NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар
Loading the player...

NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар

Артикул: 100930| Салмағы/көлемі:: 120 табл.
  • Сату жетекшілері
    Сату жетекшілері
  • Каталог бағасы: 1 565,00 RUR

Форманы толтыру кезінде жіберілген қателер

Саны:  
Кәрзеңкеге қосу
 

Балалар және жасөспірімдердің микронутриенттерге (дәрумендер мен минералдарда) деген мұқтаждығының артуына ең әуелі ағзаның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін қуатқа деген мұқтаждығының артуы себеп болады. Алайда, көбінесе бұл мұқтаждық қуаттылығы жоғары, бірақ макро- және микронәрлі заттектермен байытылмаған, қазіргі заманғы әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына тән тамақ өнімдері (фаст-фуд, шоколад, чипс, газдалған сусындар) есебінен толықтырылады.

13-14 жас кезеңінде жасөспірімдердің өсу мен даму жылдамдығы кенет арта түседі. Балалардың өміріндегі дәл осы кезеңдер тағамдық заттар мен қуаттың дене салмағы бірлігіне ең көп қажеттілігімен сипатталады.

NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар - бұл апельсин дәмі бар шайнайтын таблеткалар пішініндегі полидәруменді/мультиминералды биологиялық белсенді үстемелер. 

NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар 14 жастан асқан балалар мен ересектер үшін әзірленген. Ол дәрумендерді, өте маңызды минералдарды және бета-каротинді жағымды дәмі бар шайнайтын таблеткалар түрінде қамтамасыз етеді. Оны бұл заттарға деген қосымша қажеттілік туындаған кезде пайдалану керек.

Бұл өнімнің құрамында NUTRILITE тропикалық жемістерінің эксклюзивті концентраты бар. Ал апельсин дәмі бар шайнайтын таблеткаларды пайдалану оңай, сондықтан олар әсіресе таблеткаларды жұтуға қиналатын адамдарға жарамды.

ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

Көкөніс, жеміс-жидек, сүт пен сүт өнімдері, жармалар, ірі тартылған ұннан жасалған нан немесе дәнді, қосымша өнімдер, теңіз балығы, жұмыртқа, дәндер, жаңғақтар

ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

  • Аса тазартылған және қуаты мол тамақпен (чипс, жартылай фабрикаттар, тәтті тағамдар) тамақтанатын балалар мен жасөспірімдер (14 жастан бастап)
  • Газдалған, соның ішінде кофеині бар сусындарды жиі қолданатын балалар мен жасөспірімдер (14 жастан бастап). Кофеин мен көмір қышқылы кальцийдің дұрыс сіңірілуіне кедергі жасайды
  • Жылына 4 айдан астам күн жарығы мардымсыз болатын аймақтарда тұратын балалар мен жасөспірімдер (14 жастан бастап)
  • Жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністі күніне 300 г-нан кем тұтынатын балалар, жасөспірімдер мен ересектер
  • Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда тұратын балалар мен жасөспірімдер
  • Аса жоғары ақыл-ой және физикалық салмақ түсетін балалар мен жасөспірімдер
  • Белсенді өсу кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдер (14 жастан бастап)
  • NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар.

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.amway.ru сайтынан немесе +7 (495) 981-4000 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

NUTRILITE™ Мультидәрумендер қосылған шайнайтын таблеткалар жиынының құрамында 12 дәрумен мен 4 микроэлемент бар. Құрамында өңделмеген жемістен алынған өсімдік құрамдастары қосылған NUTRILITE Тропикалық жемістер концентраты бар.

Коферментті топтың нәрлі микрозаттектері (В1, В2, РР, биотин, В6, В5, В12 фолий қышқылы) ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті тағамдық заттардың (ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың) сіңімділігінің энергетикалық үдерістерінің реттегіштері болып табылады. Осы топқа деген мұқтаждық рационда ақуыз, май, көмірсулар мөлшері артқан кезде ұлғая түседі.

РР дәрумені (ниацин) микроайналымды жақсартады, есте сақтауды, қозғалыс координациясын жақсартады.
Мырыш энергетикалық метаболизмде, белсенді өсу кезеңдерінде қажетті ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының синтезінде қатысады.

D дәрумені, кальций, магний, фолий қышқылы сүйек-бұлшық ет жүйесiнің қалыпты дамуын қамтамасыз еді.
Бета-каротин иммунитеттің күшеюіне көмектеседі, жұқпалы аурулардың қаупін төмендетеді, қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін жұмсартады.

Полидәруменді жиын апельсин дәмі бар шайналатын пішінде ұсынылады, бұл балалар мен жасөспірімдер тұтынушыларға, сондай-ақ полидәруменді ББ үстемелерді осы пішінде қабылдауды артық көретін ересектерге тамаша жарайды.

Ересектерге де, 14 жастан асқан балаларға да жарамды

  • Ересектер мен жасөспірімдерге негізгі дәрумендер мен минералдарды маңызды мөлшерлерде қамтамасыз етуге көмектеседі
  • Құрамында тұтас жемістен алынған өсімдік құрамдастары қосылған NUTRILITE тропикалық жемістерінің концентраты бар
  • Шайнайтын таблеткалардың пішіні, таблетканы жұтуға қиналатын балалар мен ересектер үшін тұтынуды жеңілдетеді
  • Табиғи апельсин дәмі таблеткаларды тұтынуға дәмді әрі жағымды етеді
  • Табиғи қанттар - глюкоза мен фруктозамен тәттілендірілген
  • Шайнайтын таблеткалардың дәмі жағымды, ол жасөспірімдердің оларды қабылдауын жеңілдетеді.
  • Ересектерге де, 14 жастан асқан балаларға да жарамды
  • Шайнайтын таблеткалардың пішіні, таблетканы жұтуға қиналатын адамдардың пайдалануын жеңілдетеді
  • Құрамында қанттың жасанды алмастырғыштары, бояғыштар, хош иістендіргіштер немесе консерванттар жоқ

ҚҰРАМЫ: ДЕКСТРОЗА, ФРУКТОЗА, КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫ, МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, С ДӘРУМЕНІ (АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ), АЦЕРОЛА ШИЕСІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ (MALPIGHIA PUNICIFOLIA), КЕШЬЮ КОНЦЕНТРАТЫ (ANACARDIUM OCCIDENTALE), ГУАВА КОНЦЕНТРАТЫ (PSIDIUM GUAJAVA), МАРАКУЙЯ КОНЦЕНТРАТЫ (PASSIFLORA EDULIS), АНАНАС КОНЦЕНТРАТЫ (BROMELIA ANANAS), ПАЛЬМА МАЙЫ, ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; ҚАНТ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ (СТЕАРИН ҚЫШҚЫЛЫ); ҚЫШҚЫЛДЫҚ РЕТТЕГІШ: ШАРАП ҚЫШҚЫЛЫ; ТАБИҒИ АПЕЛЬСИН ХОШ ИІСТЕНДІРГІШІ (ДЕКСТРОЗА, ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ, КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ); ПУНШ ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШІ 
(ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН КРАХМАЛ, ЖҮГЕРІ ШӘРБАТЫ, ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕР, ҚАНТ, ТОКОФЕРОЛДАР); ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ (ТАБИҒИ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ, ҚАНТ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, ТРИКАЛЬЦИЙ
ФОСФАТ); ТЕМІР ФУМАРАТЫ, НИКОТИНАМИД, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; Е ДӘРУМЕНІ (D-АЛЬФА – ТОКОФЕРОЛ АЦЕТАТЫ), МЫРЫШ ТОТЫҒЫ, D-ПАНТОТЕНАТ КАЛЬЦИЯ, B6 ДӘРУМЕНІ (ПИРИДОКСИД ГИДРОХЛОРИД), В1 ДӘРУМЕНІ (ТИАМИН МОНОНИТРАТЫ), В2 ДӘРУМЕНІ (РИБОФЛАВИН), БЕТА-КАРОТИН, ФОЛИЙ ҚЫШҚЫЛЫ, БИОТИН, D3 ДӘРУМЕНІ (ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ), В12 ДӘРУМЕНІ (ЦИАНОКОБАЛАМИН). ҚҰРАМЫНДА СОЯ БАР.

 


 

Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

  • Ересектер мен 14 жастан асқан балалар тамақ ішкен кезде тамақпен бірге 1 шайнайтын таблеткадан күніне 2 рет қабылдайды. 
Узнать больше NUTRILITE™
Барлық өнімдерді қарап шығу NUTRILITE™

Фотогалерея

Сізге де ұнауы мүмкін

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.