eSpring суды тазалау жүйесі туралы қызықты деректер

  1. eSpring суды тазалау жүйесі суды тазалау саласындағы 30-жылдық зерттеу нәтижесі болып табылады. Бұл жүйе суды тазалау саласындағы 270 патентке ие инженерлер мен ғалымдар тарапынан дайындалған
  2. eSpring — үйге арналған суды тазалау жүйесін сату бойынша әлемдегі № 1 бренд (2012 жылғы Verify Markets зерттеу деректері бойынша)
  3. eSpring суды тазалау жүйесі алғашқы рет 2002 жылы сатуға қойылды және 1 жылдың ішінде әлем бойынша 4 млн-нан астам жүйе сатылды. Олардың тазалаған суы 8000-нан астам олимпиадалық бассейндерді (әрқайсысында 2 498 372 л) толтыруға жетеді
  4. 2013 жылы 44 елде және аймақтарда 3,5 млн-нан астам eSpring суды тазалау жүйесі сатылды
  5. Amway компаниясы алғашқы болып ішінде көмір блогы, УК шамы және электронды мониторинг технологиясы бар үйге арналған суды тазалау жүйесін ұсынды
  6. eSpring суды тазалау жүйесіндегі сығымдалып белсендірілген көмір блогы Amway компаниялары тарапынан дайындалған көмір блоктарының бесінші буынын ұсынады
  7. eSpring суды тазалау жүйесіндегі көмір блогында кокос қабығынан алынған жоғары сапалы белсендірілген көмір қолданылады. Көмір бетінің ауданы микро-, макро- және мезопор болуына байланысты барынша көбейтіледі және бөлшектер тиімді жойылуына жәрдемдесетін патенттелген әдіске сәйкес өлшемдері бойынша үлестіріледі.
  8. Патенттелген көмір блогы өлшемі адам шашынан 300–500 есе кішкентай бөлшектерді ұстайды. (Орташа адам шашының өлшемі 60-тан 100 микронға дейін болады)
  9. eSpring суды тазалау жүйесінде патенттелген eCoupled сымсыз жалғау технологиясы қолданылады, оның көмегімен электр қуаты УК шамына тікелей жанаспай ауа, су және пластик компоненттер бойынша беріледі. Мұндай сымсыз жалғау аспапты өте тиімді және сенімді етеді. Бұл озық технология алғашқы рет 2000 жылы eSpring әзірлеушілері тарапынан ұсынылған және eSpring осы технология қолданылатын жалғыз су тазалау жүйесі болып табылады
  10. «Ақылды чип» технологиясы картриджбен сымсыз байланысуды қамтамасыз етеді, сол уақытта монитор пайдалану уақыты және картридж ресурсының қалдығы сияқты маңызды ақпаратты таниды және көрсетеді
  11. eSpring суды тазалау жүйесі су қысымының кең ауқымды мәнінде, яғни төменгіден (103,4 кПа) жоғарғыға (862 кПа) дейін керемет жұмыс істейді
  12. eSpring суды тазалау жүйесінде су жүйе арқылы өткен кезде УК шамының лезде қосылу технологиясы қолданылады. Бұл сапалы судың Сізге дереу жеткізілуінің кепілдігі болып табылады, оған қоса электр қуаты да үнемделеді
  13. eSpring суды тазалау жүйесі көптеген стандартты асүй шүмектеріне оңай орнатылады