NUTRILITE™ кальций, магний, D дәруменінің жиыны
Loading the player...

NUTRILITE™ кальций, магний, D дәруменінің жиыны

Артикул: 110605| Салмағы/көлемі:: 90 таб.
  • Сату жетекшілері
    Сату жетекшілері
  • Каталог бағасы: 985,00 RUR

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Адам ағзасындағы сүйек тіні дененің салмағының шамамен 18% мөлшерін құрайды. Ол тіреу, қорғау және жинақтау функциясын атқарады. 

Тіреу мен қорғау функциялары дененің қозғалуын және ішкі органдардың бүтін сақталуын қамтамасыз етеді, бұл кальций (99%), фосфор (87%), магний (58%) және басқа элементтердің - фтор, цинк, кобальт сияқты барлық бейорганикалық заттектердің 98%-ға жуығының қаңқа сүйегінде шоғырлануы есебінен орындалады. 

Қаңқа сүйегінің басты функциясы - аса маңызды биологиялық функциялар қатарын (қышқыл мен сілті теңгерімін сақтау, жүйке табыстауына, бұлшық еттің жиырылуына, соның ішінде жүрек бұлшық етінің жиырылуына қатысу және т.с.с.) атқаратын кальций мен магний иондарын ағзаның ішкі ортасымен белсенді түрде алмасуы болып табылады. 
Қаңқа сүйегінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті магний, кальций және D дәруменінің тапшылығы қаңқаның механикалық беріктігінің әлсіреуіне, сүйек сынуы қатерінің артуына, жүрек, бұлшық ет, жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауына әкеледі.

Ресей аумағының көпшілік бөлігіндегі күн сәулесінің жетіспеушілігі күн сәулесінің әсерінен теріде пайда болатын D дәруменінің тұрақты тапшылығының өрбу қатерін тудыратын фактор болып табылады. Ресейліктердің тағамының құрамында кальцийдің негізгі көзі болып табылатын сүт өнімдерінің мөлшері ұсынылатын нормадан 19% төмен (330 кг сүт өнімдерінің орнына орташа статистикалық ресей азаматы жылына 267 кг тұтынады).

Сондай-ақ, тағамның құрамында майлардың көп болуы кальцийді сіңірілуіне кері әсерін тигізетінін ескеру қажет
NUTRILITE™ кальций, магний, D дәруменінің жиыны – сүйектеріңіздің саулығын сақтаудың ыңғайлы тәсілі

ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

Кальций: ірімшік, сүзбе, айран, сүт, жұмыртқа, балық, теңіз өнімдері, сондай-ақ жасыл көкөніс, жаңғақ. Кальций тұтыну көздерінің бірі - ауыз су. Ауыз сумен бірге ағзаға кальцийдің 10-30%-ы (судың кермектігіне қарай) түседі.

Магний: қарақұмық жармасы, жаңғақтар, үрме бұршақ

D дәрумені: албырт тұқымдас балықтардың уылдырығы мен еті, нәлімнің бауыры, малдың бауыры, жұмыртқаның сарысы.

ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

  • Құрамында кальций мол өнімдерді (яғни сүт және сүт өнімдерін, сондай-ақ күңгірт-жасыл жапырақты көкөністі) аз тұтынатын кез келген адам
  • Сүтке және/немесе сүт өнімдеріне аллергиясы бар немесе оларды мүлде тұтына алмайтын кез келген адам
  • 45 жастан асқан әйелдер, 70 жастан асқан қарттар - сүйегі сынған адамдар
  • Күн сәулесі тапшы аймақтарда тұратын адамдар
  • Қосымша кальций көзіне мұқтаж кез келген адам

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.amway.ru сайтынан немесе +7 (495) 981-4000 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. 
Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

NUTRILITE™ кальций, магний, D дәрумені жиынына екі табиғи көзден алынған, оңай сіңірілетін кальций қосылған:

  • кальцийленген балдырлар - теңіз түбінен алынатын, нәрлі заттар мен минералдарға бай, табиғи теңгерімді құрамдас;
  • кальций карбонаты - жер қойнауынан өндірілетін пайдалы қазба.

Магний көзі - теңіз суы мен әктастан өндірілетін магний тотығы.

Өнімнің құрамына кіретін заттектердің басты сипаттары:

  • профилактика үшін кальций, магний, Д дәруменінің оңтайлы мөлшерін сақтау
  • қанда кальцийдің оңтайлы мөлшерін сақтау және жүректің, қаңқа бұлшық етінің, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  • сүйек тінінің механикалық беріктігіне жас ұлғаяч келе әлсіреуінің алдын алу
     

Құрамында табиғи нәрлі үш заттек бар - сүйектің сау күйде сақталуын қамтамасыз ететін кальций, магний және D дәрумені.

Кальций - сүйек тіні мен тістің негізгі құрылымдық құрамдасы. Кальций тамыр қабырғаларының қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз етеді, бұлшық еттің жиырылуы, жүйке жасушалары арасында сигнал берілуі, қан ұюы үшін қажет. Қиын сіңірілетін минералдар қатарына жататындықтан, оның сіңірілуі тағамда магний, фосфор, D дәрумені, ақуыздар мен майлардың бар-жоғына байланысты болады.

 

  • Қаңқа мен мықты тістің қалыптасуы үшін қажет 
  • Нерв импульстерін жіберу үшін қажет

Магний - күйзеліске қарсы табиғи элемент, адамның сүйегі мен тіс кіреукесінің ажырамас құрамдасы. Магний жүйке жасушалары арасында сигнал беруге қатысады, уыттар мен зиянды заттардың ағзадан шығарылуына ықпалдасады, көмірсу алмасуды қалыпқа келтіреді, сүйектердің сынғыштығы мен кеуектілігін, қан тамырларының қабырғаларында, жүрек клапандарында, бұлшық етте, зәр шығару жолдарында кальцийдің артық шөгуін болдырмайды. Ағзаның тотығудан қорғанатын ішкі жүйесін қолдайды.

D дәрумені кальций мен фосфаттардың сіңуі үшін қажет, сүйек тінінің толық минералдануына, қаңқаның дұрыс қалыптасуына және сүйек тінінің қалпына келуіне (сүйек сынған жағдайларда) ықпалдасады.

NUTRILITE™ кальций, магний, D дәрумені жиынының құрамында устрица бақалшағы мен теңіз балдырларынан алынған кальций карбонатының, магний тотығы мен D дәруменінің теңгерімді мөлшері бар, бұл оңтайлы сіңірілу дәрежесін қамтамасыз етеді және ағзаның осы элементтерге деген бастапқы мұқтажын қанағаттандырады.

Таблеткалардың пішіні жіңішке әрі жұмыр келеді, оларды жұту оңай.

Құрамында жасанды дәмдеуіш үстемелер, бояғыштар мен консерванттар жоқ. 
 

ҚҰРАМЫ: КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА, МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, ҚҰРАМЫНДА 30–34% КАЛЬЦИЙ МЕН 2,3–3,3% МАГНИЙ БАР ТЕҢІЗ БАЛДЫРЛАРЫ – LITHOTHAMNIUM CORALLOIDES ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ LITHOTHAMNIUM CALCAREUM (6,6%), МАЛЬТОДЕКСТРИН, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КАРБОКСИМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА АЙҚАС БАЙЛАНЫСҚАН НАТРИЙ ТҰЗЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН, ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ; ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ (D3 ДӘРУМЕНІ).

Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

  • Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға күніне 3 рет тамақ ішкен кезде 1 таблеткадан қабылдау қажет. 

Таңертең, күндіз және кешке бір таблеткадан. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қолдану алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Узнать больше NUTRILITE™
Барлық өнімдерді қарап шығу NUTRILITE™

Фотогалерея

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.