Амвэй Тәуелсіз кәсіпкері болу үшін Сізге екі қарапайым әрекетті орындау керек:

  • Сайтта АТК тіркелу нысанын толтыру. Сіз енгізген деректер негізінде автоматты түрде жасалған АТК шартын жүктеп алу, басып шығару және қол қою.
  • Компанияға қол қойылған АТК шартын және паспорттың көшірмесін немесе жеке куәліктің көшірмесін ұсыну керек.

Қазір тіркелу

Сонымен бірге  өнімдер сатудан кез келген кіріс және ақшалай түрде сыйақы алу үшін, АТК қосымша мынадай әрекеттерді жасауы тиіс:  

  • Жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде салық органдарында тіркелу;
  • ЖК немесе ЖШС-мен ҚӨКШ мен сатып алу-сату шартын жүктеп алып, басып шығару, толтыру және қол қою керек
  •  Құжаттар пакетін  Amway компаниясына ұсыну қажет.

Құжаттар пакеті мыналарды қамтиды:

  • Заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі немесе жеке кәсіпкерді (бірлескен жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі,

  • Заңды тұлғаның банк деректемелері/ ЖК есеп шоты,

  • «Амвэй» ЖШҚ-мен қол қойылған Қызметтерді өтеулі көрсету шарты (2 дана)

  • АТК – АТК/ҚӨКШ шарты иесінің жеке куәлігінің көшірмесі,

  • «Амвэй» ЖШҚ-мен қол қойылған Сатып алу-сату шарты (2 дана)

Заңды тұлғаларға (ЖШС) сондай-ақ төмендегілерді ұсыну  қажет:

  • заңды тұлғаны авторландыру нысаны,

  • жарғының көшірмесі,

  • ЖШС-дан құжаттарға Сіздің қол қою құқығыңызды растайтын құжат (жарғы, сенімхат, бұйрық/қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы). Көшірме.