NUTRILITE™ DOUBLE X™ (ауыстыру блогы)NUTRILITE™ DOUBLE X™ (ауыстыру блогы)
Loading the player...

NUTRILITE™ DOUBLE X™ (ауыстыру блогы)

Артикул: 110043| Салмағы/көлемі:: орам/62 күн
    • Каталог бағасы: 6,535.00 RUR

    Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

    Саны:  
    Кәрзеңкеге қосу
     

    СИПАТТАМАСЫ

    Дәрумендер, минералдар мен фитонәрлі заттектер ағзада синтезделмейді, сондықтан тиісті мөлшерде күн сайын түсуі тиіс.

    Рациондағы микро- және фитонәрлі заттектердің негізгі көзі жеміс-жидек пен көкөніс болып табылады. Жеміс-жидек пен көкөністі төмен деңгейде тұтыну түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін.

    Дәрумендер, минералдар мен фитонәрлі заттектер қосылған NUTRILITE™ DOUBLE X™ - дәрумендер, минералдар мен фитонәрлі заттектері бар тағамдық биологиялық белсенді үстеме - өмірлік маңызы бар дәрумендердің, минералдардың, фитонәрлі заттектердің қоспасы. Бұл құрама ағзаға шамадан тыс салмақ түсіп, оған пайдалы заттектер көбірек қажет болған жағдайларда күшейтілген қолдау көрсету үшін әзірленген. Құрамында жеміс-жидек, көкөніс пен өсімдіктердің 24 түрінен дайындалған концентрат түріндегі табиғи өсімдік заттар бар.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Микро- және фитонәрлі заттектердің тағам көздеріне көкөніс, жеміс-жидек, саңырауқұлақ, жаңғақтар, дәндер, асқатықтар, дәмдеуіштер жатады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ағзаны барлық қажетті заттармен тиісті түрде қамтамасыз ету үшін күн сайын 300-400 г жаңа піскен өсімдік өнімдерін тұтыну қажет.

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Қазіргі заманғы іскер адамның өмір салтын ұстанатын және сонымен бірге күні бойы өз ағзасында негізгі нәрлі заттектердің оңтайлы деңгейін сақтауға тырысатын әр адам
    • Өзі тұтынатын тағамның, қарқынды өнеркәсіптік өңделуінің немесе ұзақ сақталуының және осы себептен өнімнің балғын күйінен айырылуының салдарынан оның нәрлілігіне сенбейтін әр адам
    • Маңызды нәрлі заттектердің қандай да бірінің жетіспеуіне байланысты тағамының құрамын теңгерімді деп айтуға болмайтын әр адам
    • Жеміс-жидектің, көкөністің тиісті мөлшерін және тұтас дәннен жасалған тағамдарды үнемі тұтынбайтын (уақыты болмауынан немесе тәбеті жоқтығынан) әр адам
    • Өз салмағын түзеткісі келетін, спортпен қарқынды айналысатын, егде жаста жақсы күйде болғысы келетін және/немесе оңтайлы денсаулыққа жеткісі келетін әр адам

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.amway.ru сайтынан немесе +7 (495) 981-4000 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    • Кұрамында әр түрлі 24 жеміс-жидек пен көкөністен жасалған концентраттар бар.
    • Тәулігіне екі рет қолданған жағдайда күні бойы ағзадағы нәрлі заттектердің оңтайлы деңгейін үнемі сақтайды.
    • Осы өнімді өндіру кезінде пайдаланылған өсімдіктердің көбісі Nutrilite сертификатталған фермаларында өсіріліп, жиналған.
    • Бұл өнімнің құрамында сынақтан өткізілген және өзінің ерекше биологиялық белсенділігінің арқасында іріктелген жоғары сапалы өсімдік концентраттары бар.
    • Осы өнімнің құрамына кіретін өсімдік концентраттарындағы фитонәрлі заттектердің кең ауқымы адам денсаулығы үшін өте пайдалы болып саналады.
    • Құрамында глютен мен лактоза жоқ.
    • Диабетпен ауыратын адамдар (құрамындағы көмірсулар мен калориялар мөлшері мардымсыз) мен вегетариандарға жарайды.
    • Қатаң вегетариандар - вегандарға жарамауы мүмкін (өйткені құрамында ланолиннен алынған D дәрумені бар).
    • NUTRILITE™ DOUBLE X™ дәрумендер, минералдар және фитонәрлі заттектердің жоғары деңгейлерін қамтамасыз етеді.
    • NUTRILITE™ DOUBLE X™ биологиялық белсенді үстемесінің құрамындағы негізгі дәрумендер, минералдар мен концентраттар, иммундық жүйенің және мидың жұмысын, сүйек пен жасушалардың саулығын қалыпты күйде сақтап, ағзаға қуатты антиоксиданттық қорғаныс беріп және жақсы жай-күйде болуға толығымен жәрдемдесе отырып, жан-жақты әсер етеді.

    Салмағы 407 мг ашық сары түсті таблеткалар, құрамында дәрумендер бар:

    УСТРИЦА ҚАБЫРШАҒЫНЫҢ ҰНТАҒЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; БАРБАДОС ШИЕСІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ, ЦЕЙЛОН ДАРШЫНЫНЫҢ СІРІНДІСІ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА, НИАЦИНАМИД, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ:
    КРОСКАРАМЕЛЛОЗА; D-АЛЬФА-ТОКОФЕРИЛ АЦЕТАТЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; КАЛЬЦИЙ ПАНТОТЕНАТЫ, КАЛЬЦИЙ ФОСФАТЫ, ГРЕЙПФРУТ ҰНТАҒЫ,
    МАНДАРИН ҰНТАҒЫ, ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ; ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ТАҒАМДЫҚ КРАХМАЛ, СӘЛБЕН ҰНТАҒЫ, САХАРОЗА, ПИРИДОКСИН ГИДРОХЛОРИДЫ, БЕТА-КАРОТИН,
    ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ АГЕНТ: ГЛИЦЕРИН; ТИАМИН МОНОНИТРАТЫ, РИБОФЛАВИН, А ДӘРУМЕНІ АЦЕТАТ, ФОЛИЙ ҚЫШҚЫЛЫ, ЛИМОН ҰНТАҒЫ, ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ; БИОТИН, ФИТОНАДИОН,
    D3 ДӘРУМЕНІ, ЦИАНОКОБАЛАМИН (В12 ДӘРУМЕНІ).

    Салмағы 421 мг сұрғылт жасыл түсті таблеткалар, құрамында минералды заттар бар:

    УСТРИЦА ҚАБЫРШАҒЫНЫҢ ҰНТАҒЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, БАРБАДОС ШИЕСІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ, ЖОҢЫШҚА КОНЦЕНТРАТЫ, ҚОҢЫР БАЛДЫР ҰНТАҒЫ, СЕЛЕН АШЫТҚЫСЫ, ХРОМ АШЫТҚЫСЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КРОСКАРАМЕЛЛОЗА; СУ ШИЫРМАҒЫНЫҢ КОНЦЕНТРАТЫ, НАСЫБАЙГҮЛ СІРІНДІСІ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; МЫРЫШ ТОТЫҒЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК, ҚАРАҚАТ СІРІНДІСІ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ТЕМІР, МАГНИЙ СТЕАРАТЫ, МАРГАНЕЦ СУЛЬФАТЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН; ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ.

    Салмағы 446 мг ашық қоңыр түсті таблеткалар, құрамында фитонәрлі заттектер бар:

    УСТРИЦА ҚАБЫРШАҒЫНЫҢ ҰНТАҒЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; АЛМА СІРІНДІСІ ҰНТАҒЫ, ҚАРАЖИДЕК СІРІНДІСІ ҰНТАҒЫ, КВЕРЦЕТИН, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КРОСКАРАМЕЛЛОЗА; ЖҮЗІМ СҮЙЕГІНІҢ СІРІНДІСІ, АЛХОРЫ СІРІНДІСІ, СӘБІЗ ЖАСҰНЫҒЫ, АҚЖЕЛКЕН ҰНТАҒЫ, АНАР СІРІНДІСІ, ГҮЛШЕТЕН СІРІНДІСІ, БРОККОЛИ ҰНТАҒЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК; МҮКЖИДЕК СІРІНДІСІ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ; ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ТАҒАМДЫҚ КРАХМАЛ, ЖҮЗІМ ҚАБЫҒЫНЫҢ СІРІНДІСІ, САУМАЛДЫҚ ҰНТАҒЫ, БЕС СУЛЫ МЫС СУЛЬФАТЫ, ТОКОФЕРОЛДАР ҚОСПАСЫ (ҚҰРАМЫНДА СОЯ БАР), ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН; АҚЖЕЛКЕК ҰНТАҒЫ; ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ.

     

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

    • Үш бөлімнен тұратын орамасы 31-күндік курсқа есептелген/62 күндік қосалқы блогы бар. 

    Ересектер құрамында дәрумендері бар 2 таблеткадан, минералды заттары бар 1 таблеткадан, фитонәрлі заттектері бар 1 таблеткадан күніне 2 рет тамақ ішкен кезде қабылдауы керек (тәулігіне 8 таблетка).

    Қабылдау ұзақтығы - 1 ай

    Құрамында жасанды тәттілегіштер, бояғыштар, хош иістендіргіштер және консерванттар жоқ.
    Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады
     

    Узнать больше NUTRILITE™
    Барлық өнімдерді қарап шығу NUTRILITE™

    Фотогалерея

    Сізге де ұнауы мүмкін

    Ajax қатесі

    Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.