NUTRILITE™ Қаражидек плюс лютеин
Loading the player...

NUTRILITE™ Қаражидек плюс лютеин

Артикул: 8007| Салмағы/көлемі:: 62 капс.
  • Сату жетекшілері
    Сату жетекшілері
  • Каталог бағасы: 2 130,00 RUR

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Көз басқа органдардан да ерекше күнделікті қорғауды қажет етеді. Күндізгі жарықтың қуатты ағыны табиғи линзалармен (көзбұршақ пен мөлдірқабықпен) күшейтіледі және торқабықта шоғырланады. Көру пигменті лютеин спектрдің көру органына тиімсіз бөлігін фоторецепторлерге түсуге дейін сүзеді, бұл көрудің анықтығын қамтамасыз етеді және көзге көрінетін спектрдің көз тіндеріне қатысты ең агрессиялық ретінде көк күлгін бөлігінің ағынын азайтады.

Лютеин тапшылығы күн сәулесінің зақымдаушы әсерінің күшеюіне әкеледі және көру қабілетінің біртіндеп жоғалуына әкеледі. 

Бүгінгі таңда бұл 60 жастан асқан адамдардың соқыр боп қалуының ең көп таралған себебі.
Көру органдарына әсер ететін табиғи факторлардан басқа, бізге сандық технологиялар дәуірі әсерін тигізеді. Қазіргі заман адамының өмірі экрандардың жарқылында өтеді - бізді компьютерлер, планшеттер, смартфондар, теледидарлар қоршайды. Таңғы ас үстінде біз электрондық поштаны тексереміз, күні бойы монитордың алдында өткіземіз, ал кешті сүйікті сериалға немесе компьютерлік ойынға арнаймыз. Осы уақыттың бәрінде біздің көзіміз үлкен күшпен жұмыс істейді, нәтижесінде тұрақты әрі ұзақ уақыт салмақ түсуі көздің көру қабілетіне де, тәуліктің қараңғы уақытында көру қабілетіне де жағымсыз әсерін тигізеді. Біздің көзімізге тек ұдайы демалу (мысалы, отыз-қырық минут жұмыс істеген сайын көз гимнастикасы үшін үзіліс жасау түрінде) ғана емес, сонымен бірге қолдау да қажет.

Дәл осындай қолдауды NUTRILITE™ Қаражидек плюс лютеин биологиялық белсенді үстемесі қамтамасыз ете алады. Тік тұратын барқытгүл сіріндісі, сонымен бірге тунец майынан алынған ДГҚ (докозагексаен қышқылымен) бар қаражидектің эксклюзивті формуласы. Жалбыз иісі бар. Қаражидек көздің тамырлы қабығының күйін жақсартады және оның құрамында көздің шыны тәріздес денесіндегі коллагенді қажетті деңгейде сақтауға көмектесетін көптеген дәрумендер мен антиоксиданттар бар. Көздің торқабығының қорғалуын қамтамасыз ететін және жасушалардың тотықтана зақымдалуының алдын алатын антиоксиданттардың маңызды көзі лютеин болып табылады (оны біздің ағза өз бетінше синтездей алмайды). 

Лютеинді тұтынудың ұсынылған деңгейі Ресейде - тәулігіне 5 мг. Тұтынудың рұқсат етілетін жоғарғы деңгейі – тәулігіне 10 мг. 

Сонымен бірге қаражидекте антоциандар көп мөлшерде болады. Антоциандар адам ағзасында өз бетімен түзілмейді де, тек тамақпен бірге түседі. Антоциандардың торқабық тіндерінде жиналатын сипаты бар. Бұл оның тамырларын нығайтады және қылтамырлардың сынғыштығын азайтады. Антоциандар - қуатты антиоксиданттар, олар оттегінің бос радикалдарын байлайды және жасуша жарғақтарының зақымдануына кедергі жасайды. Бұл да көру органының саулығына оң әсерін тигізеді. Тамаққа үнемі антоциандары мол өнімдерді қолданатын адамдардың көру қабілеті жақсы болады. Сонымен бірге олардың көздері түсетін салмақты жақсы көтереді және шаршағандықты оңай жеңеді.

ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

Қаражидек, цитрус жемістері, шие, жұмыртқаның сарыуызы, саумалдық, ақжелкен, асбұршақ, пісте, асқабақ.

ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

  • Рационында лютеин мен антоциандардың мөлшері жеткіліксіз адамдар
  • 40 жастан асқан адамдар
  • Көп уақытын ашық кеңістікте күн жарығының астында (судың жанында/тауда) өткізетін адамдар
  • Көру органына көп салмақ түсетін адамдар (оқушылар/студенттер/көлік жүргізушілер)
  • Жанаспалы линзаларды қолданатын адамдар
  • Көру анализаторына үнемі күш түсіре жұмыс істейтін адамдар (компьютерді/планшетті/телефонды жиі қолданатындар)

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.amway.ru сайтынан немесе +7 (495) 981-4000 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

  • Құрамында тік тұратын барқытгүл гүлдерінен алынған лютеин бар
  • Құрамында ацерола шиесінен алынған NUTRILITE эксклюзивті концентраты бар
  • Құрамында Е дәрумені (D-альфа токоферол) бар, бағалы антиоксидант
  • Жасанды тәттілегіштер, хош иістендіргіштер, бояғыштар мен консерванттар қосылмаған
  • Лютеин адам ағзасында синтезделмейді де, ағзаға тек тамақпен бірге түседі (жидектермен, жемістермен, көкөніспен), ал зеаксантин торқабықта лютеиннен түзіледі. Көру қабілеті торқабықтағы лютеин мен зеаксантиннің мөлшеріне тәуелді.
  • Көздің жақсы көру қабілетін сақтау үшін адам күн сайын тамақпен бірге 5 мг лютеин және 1 мг зеаксантин алуы тиіс. Адамдардың көпшілігінің рационының құрамындағы мөлшері тәуліктік нормадан 20% кем болады.
  • Лютеин мен зеаксантин жарық сүзгіш қызметін атқарады және көзді күндізгі жарықтың ең агрессиялы көк түсті бөлігінен қорғайды. Бұл пигменттер бос радикалдардың (айқын білінетін тотықтыру сипаты бар және ультракүлгіннің әсерімен және зат алмасу бұзылған кезде артығымен түзілетін зат алмасу аралық өнімдерінің) әсерін бейтараптандыруға қабілетті қуатты антиоксиданттар болып табылады. Лютеин мен зеаксантин торқабықтың бұзылуының және көзбұршақтың бұлдырлануының алдын алады.
  • Қаражидектің антоцианидиндер сияқты басқа пигменттері көздің жарықтану деңгейінің өзгеруіне бейімделуін жақсартады, ымыртта көру қабілетін күшейтеді.
  • Қаражидектің сіріндісі қылтамырларды нығайтады, олардың сынғыштығын және өткізгіштігін азайтады.
  • NUTRILITE™ Қаражидек плюс лютеин ББ үстемесінің ерекшелігі құрамдастарының теңгерімді әсері болып табылады, бұл оның ағзаға оңды әсер етуіне себеп болады.
  • Докозагексаен қышқылы (бұдан әрі – «ДГҚ») балық майында болады, адам денсаулығы үшін ең құнды омега-3 класты полиқанықпаған май қышқылдарының бірі (бұдан әрі – «ПҚМҚ»), көз торқабығы мен жасуша жарғақтарының маңызды құрамдасы болып табылады. ДГҚ А, Д, Е май ерітетін дәрумендердің сіңімділігі үшін, көздің жақсы көруі үшін қажет.
  • NUTRILITE™ ацерола шиесінің эксклюзивті концентратында тотығуға қарсы белсенділігі аса жоғары С дәрумені көп. Қаражидек сіріндісінің құрамына кіретін селен, мыс, хром, мырыш көздің жасуша құрылымдарының қалпына келуін қамтамасыз ететін өмірлік маңызы бар микроэлементтер жиыны болып табылады.

ҚҰРАМЫ: ТУНЕЦ МАЙЫ, ЖЕЛАТИН, БІРІНШІ СЫҒЫМ ЗӘЙТҮН МАЙЫ, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ АГЕНТ: ГЛИЦЕРИН; ҚАРАЖИДЕК СІРІНДІСІ (VACCINIUM MYRTILLUS), ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ/ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: АРАНЫҢ САРЫ БАЛАУЫЗЫ; МАЛЬТОДЕКСТРИН, АЦЕРОЛА ШИЕСІНІҢ ГАРМОНИ СІРІНДІСІ (MALPIGHIA PUNICIFOLIA), ЭМУЛЬГАТОР: СОЯ ЛЕЦИТИНІ; БОЯҒЫШ: IV ҚАНТ КОЛЕРІ; АПЕЛЬСИН СІРІНДІСІ (CITRUS SINENSIS), ТІК ТҰРАТЫН БАРҚЫТГҮЛ (TAGETES ERECTA), ҚЫШҚЫЛДАНУҒА ҚАРСЫ ЗАТТЕК: D-АЛЬФА-ТОКОФЕРОЛ; ТАБИҒИ ЖАЛБЫЗ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШІ, ЗЕАКСАНТИН.

Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

  • Ересектер тамақ ішкен кезде 1 капсуладан күніне 3-4 рет қабылдауы керек. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. Қажет болса қабылдауды қайталауға болады.

Тағамға ББҮ қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Қарсы көрсетімдері

Өнімнің құрамдастарын адамның қабылдай алмауы. Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Узнать больше NUTRILITE™
Барлық өнімдерді қарап шығу NUTRILITE™

Фотогалерея

Сізге де ұнауы мүмкін

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.