iCook ыдыстары

  • iCook™ ыдысы ауыр қалың тот баспайтын болаттан жасалған, OPTITEMP™ толықтай инкапсулденген бүтін металлды түбі бар, бұл оған беріктілік, ұзақ мерзімділік пен біркелкі қызуды қамтамасыз етеді; ол индукциялық плитамен үйлесімді. Көптеген біраз қымбат ас үй ыдыстары бұйымдары салмағы бойынша жеңіл, себебі олар тот баспайтын болаттан қарағанда салмағы аз алюминийден дайындалған немесе біршама жұқа тот баспайтын болаттан жасалған. Тот баспайтын болаттан жасалған қалың массивті қақпақтары кәстрөлдегі ылғал оқшаулағышты ұстай отырып, VITALOK™ тағамдарды сәтті дайындауға көмектеседі.

  • Уақыт өте келе ыдыс жуатын машинада автоматты жуудан сабының сыртқы түрі өңі кететіндіктен, бұл ыдысты қолмен жуу ұсынылады. Ыдысты әрбір пайдаланудан кейін біз оны DISH DROPS™ ыдыс жууға арналған концентрленген сұйықтықпен ыстық суда қолмен жууды ұсынамыз. Сосын жұмсақ орамалмен сүртіңіз немесе жай ғана кептіріңіз.

  • Көптеген жағдайларда күйген тамақты тазалау өте жеңіл. iCook ас үй ыдысының беті тот баспайтын болаттан жасалған. Тот баспайтын болат - бүгінде сатылатын ас үй ыдысы үшін ең белгілі материал. Тұтынушылар бұл ыдысты жақсы көреді, себебі ол ұзақ қызмет көрсетеді және жеңіл жуылады, бұл оның өте қатты бетімен және тот баспайтын болат құрылымының жоғары тығыздығымен түсіндіріледі. Ең алдымен кәстрөлге суды ол күйген орындарды жабатындай етіп құйыңыз. Суды қайнатыңыз. Бұл тот баспайтын болат бетінен күйген тамақты жою үшін көбінесе жеткілікті болып табылады. Егер бұл іске аспаса, L.O.C.™ сауда белгісінің ыдысты жұмсақ тазалағыш құралымен және кәдімгі ас үй сорғышының көмегімен тазалаңыз. Ыдысты мұқият тазалаңыз да, қажет болса, тазалағыш құралды қайта пайдаланыңыз. Күйген тамақты тазалау қиын және біршама күш салуды қажет етуі мүмкін. iCook™ ас үй ыдысында тамақты дайындау төмен немесе орташа температураны қажет ететінін есте сақтаңыз. Плитада дайындалып жатқан тамақты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. 

  • L.O.C. ™ жұмсақ тазалағыш құралының бір бөлігі мен DISH DROPS™ ыдыс жууға арналған концентрленген сұйықтықтың үш бөлігін паста күйіне дейін араластырыңыз. Қоспаны ыдыстың бетіне жағыңыз. Шамамен 20 минутқа қалтырыңыз. Бетті мұқият сүртіңіз. Назар аударыңыз: айна тәріздес беттерді сызат қалмас үшін абайлап сүрту қажет.

  • Сіз iCook™ ас үй ыдысын бірінші рет пайдалану алдында оны ыстық суда жуу қажет. Біз қалған техникалық майлар мен жылтыратушы құралдардың қалдықтарын жою үшін ыдысты DISH DROPS™ ыдыс жууға арналған концентрленген сұйықтықпен жууды ұсынамыз. Бірақ ыдысты қаптамас бұрын, оны жуғанмен, өндірістік майлар мен жылтыратушы құралдардың кейбір қалдықтары онда қалуы мүмкін.

  • Мәселе бұл жерде L.O.C. көп функционалды тазалағыш құралы мен iCook™ ас үй ыдысының үйлеспеушілігінде емес. Ол да DISH DROPS концентрленген сұйықтығы сияқты әсер етеді, бірақ оны өте кір ас үй ыдысын жуу кезіндегі кірді сіңіру қабілеті жоқ. 

  • Түстің мұндай өзгеруі ыдыстың қыздырудың жоғары температурасы нәтижесінде және уақыт өте келе тамақты араластырмаса, жанғыш нүктелердің пайда болуы нәтижесінде пайда болады. Түстің мұндай өзгеруін белгілі күш салу арқылы жоюға болады. Ластанған бетке лимон шырынын немесе сірке қышқылын құйыңыз да, сосын оны жұмсақ абразивтік ысқышпен сүртіңіз. Қайталап тазалау өте тұрақты дақтар үшін қажет болуы мүмкін. Сіз өзіңіздің ыдысыңызда жанудың мұндай іздерінен аулақ бола аласыз, егер әрқашан да тамақты үнемі араластыра отырып, орташа немесе баяу отта дайындайтын болсаңыз. 

  • Ақ дақтар - бұл кран мен тағам суының құрамына кіретін кальций мен натрийдің минералды шөгінділері. Бұл заттар сірке суының көмегімен жойылуы мүмкін. Кәстрөл түбіне сірке суының аздаған мөлшерін құйыңыз да, дақтарды ерітіңіз. 

  • Кепілдік мерзімнің қолданылуы мерзімінде ақау анықталған жағдайда Сізге «Амвэй» компаниясына жүгіну қажет. Қайтаруды НПА - тікелей өнім сатып алушы немесе сенімхат негізінде әрекет ететін басқа да тұлғалар іске асырады (НПА - жеке тұлғадан нотариалдық куәландырылған сенімхат талап етіледі, НПА-заңды тұлғадан - жетекші қол қойған және мөрмен растаған сенімхат талап етіледі). Сенімхаттың түпнұсқасын ұсыну қажет). Бөлшектерді немесе жинақты алмастыруды НПА - жинақты тікелей алушы немесе сенушінің төлқұжатының тіркелген көшірмесі бар тікелей алушының қолмен жазылған сенімхаты негізінде әрекет ететін басқа тұлға іске асырады.

    1) Егер ыдысты Сіз «Амвэй» Сауда орталығында (бұдан әрі СО) алған болсаңыз, Сізге СО жүгініп, ақау анықталған ыдысты сараптамаға ұсынып, наразылық бланкін толтыру керек. «Амвэй» компаниясы Сіз үшін Сізге жарамды наразылықты қанағаттандырудың нұсқасын таңдау мүмкіндігін ұсынады: 

    • Егер Сіз Өзіңі төленген соманы алғыңыз келсе немесе ақауы бар ыдыс жинағын дәл сондай артикулдағы жаңа Ыдыс жинағына алмастырғыңыз келсе, Сізге ақауы бар Ыдыс жинағын СО өзіңіз жеткізуіңіз қажет.

    • Егер Сіз жинақтың бракталған бөлігін алмастыру жолымен жойғыңыз келген жағдайда, Сізге СО-на ақауы бар Ыдыс жинағының бөлігін ғана жеткізу қажет. Бұл жағдайда біз Сізге алдын ала СО қоңырау шалып, қайталап жүгіну қажеттілігінің алдын алу үшін СО қоймасында қажетті қосалқы бөлшектің бар екеніне көз жеткізуіңізді ұсынамыз. 

    2) Егер ыдысты Сіз шоғырландырылған тапсырысты орналастыру жолымен сатып алған жағдайда, Сіз жалпы таңдау бойынша:

    • Сапа бойынша наразылық бланкін жеке толтырып, жақын жердегі СО жүгіне аласыз. Бұл жағдайда Сіз СО арқылы сатып алған жағдайдағыдай наразылықты қанағаттандыру нұсқасын таңдай аласыз. Егер Сіз төленген соманы қайтаруды рәсімдеуді қаласаңыз, бұл сома Сізге компанияның орталық кеңсесіндегі наразылық жөніндегі Маман наразылықты өңдегеннен кейін аударылатын болады. 

    • Толтырылған және қол қойылған наразылық бланкін (iCook ыдысының сапасы бойынша наразылық бланкі сайтта, іскерлік ақпарат бөлімінде орналасқан) «Амвэй» компаниясына пошта арқылы жібере аласыз. Өтінішке ыдыстың бракталған бөлігін қосу қажет. Бракталған бөлшексіз электрондық пошта/факс бойынша жіберілген наразылық бланкі қарауға қабылданбайды. Егер Сіздің наразылық негізделген деп танылса, Сіз бракталған бөлшекті жөнелту бойынша шығындар өтемін ала аласыз. Бұл үшін сонымен қатар жөнелту бойынша шығындарды растайтын құжатты (кассалық чек, жүкқұжат) ұсыну қажет (наразылық бланкіне қосу). 

    Қайтаруды НПА - тікелей өнім сатып алушы немесе сенімхат негізінде әрекет ететін басқа да тұлғалар іске асырады (НПА - жеке тұлғадан нотариалдық куәландырылған сенімхат талап етіледі, НПА-заңды тұлғадан - жетекші қол қойған және мөрмен растаған сенімхат талап етіледі). Сенімхаттың түпнұсқасын ұсыну қажет). 

    Бөлшектерді немесе жинақты алмастыруды НПА - жинақты тікелей алушы немесе сенушінің төлқұжатының тіркелген көшірмесі бар тікелей алушының қолмен жазылған сенімхаты негізінде әрекет ететін басқа тұлға іске асырады.

    Егер Сіздің наразылық негізсіз деп танылса және Сіз бұл қорытындымен келіспейтін болсаңыз, Сіз оған қарсылық білдіре аласыз. Бұл үшін Сіз кез келген тәуелсіз авторландырылған ұйымға сараптамалық бағалау жүргізу туралы өтініммен өздігіңізбен жүгіне аласыз. Егер сараптама «Амвэй» компаниясының қорытындысының құқыққа қайшылығын таныса, «Амвэй» компаниясы сараптық баға жүргізуге Сіздің шығындарыңызды өтеуге міндеттенеді. 

    Сіздің өтінішіңіз бойынша «Амвэй» компаниясы сонымен қатар ыдысты сараптамаға беруі мүмкін. Бұл үшін Сізге «Амвэй» ААҚ компаниясының Бас директорының атына жеке өтінішпен жүгіну қажет. Ыдыс тәуелсіз ұйымға берілетін болады. Егер сараптама «Амвэй» компаниясы қорытындысының құқықтығын растайтын болса, Сізге «Амвэй» компаниясына келтірілген сараптама жүргізуге шығындарды өтеу ұсынылатын болады. 

  • Ақ үлдір - бұл ет ақуызы. Оны жұмсақ абразивті сорғыш көмегімен жоюға болады

  • Ұсақ жаншылулар - бұл тот баспайтын болаттың тұзды коррозиясы. тот баспайтын болат тұздың әсерімен таттануға ұшырауы мүмкін, әсіресе қыздыру кезінде. Өкінішке орай, оларды жоюға болмайды. Бұл жаншылулар одан әрі тереңдеуі және тіпті тот баспайтын болаттың сыртқы қабаты арқылы енуі де мүмкін. Егер бұл орын алса, онда ерте ме, кеш пе бетінде таттану пайда болады. Тұзды жаншылулардың алдын алу үшін, кәстрөлдің бетіне тікелей тұзды қоспаңыз. Тамақты тұздау үшін, алдымен тұзды суда немесе тамақты дайындау кезінде бөлінетін шырында ерітіңіз.

  • iCook ас үй ыдысындағы ұстағыштар мен сабы бұралған. Бұранда жүйесі бұл бөлшектерді егер олар жарамсыз жағдайға келсе, оларды алмастыруға болатынынан мүдделі клиенттердің сұраныстарына сәйкес пайдаланылады. Бір қолмен қақпағын ұстап тұрып, екіншісімен сағат тілі бойынша сабын бұрай отырып, сабын бекітуге болады. Ұзын және бүйірлік саптарын крест тәріздес бұрауыштың көмегімен сағат тілі бойынша бұрандаларын бұрап отырып, бекітуге болады. Бұрандалар уақыт өте келе әлсірейді. Ұстағыштар мен саптарды үнемі тексеру керек және қажет болғанда беріктендіру керек.

  • Жоқ. Ұзын және бүйірлік немесе қосалқы саптар өзара алмаспайды. Оларды бекіту жүйесі әр түрлі.

    Тамақ дайындау үшін кәстрөлдің өлшемі маңызды ма? 

    Тамақ кәстрөлге оның көлемінің 2/3 бөлігіне сиятындай кәстрөлді таңдауға тырысыңыз. Өте кішкентай ыдыс тамаққа тар болады және ол біркелкі дайындала алмайды. Өте үлкен кәстрөлі VITALOK төмен ылғалдылықта тағам дайындаудың әдісін пайдаланғанда гидробекітпе жасауға мүмкіндік бермейді. Өте үлкен кәстрөл көп энергия шығындалатын қосымша қыздыруды қажет етеді. Сонымен қатар кәстрөл өлшеміне сәйкес келетін конфорканы таңдау және жалын кәстрөл түбінен шықпауы үшін бақылау маңызды.

  • Сіз iCook ыдысын плитада да, духовкада да пайдалана аласыз. Духовкада кәстрөлдер мен табалар 200 градусқа дейін қыза алады. Ыдысты духовкада жиі пайдаланған кезде оны саптары реңкін жоғалтады. Духовкадағы температураның өзгерісін бақылау маңызды. Ешқашан да табаларды ашық отта қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі бұл жағдайда температура 260 градусқа жетуі мүмкін. Ешқашан да ас үй ыдысын ашық ауада грил дайындау үшін пайдаланбаңыз, себебі бұл кезде температураны бақылау қиын және оның бірден артуы ыдысқа зиян келтіруі мүмкін.

  • Жоқ, iCook ыдысы шағын толқынды пештерге пайдалануға тағайындалмаған. Металл кәстрөлдер мен табалар вольттық доға түзуі мүмкін.

  • iCook ыдысы шыны/қыш плиталарды қоса алғанда, көптеген плиталар үшін тағайындалған. iCook ыдысының толықтай инкапсулденген бүтін металлды түбі жалпақ дерлік, бұл осы плиталармен жақсы контактіні қамтамасыз етеді.

  • Көптеген индукциялық плиталарда дайындау кезінде магнитті негізі бар ас үй ыдысын пайдалану талап етіледі. iCook ыдысының толықтай инкапсулденген бүтін металлды түбі магнитті-белсенді болып табылады және сондықтан да ол индукциялық плитамен үйлесімді.

  • Кез келген нейлонды, пластикті немесе ағаш қасықтар мен шанышқылар ыдыста сызат қалдырмайды. Ешқашан да тамақты кәстрөлдің ішінде пышақпен кеспеңіз, себебі оның зақымдалуы мүмкін. Металл аспаптарды пайдалануға болады, бірақ бұл ретте із қалдырмау үшін күш салмаңыз. 

  • Сіз қақпақты ашқан кезде гидробекітпе бірден бұзылады. Сондықтан да тамақтың дайындығын қақпағын сәл көтеріп қана тексерген жақсы (кәстрөлге шанышқы ене алатындай түрде). Тамақтың дайындығын тексеру кезінде әрбір рет VITALOK әдісі қайтадан әрекет етуі үшін гидробекітпені қайта түзу керек. Тамақтың дайындығын жиі тексермеуге тырысыңыз: бұл дайындау уақытын қысқартады, тамақтың табиғи дәмін, түсін және иісін сақтауға, сонымен қатар оның текстурасы мен қоректік заттарын сақтауға көмектеседі. Сіз iCook ыдысында тамақ дайындауға әдеттенген кезде, Сіз онда тамақтың қалай тез дайын болатынын түсінесіз және тамақтың дайындығын олай жиі тексермеуге әдеттенесіз.

  • Кәстрөлді үйлесетін қақпақпен жабыңыз да, орташа жалынға қойыңыз. Газды конфоркада орташа жалын кәстрөл түбін жауып тұрады. Егер жалын кәстрөл негізінен жалпағырақ болса, Сізге оны азайту қажет болады. Шамамен 3-5 минуттан соң қақпақ астынан бу шыға бастайды және Сіз қақпақтың сәл дірілдегенін көресіз. Кәстрөлдегі қақпақты аударыңыз: егер ол еркін аударылса, бұл VITALOK гидробекітпесі түзілгенін білдіреді. Жалынды әлсіз етіп өшіріңіз. Егер қақпақтың астынан судың шашырандысы шықса және ол тарсылдаса, бұл Сіздің өте қатты қыздыруға қойғаныңызды білдіреді.

  • iCook ас үй ыдысы әмбебап, оны тамақ дайындаудың ең әртүрлі әдістерінде пайдалануға болады. VITALOK және көп функционалды тамақ дайындау әдісінен басқа бұл ас үй ыдысы бұқтыру, пісіру, буда дайындау, қыздырып пісіру, қуыру, алдын ала қыздыру арқылы бұқтыру, жасыту, сотеде дайындау, қыздыру, үнемі араластыру арқылы қуыру үшін және тамақ дайындаудың көптеген қарапайым және арнайы әдістері үшін пайдаланылуы мүмкін.

  • Қақпақ кәстрөлге жабысып қалады, себебі кәстрөлдің ішіндегі немесе кәстрөлдің өзі салқындап, аздаған вакуум түзген. Қақпақты күштеп жұлуға тырыспаңыз. Кәстрөлді конфоркаға қойыңыз да, қақпағын әрбір бірнеше секунд сайын тексере отырып, баяу жалында қыздырыңыз. Жылу кәстрөл ішіндегі ауаның кеңіп, қақпақтың кәстрөлден босауына мүмкіндік береді. Егер қақпақ кәстрөл мен қақпақ арасында тамақтың тұрып қалуынан ашылмай қалса, қақпаққа аздап су құйыңыз да, кәстрөлді баяу отта қыздырыңыз. Әрбір бірнеше секунд сайын қақпақтың босағанын тексеріңіз. 

  • Сіздің ыдысты шамадан тыс қыздырудың қажеті жоқ. Кәстрөлді алдын ала қыздыру үшін оны орташа қыздырылған конфоркаға қойыңыз. Газды конфоркада орташа жалын ыдыстың барлық түбін қамтиды. Егер жалын кәстрөл астынан шығатын болса, Сізге жалынды азайту керек. Ыдысты шамамен 2-3 мин қыздырыңыз. Оған бірнеше тамшы су қосыңыз. Егер су түйіршіктеліп, секіретін болса, онда кәстрөл ет қуыруға болатындай температураға дейін қызғанын білдіреді. 

    Ешқашан да бос ыдысты тек қана алдын ала қыздыру мақсатында қалдырмаңыз. Кәстрөлді алдын ала 2-3 минуттан асырмай қыздырыңыз. Кәстрөлді отта қараусыз қалдырмаңыз.

    Сіз iCook ыдысын пайдаланған кезде жоғары температурада қуыру міндетті емес. iCook кәстрөлдері мен табаларында жалпақ бүтін металлды түбінде алюминий қабаты бар, бұл Сіз тіпті төмен температурада дайындаған кезде тиімді жылу өткізгіштікке әсер етеді.

  • Сіз ет қуырғанда және оны алдын ала қыздырылған табаға салғанда, ол алдымен жабысады. Бұл қалыпты. Оған қоса, ет қуырылған кезде май бөлінеді де, ол табадан бөліне бастайды. Әрқашан да етті одан периметрі бойынша сөлі бөлінетіндей бірақ қуырыңыз. Сөлі пайда болған кезде, етті аудару қажет. Етті табадан жұлуға тырыспаңыз, болмаса ол бөліктерге бөлініп қалады.

    Күюге қарсы жабыны бар iCook ыдысына күтім тот баспайтын болаттан жасалған iCook ыдысын күту мен жуудан ерекшеленеді ме? 

    ИЯ Күюге қарсы жабыны бар ыдысты жуу мен күту үшін сақтықтың қосымша шаралары қажет. Ыдысқа бірге тіркелген күту мен пайдалану бойынша нұсқаулыққа жүгінуіңізді өтінеміз.

    iCook күюге қарсы жабыны бар ыдысты жуу үшін абразивті жуғыш құралдарды және ысқыштарды пайдаланбаңыз: олар күюге қарсы жабынды зақымдауы мүмкін.

     Уақыт өте келе ыдыс жуатын машинада автоматты жуудан сабынның сыртқы түрі өңі кететіндіктен, қолмен жуу ұсынылады. Ыдысты әрбір пайдаланудан кейін біз оны Amway Home DISH DROPS™ ыдыс жууға арналған концентрленген сұйықтықпен ыстық суда қолмен жууды ұсынамыз. Сосын жұмсақ орамалмен сүртіңіз немесе жай ғана кептіріңіз. Ыдыс жуатын машинада жуғаннан кейін ыдысты келесі қолдануға дайындау қажет.

  • Дайындау процессінде күюге қарсы қабаттың барлық тесіктері маймен толады. Осылайша жабын қасиеттері жақсарады және оның қызмет көрсетуінің біршама ұзақ мерзімі қамтамасыз етіледі. 

    Бірінші пайдалану алдында күюге қарсы жабынды маймен сәл сүртіңіз, сосын орташа жалында аздап қыздырыңыз - беті ұстағанда жай жылы болуы тиіс. Сосын кәстрөлді немесе табаны салқындатыңыз, жұмсақ жуғыш құралмен сорғышпен жылы суда жуыңыз да, шайқаңыз. Ыдыс пайдалануға дайын.

  • Сіз күюге қарсы жабыны бар ыдысты тек жоғарғы саты үшін ғана пайдалана аласыз. Төменгі ярустар үшін оны пайдалануға болмайды, себебі күюге қарсы жабыны бар ыдысқа өлшемі бойынша жарамды дөңес қақпақ жоқ. 

  • тот баспайтын болаттан жасалған араластыруға арналған сыйымдылықты тамақты дайындау процессінде мұздату камерасына қоюға болады. Тағамдарды араластыруға арналған сыйымдылықта ұзақ уақыт бойы мұздату камерасына сақтамаңыз, себебі кейбір өнімдердің әсері тот баспайтын болаттың тот басуына әкелуі мүмкін. Пластмасса қақпақтарды мұздату камерасына қоймаңыз - олар формасын бұзуы мүмкін. Араластыруға арналған сыйымдылықтарды духовка үшін пайдалануға болады. Түссіздену мен форманың бұзылуының алдын алу үшін духовка температурасы 177 градустан аспауы тиіс. Ешқашан да духовкаға араластыруға арналған сыйымдылықтар қақпағын қоймаңыз.

iCook технологиялары

  •  iCook™ асүй ыдыстарының түбі тұтастай металдан тұрады және көп қабатты болаттан жасалады. Кастрөлдер келесілерден құралатын 3 қабатты болаттан тұрады:

    • тот баспайтын болат

    • көміртекті болат

    • тот баспайтын болат

    Кастрөлдің негізі индукциялық пешпен сәйкес келуі үшін ферромагниттік тот баспайтын металмен қапталған алюминий тілімшесінен тұрады.



    1 – Тот баспайтын болат
    2 – Көміртекті болат
    3 – Тот баспайтын болат
    4 – Алюминий
    5 – Тот баспайтын болат

    iCook ыдыстары кастрөлдерінің корпустарын құрайтын бес қабат металл суретте көрсетілген. Алайда, техникалық тұрғыдан қарағанда, кастрөл корпусы 5 қабатты материалдан тұрмайды.

  • Болаттан жасалған iCook ™ асүй ыдыстары құрылымының құрамына тот баспайтын болат, көміртекті болат және алюминий артықшылықтарын қамтитын көптеген материалдар тіркесімі кіреді. Күйіп кетуге қарсы жабыны бар iCook ™ асүйлік ыдыстарының негізі бір қабатты тот баспайтын болаттан жасалған, бұл еңіс бүйірлік жақ пен шеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді де, омлет және құймақ тәрізді нәзік тағамдарды ыдыстан алуды жеңілдетеді.

  • iCook ™ ыдыстарының күйіп кетуге қарсы жабынының қалыңдығы туралы ақпарат жарияланбайды, өйткені, мұндай деректер жабын жеткізушісінің патенттелген меншігі болып табылады.

  • "Толықтай капсулденген" термині түгелдей алюминийдің тотығуының алдын алу үшін тот баспайтын қабықшамен қапталған алюминий тілімшесіне қатысты қолданылады. Кастрөл негізі динамикалық пісіру арқылы бекітілген. Бұл әдісті кейде үйкеу арқылы пісіру деп те атайды.

  • iCook™ ыдыстарының тұтастай металдан жасалған OPTITEMP™ түбі «динамикалық пісіру» деп аталатын бөліктер қысым не күш пен қыздыруды пайдалынып біріктірілетін механикалық дәнекерлеу кезінде өзара пісіріледі.

  • Тот баспайтын болат өзінің мықтылығымен, тотығуға қарсы қасиетімен, оңай күтімімен және әсемдігімен белгілі. Алайда, оның жылу өткізгіштік және жылу таратушылық қабілеті нашар.
    Көміртекті болат тез қызады және жылуды жақсы сақтайды, алайда, ол тот басуға төтеп бере алмайды. Оның құрылымы кеуекті және соған байланысты ол тағамның дәмін сақтайды.
    Алюминийдің басты қасиеті ретінде оның жылу өткізгіштігі белгілі. Ол тез қызады және жылуды біркелкі таратады. Бірақ алюминий өзінің жұмсақтығымен белгілі – ол тез түсін жоғалтады және дайындалған тағамда металл дәмі білінуі мүмкін.
    iCook™ асүйлік ыдысы үшін қосылған кезде әр материалдың артықшылығы анықтай алатын және әрқайсысының жағымсыз қасиеттерін жоя алатын материалдар таңдалады.

  • Жабынның үш (3) қабаты ыдысқа бір-бірден орналастырылған. Біріншісі – негізгі байланыстырушы зат. Ол негізбен (ыдыс корпусымен) берік байланысуын қамтамасыз етеді. Ортаңғы қабатында негіздің қалыңдығы мен қорғанышын арттыруға қажетті сүзгілер мен пигменттер бар. Жоғарғы қабат күйіп кетуге қарсы қасиет беруге қажетті фторполимермен байытылған.

  • Бұл ретте әңгіме табаның бетін күйіп кетуге қарсы жабынды жағуға дайындауға мүмкіндік беретін электродоғалық шаңдату процесіне қатысты. Алдымен, табаның беті арнайы тот баспайтын болат қорытпасымен жабылады (Alticor патенті емес). Бұл арнайы қорытпа оның құрамын өзгертпей, пісіру температурасына шыдай алады. Бұл қорытпаны жағу – күйіп кетуге қарсы жабынды жасаудың ең күрделі қадамы. Егер ол тым аз жағылса, мықтылық төмендейді, тым артық болып кетсе, жабын қатқыл көрінеді. Қорытпаны жағу кезінде температура тым төмен болса, тот баспайтын құрал кастрөл бетімен байланыспайды, температура тым жоғары болса, тот баспайтын болат кастрөл беті бойымен ағып кетеді де, ол тозуға төзімділікке жағымсыз әсер етеді. Бұл процесс туралы егжей-тегжейлі ақпарат жеткізушінің жеке меншігі болып табылады.

  • Күйіп кетуге қарсы жабын екі есе күшейтілген деп аталады, себебі, оның ішкі және сыртқы күшейткіші бар. Сыртқы күшейткішке электрдоғалық шаңдатудың "максимумы мен минимумының" арқасында қол жеткізіледі. Ішкі күшейткішке күйіп кетуге қарсы жабынды күшейтетін титан керамикалық бөлшектерін қосу арқылы қол жеткізіледі.

  • Әйнектің қалыңдығы туралы ақпарат – өндірушінің жеке меншігі.

  • Металлдың қалыңдығы туралы ақпарат – өндірушінің жеке меншігі.

  • Кастрөлдің ішкі және сыртқы беті және қақпақтары құрамында 18-20% хром және 8-10% никель бар тот баспайтын болаттан жасалған. 18/8 және 18/10 терминдері тот баспайтын болатты топқа бөлу үшін қажетті хром мен никель мөлшеріне байланысты.

  • Тот баспайтын болат асүй ыдыстарын жасауда жиі қолданылады, себебі оны түрліше пішіндеп, тұтынушылар үшін барынша ыңғайлы өнімді ұсынуға мүмкіндік береді. Оның тым қатты отта да тамаша тотығуға қарсы қасиеті бар. Тот баспайтын болатты жуу оңай, себебі, оның кеуектілігі төмен және мықтылығы жоғары.

  • iCook™ асүй ыдысының тұтқалары мен тұтқыштары фенопласттан жасалған. Фенопласт – 200°C температураның өзінде ыстыққа төзімділігін сақтай алатын полимер.

  • Әйнектің тығыздығы туралы ақпарат патенттелген меншік болып табылады.

  • Металдың тығыздығы туралы ақпарат патенттелген меншік болып табылады.

  • Түптің қалыңдығы ыдысқа байланысты және шамамен 7,6 мм -ға дейін ерекшеленеді.

Ыдыстың компоненттері

  •  Саңылаулары бар ендірме тағамды буда пісіру, азық-түлікті жуу не дайын тағамның суын төгу кезінде, мысалы, дайын макарон өнімдерінің суын төгу кезінде кәкпір не кепсер ретінде қолдану үшін таптырмас құрал. Оны, сондай-ақ, көп қабатты тағам даярлау үшін не буда ас пісіру үшін де қолдануға болады.
    Саңылауы жоқ ендірме – бұл ыдыстың әмбебап компоненті. Оны 4 литрлік кастрөлге салып, су моншасында буда пісіру үшін (шоколадты еріту, пісірілген крем дайындау үшін және т.б.) қолдануға болады. Бұған қоса, оны тағам ішетін үстелді жабдықтау үшін немесе азық-түлікті пеште қыздырып пісіру үшін де пайдалануға болады. Екі жақты ендірмені су моншасында тағам пісіру кезінде қолдануда отқа тікелей қоюға болмайды, себебі, ол оның бүлінуіне әкелуі мүмкін.

  • Үлкен дөңес қақпақ 8 литрлік тұтқалы табаға сәйкес келетіндей және көп қабатты тағам әзірлеуде қолданылатындай етіп жасалған. Төңкерілген күйінде оны духовкада ас пісіру үшін (200°C градустан жоғары емес температурада) не тағам ішетін үстелді жабдықтау үшін пайдалануға болады. Қақпақты конфорка отына тікелей қоюға болмайды, бұл оның бүлінуіне әкелуі мүмкін.

  • Буда тағам әзірлеуге арналған үлкен ендірмен көп функциялы құрал болып табылады. Оның бетінде азық-түлікті ұсақтауға және ұнтатуға арналған ірі және кішкене жүздер бар. Сондай-ақ, сәбіз, балдыркөк секілді өнімдерді жылдам, жұқа кесуге мүмкіндік беретін тағамдарды жұқалап кесуге арналған жүзі де бар. Үккіштің ыстық үккішті шанышқы не өзге құрал арқылы алуға мүмкіндік беретін саңылауы бар. Үккіштің үккіш суыған кезде оны қолмен алуға мүмкіндік беретін ірірек саңылаулары да бар. Буда пісіру үшін азық-түлікті тікелей ендірменің үстіне қою керек.

  • Бұл асүй ыдысының арнайы құрылымы кастрөл мен қақпақтың толықтай сәйкес келуіне мүмкіндік беріп, VITALOK™ гидробекітпесін қалыптастырады. Тағамды әзірлеу басталғанда, кастрөлдің ішінде бу пайда болады. Конденсат қақпақтың ішінде жинақтала бастаған сайын ол кастрөл мен қақпақ арасындағы кеңістікке түсіп, VITALOK гидробекітпесін толтырады да, пісіп жатқан асқа қайта оралады. Тағамның дәм және иіс құрамдастары кастрөлден шығып кетпей, пісіп жатқан тағамға қайта оралады.

  • Қосалқы бөлшектерді кез келген Amway сауда үйлерінен не компания сайтындағы шоғырландырылған тапсырыс әдісі арқылы сатып ала аласыз.

iCook пышақтары

  • Дұрыс тағамдар өнімдерді дұрыс кесуден басталады. Жақсы пышақтардың бағасы жоғары болғанына қарамастан, дұрыс қолдану және сақтау кезінде олар ұзақ қызмет етеді, бұл қаржы бөлу өзін-өзі ақтайды. Жақсы пышақтар қолданыста өте ыңғайлы. Дұрыс күтім кезінде олар кесу үшін аз күш жұмсауды қажет етеді және қауіпсіздеу.

  •  iCook пышағы екі құрамдастан құралады: 1) артқы ілмекпен және ерекше беріктікпен ерекшеленетін жүз бүркеншігімен біртұтас қақталған жүз және 2) оған қыстырылған сап.
    Жүз DIN 1.4116 стандартты германиялық тот баспайтын болаттан жасалған. Бұл болат қақталған пышақтарды әзірлеу үшін арналған.
    iCook пышақтарының саптары полиформальдегидтен – ең жақсы пышақтарды жасау үшін қолданылатын жоғары сапалы пластиктен жасалады.

  •  Мұны үш мақсатта орындау керек:

    • Бірінші себеп – бұл қауіпсіздік. Өтпейтін пышақ зақым қаупін арттыратын жұмыс кезінде көп күш жұмсауды қажет етеді. Пышақтарды жақсы қайрау және дұрыс сақтау сәтсіз оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.
    • Екінші себеп – бұл тиімділік. Өткір қайралған пышақпен жұмыс істеу кезінде кесілетін өнімдердің бірдей және дәл бөліктерін аласыз.
    • Үшінші себеп – бұл қолайлылық. Өтпейтін пышақпен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қолдың буынында ауыртатын сезімдер тудырады. Пышақты жақсы қайралған жағдайда ұстау арқылы өнімдерді тезірек және аз күшпен кесесіз.
  • Пышақтарды қайрауға арналған арнайы құралды және iCook асүй қайшыларын ұсынамыз ( 29-бет iCook ыдыстарын қолдану нұсқаулығы, арт.300458). Құрал iCook пышақтарына сәйкес келеді: Бас аспазшы пышағы, Сантоку әмбебап пышағы, көкөністерді тазалауға арналған пышақ, әмбебап бөлетін пышақ, сондай-ақ, iCook көп функциялы асүй қайшылары. Нанға арналған пышақ тісті жиегі себебінен кәсіби қайрау құралын талап етеді.

  • Жұмыстың максималды тиімділігі үшін пышақтарды әр қолданыс алдында қайрау керек (кәсіби қайрауды қажет ететін нанға арналған пышақты қосапағанда). Пышақтардың әдеттегі өткірлігін жоғалтқанын сезсеңіз, қажетінше пышақтарды кемінде айына бір рет қайраңыз).

  • Нанға арналған пышақ ерекше тісті жиегінің себебінен қайрауға арналған арнайы жабдықты қажет етеді. Бұл пышақ нан немесе томат секілді жұмсақ өнімдерді кесуге арналғандықтан, ол жиі қайрауды қажет етпейді. Тіпті дұрыс қолданғанда пышақты қайраудың қажеті жоқ – кесетін жиегі өтпей қалатын қатты бетті бөлу тақтасы ретінде қолданбаңыз, мысалы, әйнек тақталар.

  • Сантоку – бұл «үш жақсы зат» мағынасы бар жапон иероглифі. Пышақтың бұл атауында оны әмбебап ететін үш пайдалы функция бар: Сантоку пышағы жұқа бөліктерді кеседі, бөліктерге турайды және майда бөліктерге үгеді. Сантоку пышағы – бас аспазшы пышағы мен әмбебап бөлу пышағы арасындағы тамаша ымыра.

  • Жүздің екі бетіндегі ойықтар қатары кесілетін өнімдердің болуына кедергі жасап, пышақтан кесілген бөліктерді алуды жеңілдетеді. Сондықтан Сантоку пышағы жүзге жабысып қалатын өнімдерді кесу үшін тамаша сәйкес келеді, мысалы, картоп, басқа көкөністер, ет және балық.

  • Пышақтың қай бөлігімен өнімдерді кесу жөнінде қатал ережелер болмайды, алайда жүз құрылымында белгілі логика бар: жүздің ұшы, ортасы және басы әр түрлі аспаздық тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Пышақ өткірлігі ең нәзік жұмыс орындауға арналған, басы (сапқа тікелей жабысып тұратын бөлік) – ең қатты бөліктерді турауға арналған, ал жүздің орта бөлігі әмбебап және ұзақ жұмысқа арналған.

  • iCook пышақтары қақталған жүздермен жасақталғанда, бұрын жұмыс істеген барлық пышақтар таңбаланған. Қақтау нәтижесінде жүз қалың және ауыр болады, бұл өнімнің беріктігі мен бұзылмайтынына кепілдік береді.

  •  Қақталған пышақтар: қақталған жүз керікте жұмсартылып, көп тонналы балға көмегімен қалыпталған қалың болат кесектен жасалған. Мұндай пышақтарда жүз, жүздің артқы ілмегі және артқы ілмек бүркеншігі бір метал бөліктен шыңдап жасалады, бұл құрылыстың беріктігін және бұзылмайтындығын қамтамасыз етеді. Ереже бойынша, қақталған пышақтар, таңбалағандардан ауырлау, алайда өнім теңгерімділігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
    Таңбаланған пышақтар: таңбаланған пышақтар жайылған қамырдан кесілетін печенье секілді дайындау пішіні бойынша тот баспайтын болат беттен кесіледі. Таңбаланған пышақтар қақталған пышақтарға қарағанда елеулі, алайда сапасы және теңгерімдік деңгейі бойынша қалып қояды. Металл тығыздығының жетіспеушілігінен ол қайрауды нашар көтеріп, оңай өткірлігін жоғалтады. Сондықтан таңбаланған пышақтар қақталған пышақтарға қарағанда арзан.

  • iCook пышақтарыңың жиынтығы сақтау үшін бөлімдері бар арнайы берік қапқа қойылады. Алайда, көркем және эстетикалық тартымды сақтау әдісін қаласаңыз, iCook пышақтарын сақтауға арналған ағаш блокты сатып ала аласыз (артикул 103169).

  •  iCook пышақтары ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға арналмаған. iCook пышақтарын жасағанда iCook болаттан жасалған ыдыстарды шығарғанда қолданылатын болат төсемге ұқсамайтын тот баспайтын болаттың ерекше түрі қолданылады. iCook ыдысының тот баспайтын болаты тотығуға жоғары тұрақтылықпен ерекшеленеді, ал iCook қақталған пышақтарының болаты тот пайда болуына тұрақытылығы төмен. Кәдімгі жуғыш заттарды қолдану және ыдыс-аяқ машинада жуу композитті пышақ сабының ішіне ылғалдың түсуіне әкелуі мүмкін, бұл уақыт өте металдың тотығуы мен тот басуын тудырыды.
    Алғашқы қолданыс алдында болатты майлау және жылтырату қалдықтарын кетіру үшін пышақтарды сірке су қосылған Dish Drops™ ыдыс жууға арналған қойылтылған сұйықтығының ерітіндісінде жуыңыз. Пышақтарды қолданғаннан соң бірден кірден тазаалу үшін Dish Drops™ сұйықтығын қоллданыңыз. iCook пышақтарын тотығу мен тот басудың пайда болуына жол бермеу үшін суламаңыз. Пышақтарды бұлдыр сабынды суға батырмаңыз және өткір жүзден зақым мен жарақатқа жол бермеу үшін оларды алуға тырыспаңыз.
    Пышақтарды мұқият құрғатыңыз. Оларды орамалмен сүртуге немесе ашық ауада құрғатуға қалдыруға болады; ешқашан ылғал пышақтарды үйкекке салмаңыз, себебі бұл металда тотығудың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Пышақтарды қолданғаннан соң бірден қолмен жуыңыз және тағам қалдықтарының жүзінде қалуына жол бермеңіз.

  • Ешқашан пышақтарды тазалау үшін абразивті заттарды қолданбаңыз. Жүзіндегі дақтар немесе болат өңінің аздап өзгеруіне жүзі бетінде тағамның микроскопиялық қалдықтарының болуы немесе ағынды су қаттылығы себеп болды. Бұл дақты металл беттерге арналған L.O.C.™ Plus тазартқыш құралы немесе L.O.C.™ Plus жұмсақ тазартқыш құралы және нейлонды қылшығы бар қылшақ көмегімен кетіруге болады. Жүзді өңдеу кезінде өте ұқыпты болыңыз және жарақат пен зақымға жол бермеу үшін саусақпен пышақтың кесетін жиегіне тимеңіз.

  • Тұз әсерінен тотығуға барлық тот баспайтын болат таңбалары ұшырайды. «Тот баспайтын» термині осы болаттың сыртқы жағымсыз ықпалға металл төмен көміртекті таңбаларымен салыстырғанда ұзағырақ уақытқа қарсы тұра алады, тот басуға ұшырамайтын болат мүлдем болмайды. iCook пышақтарын жасау кезінде қолданылатын болат, көміртектің жоғары құрамына байланысты басқыншылық орталарының ықпалына жоғары тұрақтылықпен ерекшеленеді. Қолдану және мұқият күту нұсқаулығын орындағанда, iCook пышақтарында тот басудың пайда болуына жол бермеуге немесе азайтуға болады. Егер орын алса, бұл дақты металл беттерге арналған L.O.C.™ Plus тазартқыш құралы немесе L.O.C.™ Plus жұмсақ тазартқыш құралы және нейлонды қылшығы бар қылшақ көмегімен кетіруге болады. Жүзді өңдеу кезінде өте ұқыпты болыңыз және жарақат пен зақымға жол бермеу үшін саусақпен пышақтың кесетін жиегіне тимеңіз.

  • Қауіпсіздік мақсатында және iCook пышақтарыңың қасиеттерін сақтау үшін оларды пышақтарды сақтауға арналған арнайы қапта немесе iCook пышақтарын сақтауға арналған қосымша ағаш блокта сақтау керек. Сақтаудың мұндай әдісі қауіпсіздігіңізге кепілдік береді – ұшына тимейсіз және пышақтың кесетін жиегінен жарақаттанбайсыз. Сондай-ақ, жүзің сынбайтынына және сақтау процесінде зақымданбайтынана сенімді болыңыз. Ешқашан пышақтарды ылғалды ортада сақтамаңыз.

  • Ұзақ уақыт сақтаудан бұрын металды тотығудан сақтау үшін пышақтың жүзіне өсімдік майын жұқалап жағып, газетке ораңыз.

  •  Ешқашан iCook пышақтарын қаңылтыр құтыларды және қақапақтарды ашуға арналған құрал ретінде қолданбаңыз: бұл пышақтың өткір ұшының сынуына немесе жүзінің кесетін бетінің зақымдануына әкеледі.
    iCook көп функциялы асүй қайшыларының сабы кіріктірме иінтіректі ашқышпен және бөтелкелердегі бұрандалы қақпақтарды ашуға арналған құралмен жабдықталған. Қаттырақ қақпақтарды жаңғақ қабығын шағуға арналған кіріктірме аспап көмегімен жоюға болады. Сондай-ақ, стандартты бөтелкелерді ашуға арналған ашқыш бұл әмбебап асүй аспаптары жиынтығына кіреді. Сондықтан iCook көп функциялы асүй қайшылары шынымен әмбебап болып табылады және әр түрлі тапсырма орындауға сәйкес келеді. iCook пышақтарын тек қана тікелей тағайындауы бойынша қолданыңыз – бұл оларды сынудан, ал сізді – сәтсіз жарақаттанудан сақтайды.

  • Ұшының немесе жүзінің кесетін жиегінің сынуына жол бермеу үшін пышақтарды сүйектерді бөлшектеу үшін қолданбаңыз. Тауық сүйектерін кесуге арналған iCook көп функциялы асүй қайшыларының арнайы жүзін қолданыңыз.

  • iCook пышақтарымен жұмыс істегенде қатты бөлетін беттерді қолдануға жол бермеңіз, мейлі ол шыны, гранит, металл, қатты пластик немесе керамикалық плитка болсын, себебі пышақ жүзі майысуы не жарылуы мүмкін. iCook пышақтарын қайрауға арналған құралды қолдану мұндай зақымдануды жойа алмайды, қайрауға арналған кәсіби құрал кей жағдайларда күші жоқ болуы мүмкін. Бөлетін тақтаны таңдағанда, ағаштан немесе жұмсақ пластиктен жасалған жұмыс беттерін таңдаңыз. Арнайы iCook бөлетін тақтасын сатып алуды ұсынамыз (артикул 109518), ол ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға жарайды, сызаттардың пайда болуына тұрақты, маңыздысы – iCook пышақтары үшін қауіпсіз.

  • Пышақтар саптары жылтырауығын жоғалтып, қарайса, оларды өсімдік майымен немесе техникалық вазелинмен сүртіңіз. Сосын пышақтарды майлау артығын жою үшін Dish Drops™ ыдыс жууға арналған қойылтылған сұйықтық ерітіндісінде жуыңыз. Пышақтарды саптардың сәтсіз жылпылдауын болдырмау үшін майлаудан жуылғанша қолданбаңыз.

  • Жоқ. Компания берілген өнім сызығы үшін сертификаттау жүргізуге өтініш бермеді.

  • Компания iCook пышақтарына патенттер алмады. Бірнеше патент пышақтар дизайнына алынбады, бірақ бұл патенттер иегері өнім дизайнері болып табылады.

  •  - Эргономикалық дизайн


    1.iCook пышақтарыңың салмағы оңды орталанған. Пышақ ұшы өте өткір, жалпы оның құрылымы дұрыс теңгеріммен ерекшеленеді және тез жұмысты қамтамасыз етеді.
    2.Пышақ сабының кез келген күйде ыңғайлы қармауды қамтамасыз ету арқылы дөңгелектенген бұрыштары және қол буынының пішінін бойынша бүгіліс болады
    3.Сабы пышақты барынша еркін және ыңғайлы ұстауға және әр қозғалысты бақылауға мүмкіндік беретіндей етіп жүзімен бұрыш жасап орналасқан.
    4.Сабының төменгі жағы саусақ пішініне сәйкес толқындалып қисайтылған, ол пышақты берік ұстап, қимылдарды, әсіресе, ірі және қатты азық-түліктерді кескенде бақылауға мүмкіндік береді.
    5.Жүзінің жоғарғы шеті пышақ теңгерімін жақсартып, оның өткірлігін жеңілдету үшін дөңгелектенген.
    6.Пышақтар жүзі кесетін жиегінің қол буыны үшін ыңғайлы табиғи қимылға сәйкес келуі үшін дөңгелектенген. Бұл турау кезінде шынтақ пен иық күшін азайтып, буынның әр қимылын толық бақылауды сақтауға мүмкіндік береді.
    7.Жүзінің ұшы саптан төмен орналасқан, бұл майда бөліктерді майдалап турау кезінде, әсіресе турау бұрышта жүргізілсе бақылауды жақсартады.

    - Пышақтардың қақталған жүзі керемет берік және теңгерілген

Көп функционалды қайшылар

  • Бұл өндірістік брак. Сатушының тиісті сапалы тауарға ауыстыру бойынша көмегіне жүгініңіз.

  • Иә. Сондай-ақ, iCook пышақтарын қайрауға арналған құрал көп функциялы қайшыларды қайрау үшін жарамды. Оларды құрал ортасындағы «қайшылар» белгісінің астындағы саңылауға орналастырыңыз. Қайрауға арналған құралдағы қатты қорытпа кесетін пластина қайшыға арналған бұрыш астында орналасқан. Қайшыны бөлшектеп, бірінші жүзін 90° бұрышта карбидті пластинаға орналастырыңыз. Жүзін өзіңізге қарай ақырын созып, бұл қимылды 7-10 рет қайталаңыз. Бұл әрекетті қайшының екінші кесетін төсемімен қайталаңыз. Ешқашан жүзін сонда және кері қарай тартпаңыз, себебі нәтижесінде кесетін жиегі болмайтын қайшының сыртқы жағын бұзып алуға болады.

  • Жақсы нәтиже алу үшін өнімді қолмен күту ұсынылады. Алайда көп функциялы қайшылар жүзінің өткірлігі едәуір қалың, сондықтан олар машинада жууды оңай қабылдайды. Сонымен қатар, ыдыс-аяқ машинасында жуу нәтижесінде қайшыларға тот дақтары түседі.

  • Өсімдік майының тамшысын қайшының қосқыш бұрандамаға тамызып, майлау мүшеленуге айнала ағу үшін біріктіру және ажырату әрекетін бірнеше рет қайталаңыз.

  • Қайшылар жүзі жоғары көміртекті тот баспайтын болаттан жасалған, ал саптар полипропиленнен жасалған.

  • - Көп функциялы қайшылар он функциядан тұратын жиынтық арқасында шынымен әмбебап болып табылады: 1) қайшы, 2) жаңғақ қысқашы, 3) бұрандалы тығындарға арналған ашқыш, 4) бөтелкелерді ашуға арналған кілт, 5) магнит, 6) консерві пышақ, 7) бұрауыш, 8) сымдар үшін қайшы, 9) сымдарды тазалауға арналған пышақ және 10) тауық сүйектерін кесуге арналған шапашот.
    - Қайшы жүзі жуу және қайрау үшін оңай бөлшектенеді.

iCook пышақтарын сақтауға арналған ағаш блок

  • Пышақтарды сақтауға арналған ағаш блок морена қайың ағашынан жасалған.

  • Сызаттар саңылауға орналастырылатын пышақ ұшы пышақтарды сақтауға арналған ағаш үйкекке ілінгенде пайда болады. Жиһаз үшін аранйы қарындашты кез келген жиһаз дүкенінде сатып алып, сызылған бөліктерін бояуға болады.

  • Ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз және үйкекті суға батырыңыз, сондықтан бұл оның ауыр зақымдануына себеп болады. Ағаш блокта тазалықта ұстау үшін оны құрғақ сулықпен тұрақты сүртіңіз. Егер блок үсті қатты ластанса, ылғал шүберекті және L.O.C. ™ көп функциялы жуғыш құралының тамшысын қолданыңыз. Бетін өңдегеннен соң бірден оны құрғақ сулықпен сүртіңіз. Үйкекті ылғал жағдайда ұзақ қалдыруға жол бермеңіз.

  •  Пышақтарды блокта орналастырудың қатаң ережесі жоқ, алайда келесі реттілікті ұсынамыз:

    •     Жоғарғы сол жақ – Аспазшы пышағы
    •     Жоғарғы оң жақ – Сантоку пышағы
    •     Ортаңғы – Нанға арналған пышақ
    •     Төменгі сол жақ – Көкөністерді тазалауға арналған пышақ
    •     Төменгі сол жақ – Бөлетін пышақ
    •     Ортасы бойынша бүйір – Қайшы
  • Ағаш блокты пышақтарды одан қолайлы алу үшін орналастырыңыз. Жалғыз талап – оны ылғал бөліктерден алшақ ұстаңыз: және пышақтар, блок құрғақ жерде сақталу керек.

iCook Пышақарын қайрауға арналған құрылғы

iCook пышақтарын сақтауға арналған құты