Сұрақтар және жауаптар

Здесь вы найдете вопросы и ответы по функциям нашего сайта. Если у вас есть пожелания, какие вопросы и ответы разместить в данном разделе, вы можете написать их на электронный адрес inforu@amway.com

Есептік жазбаны www.amway.kz сайтында тіркеу

  • Егер сіз веб-сайтымыздың алдыңғы нұсқасында тіркелген болсаңыз, сіздің деректеріңіз сақталған және бұрынғы логин мен құпия сөзді пайдаланып, өз бетіңізге кіре аласыз. Сондай-ақ, оқыту бейнекурсын пайдаланып, нұсқаулықпен таныса аласыз.

    Егер өз бетіңізге кіру үшін қажет құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, «Құпия сөзді қалпына келтіру» функциясын пайдаланыңыз. Егер логинді ұмытып қалсаңыз, компанияға хабарласыңыз.

    Өз бетіңізге кірмес бұрын, сізбен хабарласуға арналған электрондық пошта мекенжайын тексеріп, Пайдалану шарттарымен келісуіңіз керек.
     

  • Тіркелуге асығыңыз! Біздің веб-сайтымызда өз есептік жазбаңызды тіркеу арқылы келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

    • Amway өнімдеріне тәулік бойы тапсырыс беру
    • Біздің веб-сайтымызда клиенттерге арналған жеке бетіңіз
    • Клиенттер тапсырыстарын алу және оларды өңдеу
    • Сіздің бизнесіңіз туралы толық ақпарат алу
    • Компанияның соңғы жаңалықтарын және маңызды хабарламаларын алу
    • Amway бизнесін жүргізу туралы барынша толық ақпарат 
    • Компанияның барлық бизнес формалары мен жариялауларына қатынас

    Тіркелуді бастау үшін, беттің жоғарғы жағындағы «АТК және олардың клиенттерінің кіруі» сілтемесін басыңыз.

    Тіркелуге дайынсыз ба? Нұсқаулықты қараңыз »
     

  • Сіздің назарыңызға келесілер ұсынылады:

    • Қасиеттері мен артықшылықтары толық сипатталған Amway өнімдері каталогының беті 
    Amway брендтері туралы ақпаратқа қатынасу
    Өз Amway бизнесіңізді бастау мүмкіндігі туралы ақпарат
    Amway компаниясының тарихы 

    Сіз Amway өнімін тек Amway Тәуелсіз Кәсіпкерінен ғана сатып ала аласыз. АТК үшін Amway өніміне тапсырысты жіберу үшін, оның клиенті ретінде тіркеуден өтуіңіз қажет.

    Тіркелуге дайынсыз ба? Бейне нұсқаулықты қараңыз

    Сізге өз кәсіпкеріңізбен (АТК) бірге жақсы серіктестікті және сәтті сатып алуды тілейміз!

    Егер ешқандай Amway Тәуелсіз Кәсіпкерін (АТК) білмесеңіз, біз сізге қуана АТК тауып береміз. Одан Amway өнімін сатып алып, қалай АТК болуды және өз бизнесіңізді бастауды біле аласыз. Бізге сұрау жіберу үшін, көрсетілген сілтемеге өтіңіз.

Өнімдер туралы ақпарат

  • Өнімнің сәйкестігі туралы барлық сертификаттар сауда орталықтарында сақталады.

    Барлық тіркеу сертификаттарының нөмірлері туралы мәліметтерді мемлекеттік реестрдің ресми сайтынан fp.crc.ru. табуға болады
     

  • Amway компаниясы Сұлулық, Денсаулық және Үй санаттарында жоғары сапалы өнімдердің кең таңдауын ұсынады...

    Amway сауда белгілері дүниежүзі бойынша тұтынушылардың жоғары бағасына ие болған және Amway сапа кепілдігімен қорғалған:

    • егер сізді және клиенттеріңізді өнім (тауар) сапасы қанағаттандырмаса, сапасы төмен тауар ақшасын қайтарып береміз. Сондай-ақ, АТК алдымен тауар ақшасын клиенттеріне қайтарып, олардан өнімді алуы қажет, сосын сапасы төмен өнім құнының өтемақысы үшін «Amway» ЖШҚ компаниясына хабарласуы қажет.

    Amway өнімдерінің сапасына кепілдік келесі жағдайларда қарастырылмайды:

    • АТК жасаған қате тапсырысқа;
    • әдейі немесе дұрыс пайдаланбау нәтижесінде зақымдалған өнімге.

    Біздің өнімдеріміз сіздің өміріңізді жеңіл әрі жағымды етуге арналып жасалған. Біз өз ісімізге аса маңыздылықпен қараймыз: ойдың туындауынан бастап, оның өнімге сәтті ендірілуіне дейін; бұл процестің әрбір сатысы мұқият жоспарланады және тексеруден өтеді.

    Amway компаниясы дүниежүзі бойынша қоғам өміріне жақсы өзгерістер енгізуге бағыт алған. Бұл біздің әдісіміз. Бұл біздің міндетіміз.

Ұсынылатын браузерлер

  • www.amway.kz сайтына келесі Интернет шолғыштарының (браузерлерінің) бірі орнатылған, Интернет желісіне қосылған компьютерден кіруге болады: 

    • Microsoft Internet Explorer 6.0 
    • Microsoft Internet Explorer IE 7.0 
    • Microsoft Internet Explorer IE 8.0 
    • Mozilla Firefox 3.5 
    • Opera 9.0 
    • Safari 4 
    • Google Chrome 5.0 

    Өзге Интернет шолғышын (браузерін) қолдану беттерді қарау кезінде қиындық тудырып, жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
     

  • Егер бейне жүктелмесе, Интернет-браузер нұсқасын ең соңғы нұсқаға жаңартыңыз.