Алексей Семенов

2009 жылы «Амвэй» компаниясы ресей нарығына көптен күткен брендті, яғни iCook™ ыдысын шығарды

Ресейде iCook ыдысына сарапшы болу құрметіне ресей Гильдиясының бас аспазшысы Алексей Семенов ие болды.

Ол — жоғары класты кәсіпқой, ресейлік ғана емес, оған қоса халықаралық тамақ өнеркәсібі институттарының дипломдарына ие, орыс, итальян және француз асүйінің білгірі. Бірнеше мейрамхананы «нөлден бастап» ашу тәжірибесі бар, ТНТ телеарнасындағы танымал «Кулинарный дозор» бағдарламасын жүргізді.

Алексей Вячеславович Семенов 1975 ж. дүниеге келген. 1993 жылы 5 разрядтағы аспазшы мамандығын алды. 2005 жылы халықаралық «Vatel» институтында (Франция) тағылымдамадан өтті, 2006 жылы халықаралық «Barilla» академиясында (Италия) біліктілікті арттыру курсында оқыды. 2008 жылы экономика және тамақ өнеркәсібі кәсіпорнында басқару мамандығы бойынша МГТУУ-ін аяқтады. «CLUB-17» және «Му-Му» мейрамханаларында бас аспазшы болып жұмыс істеді. 2002-2003 жж. — «Антонио» мейрамханасында өндіріс меңгерушісі, 2003-2006 жж. — «нөлден бастап» ашылған «Уникум» мейрамханасында, «Маяк» кафесінде, «АРПИКОМ» компаниясының «Мамина Паста» және «Гудман» мейрамханаларында бас аспазшы. 2007 жылдан бастап — Мәскеу мейрамханаларының бірінде бас аспазшы.