
  • Жүздің сырғанап кетуін болдырмау үшін, пышақтарды қайрауға арналған құрылғыны түпқоймасы жоқ болса пайдаланбаңыз.

Пышақтарды сақтауға арналған құты

Пайдалану және күтім жасау нұсқаулары

Пышақтарды үстел жәшігінде қапсыз күйде сақтау — ең нашар әдістердің бірі, себебі бұл пышақ жүздерінің зақымдалуына себеп болады: пышақтар бір-бірімен жанасады және олардың жүздері жылдамырақ қайтады.

Пышақтарды тиісті шарттарда сақтау үшін пышақтарды сақтауға арналған Құтыны пайдаланыңыз.

Төменде айтылған нұсқауларды орындау арқылы Сіз пышақтарды сақтауға арналған Құтының максималды пайдалану мерзімін қамтамасыз етесіз және сыртқы көрінісін сақтайсыз.

Ұсынылады

  • Пышақтарды сақтауға арналған құтыны пайдаланбас бұрын, құты үстеліңіздің жәшігіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Пышақтарды сақтауға арналған құтыны қолмен жуыңыз. Ыдысты жуу үшін, DISH DROPSTM сұйықтығын пайдалану ұсынылады.

Ұсынылмайды

  • Пышақтарды құтының үстіне дестелеп жинамаңыз.
  • Пышақтарды құтының астында қалдырмаңыз, үстел жәшігінің жабылуына кедергі келтіреді.
  • Құты жарылған немесе сынған жағдайда қолданбаңыз. Оны жаңасына ауыстырыңыз.
  • Қауіпсіздікті ойлай отырып, құтыны қабырғаға ілмеңіз, оған қоса оны пышақтармен бірге тасымалдауға жол бермеңіз: құтыны тасымалдамас бұрын, пышақтарды алып тастаңыз.
  • Құтыны ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Қыратын ысқыштарды немесе тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.