Amway веб-сайтының құпиялылық ережелері

Дата вступления в силу: 1 августа 2015 г.

 

Осы Amway веб-сайтының құпиялылық ережелерінде GmbH, Benzstrasse 11 b-c, D-82178 Puchheim (әрі қарай мәтінде – «Amway компаниясы») біздің веб-сайтымыздың (әрі қарай мәтінде – «Веб-сайт») пайдаланушыларынан (әрі қарай мәтінде – «Пайдаланушылар») жинайтын жеке деректерді қалай қолданатындығы сипатталған. Бұл құжатта біздің деректерді жинау және қабылдау әдістеріміз, біздің жинауымыз мүмкін жеке деректер түрлері, бұл деректерді қолдану жолымыз, өзге тараптарға беру шарттарымыз және қорғау тәсілдеріміз, сақтау ұзақтығы және сіздің құқықтарыңыз, сондай-ақ, біз қолданатын құпиялылықты сақтау ережелеріне қатысты сұрақтарыңызды бізге ұсыну тәртібі сипатталған.


Егер Веб-сайт Пайдаланушылары болып табылмайтын тұлғалардан жеке деректерді жинау және оларды қолдану жолдары туралы ақпарат алғыңыз келсе, Amway Тәуелсіз Кәсіпкері (әрі қарай мәтінде – «АТК») болсаңыз, біздің АТК қатысты құпиялылық саясатымызды оқып шығыңыз (мұнда сіз Веб-сайттағы жүйеге АТК ретінде кірген кездегі сіздің жеке деректеріңізді қолдану жолы туралы ақпарат қамтылған).
 

Сіздің жеке деректеріңізді қалай жинай аламыз немесе оларды сізден қалай ала аламыз?

  Сіздің Веб-сайтты қолдануыңыз кезінде Amwaу сіз туралы жеке деректерді жинай және оларды сізден алу үшін түрлі әдістер қолдана алады.

Сіз өзіңізге қатысты жеке деректерді және өзге ақпаратты Веб-сайттың "Бізге хабарласыңыз" бетінде көрсетілген түрлі байланыс арналары арқылы бізге жібере аласыз, мысалы, электрондық пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері немесе Amway Интернет формалары арқылы.

Сіз веб-сайтқа кіру рұқсатын алғанда не веб-сайтты қарай бастағанда және пайдаланғанда веб-сайттың қолданылуы туралы белгілі бір ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін сookie файлдарын не өзге ұқсас технологияны пайдалана аламыз. Сookie файлы – компьютер не мобильді құрылғы веб-сайттарға кіру үшін пайдаланылғанда компьютерге не мобильді құрылғыға орналастырылатын деректер файлы. Біз үшінші тараптарға сіздің құрылғыңызға сookie файлын орналастыру мүмкіндігін бермейміз. Төмендегі кестеде біз қолданатын cookie файлдары туралы деректер және оларды қолдану себептері берілген.

  • Келесі cookie файлы біздің веб-сайттың жұмыс істеуі үшін қажет.
     

  Сookie файлының атауы

 Тағайындалуы

  Cart-content

  Бұл cookie файлында пайдаланушының сатып алу себеті туралы деректер сақталады


  • Келесі cookie файлдары біздің веб-сайтымыздың жұмыс істеуі үшін қажет емес және негізінен біздің қызметтерімізге көмек көрсету, қолдау және жетілдіру үшін қолданылады. Бұл cookie файлдарының ешбірін сіздің құрылғыңызда сіздің келісіміңізсіз орналастырмаймыз.
     

Сookie файлының атауы

  Тағайындалуы

  Language

 Бұл cookie файлында пайдаланушы үшін әдепкі бойынша қолданылатын тіл туралы деректер сақталады.

 POLL_LV_ID_*

  Бұл cookie файлы пайдаланушының сауалнамаға қатысқандын көрсететін белгі ретінде пайдаланылады

 QUESTIONNAIRE_LV_ID*

  Бұл cookie файлы пайдаланушының сауалнаманы толтырғандығын көрсететін белгі ретінде пайдаланылады

 amway_language_code

  Бұл cookie файлында пайдаланушы таңдаған ел туралы деректер сақталады

 preview_permission_profile*

  Бұл cookie файлында әдепкіде қолданылатын пайдаланушы профилінің параметрлері туралы деректер сақталады

 Preview_permission_attributes*

  Бұл cookie файлында әдепкіде қолданылатын пайдаланушы атрибуттарының параметрлері туралы деректер сақталады

 footer_preview_*

  Бұл cookie файлында әдепкіде қолданылатын пайдаланушы профилі мен атрибуттарының параметрлері туралы деректер сақталады

 JSESSION

  Бұл cookie файлы техникалық сеансты қадағалау үшін пайдаланылады

 CTSESSION

  Бұл cookie файлы техникалық сеансты қадағалау үшін пайдаланылады

  Google Analytics, Coremetrics,  Omniture, Tealeaf

  Бұл cookie файлдары біздің веб-сайттарымызды пайланушылардың пайдалануы туралы деректерді жинау үшін қолданылады Бұл cookie файлдарының көмегімен жиналатын барлық деректер құпия болып табылады және пайдаланушының жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сайт пайдаланушыларының санын анықтау, пайдаланушылардың қайдан кіретіндігі және олар қарайтын беттер сияқты ақпарат жинақталады.

 

Сookie файлдарын қолдануға тыйым салуға болады – мұны браузер параметрлерінде істеуге болады (мысалы, «Параметрлер» не «Браузер сипаттары» мәзірінен). Алайда, cookie файлдарын қолдануға тыйым салынатын болса, веб-сайттың кейбір мүмкіндіктері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Сookie файлдарын басқару және жою туралы толық ақпаратты http://www.allaboutcookies.org/ сайтынан қарай аласыз.

 

Біз жинай алатын жеке деректердің түрлері.

  "Сіздің жеке деректеріңізді қалай жинай аламыз немесе оларды сізден қалай ала аламыз?" бөлімінде көрсетілген сookie файлдары арқылы веб-сайтты пайдалануыңыз, ІР мекенжайыңыз, браузердің түрі және операциялық жүйеңіз жөнінде ақпарат жинай аламыз. Бұған қоса, Интернетте жүзеге асырылған сатып алуларыңызды өңдеу үшін сіздің төлем ақпаратыңызды, сондай-ақ, сіздің өнімдерге қатысты қалауларыңыз бен сіздің сатып-алу әрекеттеріңіз туралы деректерді жинай аламыз.

Сонымен қатар, Веб-сайттың "Бізге хабарласыңыз" бетінде сипатталған байланыс арналары арқылы сіздің аты-жөніңіз, электрондық пошта мекенжайыңыз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз және факс нөміріңіз секілді сіздің байланысу деректеріңізді жинай аламыз. Сондай-ақ, өз еркіңізбен өз сұрақтарыңыз бен түсініктемелеріңізге байланысты өзіңізге қатысы бар өзге де деректерді бізге ұсына аласыз. Мұндай жағдайда өзіңізге қатысты берілетін жеке деректер көлемі сіздің сұрақтарыңыз бен түсініктемелеріңізге біздің тарапымыздан жеткілікті түрде жауап беруге мүмкіндік беретін көлемнен аспауын ұсынамыз.

Жиналатын жеке деректерді біз қалай пайдаланамыз?

Сіздің жеке деректеріңізді (i) сіздің түсініктемелеріңіз бен сұрақтарыңызды қарау үшін; (ii) сіз Интернет арқылы жүзеге асыратын сатып алуларды өңдеу үшін; (iii) сіз бен біздің Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлеріміз арасында байланысты жақсарту үшін; (iv) веб-сайтты жетілдіру үшін, соның ішінде оны пайдаланушылар үшін ыңғайлы ету үшін; және (v) біздің серверлерімізге қатысты мәселе туындағанда диагностика жүргізу үшін қолданамыз. Егер өзіңізге қатысты жеке деректерді бермеу туралы шешім қабылдасаңыз, біз жоғарыда аталған қызметтерді көрсете алмауымыз мүмкін.

Жеке деректерді біз кімге бере аламыз?

  Amway компаниясы жеке деректеріңізді сатпайды, оларды уақытша қолдануға бермейді не оларды пайдаланып басқа келісімдер жасамайды. Amway компаниясы сіздің жеке деректеріңізді тек қана келесілерге бере алады:

  • Amway компаниясы үшін жеке деректерді хабарлау қажетті болып табылатын Amway тобының құрылымдық бөлімшелері;
  • Өнім, тапсырыстарды рәсімдеу және орындау туралы кеңес беру үшін ақпарат алмасу мақсатында және Аmway компаниясында тапсырыс беретін өнімдерге қатысты және Amway іскерлік мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсыну үшін Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлеріне; және
  • егер заң бойынша қажет болса не өзге адамдардың немесе өзінің құқықтары, меншігі не қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса, мемлекеттік органдарға не өзге үшінші тараптарға.
     

Деректерді өзге елдерге жіберу.

Сіз туралы жинайтын жеке деректерді Amway компаниясының өзге филиалдарына және Alticor Inc. өзге құрылымдық бөлімшелеріне, Amway компаниясының бас кәсіпорнына жібере алады. Олардың кейбіреулері деректер жинақталған елде емес, өзге елде орналасуы мүмкін. Бұл елдердің заңдары деректерді қорғаудың сіз алғашқыда деректеріңізді ұсынған елдегідей деңгейін қамтамасыз етпеуі мүмкін. Сіздің деректеріңізді өзге елдерге жіберу кезінде сіздің деректеріңізді осы құпиялылық хабарламасында сипатталғандай және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғайтын боламыз. Alticor Inc. фирмасы, Amway компаниясының бас кәсіпорны АҚШ Сауда министрлігі, Еуропалық комиссия және Швейцария өткізетін, Safe Harbor құпиялылықты қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Еуропалық экономикалық кеңістіктен немесе Швейцариядан АҚШ-қа жіберілетін жеке деректерді жинау, сақтау, қолдану, жіберу және өзге де өңдеу талаптарына сәйкестігіне сертификатталған. Еуропалық комиссия өзінің 2000/520/EC шешімінде бұл бағдарлама жеке деректер қорғаудың жеткілікті деңгейін қамтамасы ететіндігін мәлімдеді. Толығырақ ақпарат алу үшін www.alticor.com/PrivacyPolicy.aspx сайтындағы Alticor фирмасының Safe Harbor құпиялылық саясатымен танысыңыз. Деректерді өзге елдерге жіберу туралы толық ақпарат алу үшін http://amway-europe.com/default.asp?zone=AboutAmway&lan=it&num=1 сайтына кіріңіз.

Біз жеке деректерді қалай қорғаймыз?

Сіз ұсынған жеке деректерді кездейсоқ, заңсыз және рұқсат етілмеген қолданудан, жоюдан, жоғалудан, өзгертуден қорғауға бағытталған қажетті техникалық және ұйымдық алдын алу шараларының жиынтығын жүзеге асырамыз.

Жеке деректерді сақтау ұзақтығы қанша?

Егер заң бойынша, өзге әрекеттер қажет етілмесе, жеке деректерді бұл деректерді жинауға негіз болған мақсатқа жеткенге дейін сақтаймыз (жоғарыдағы «Жиналатын жеке деректерді біз қалай пайдаланамыз» бөлімін қараңыз).

басқа вэб-сайттарға сілтемелер.

Осы веб-сайтта үшінші тұлғалар меншігі болып табылатын, ақпаратты қолдану және құпиялылықты сақтау ережелері біздікінен ерекшеленуі мүмкін өзге сайттарға сілтемелерді қамтуы мүмкін. Үшінші тараптың қолданатын ақпаратты қолдану және құпиялылықты сақтау ережелері үшін біз жауап бермейміз. Мұндай веб-сайттарды қолдануды бастамас бұрын, не оларға немесе олар арқылы қандай да жеке деректерді не өзге ақпаратты ұсынбас бұрын бұл веб-сайттардың құпиялылық ережелерімен танысуға кеңес береміз.

Веб-сайттың құпиялылық хабарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

Amway компаниясы кез келген уақытта веб-сайттың құпиялылық хабарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы веб-сайттың құпиялылық хабарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе, оның күшіне ену күнін өзгертетін боламыз және мұндай өзгертулер олар жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Веб-сайттың құпиялылық хабарламасын әлсін-әлсін қарап тұруға кеңес береміз

Сіздің құқықтарыңыз.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сіздің құқықтарыңыз біздің сіз туралы өңдеп жатқан ақпаратқа қатысу құқығы, мұндай деректерді өзгерту, жою не блоктау құқығы және деректерді өңдеуге қатысты кейбір әрекеттердің жүргізілуіне қатысты наразылық білдіру құқығын қамтиды. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін төменде көрсетілген біздің байланысу ақпаратымызды қолданып жазбаша түрде тапсырыс жасау қажет.

Бізге қалай хабарласуға болады.

 Amway Электронды Коммерция Веб-сайтына қатысты сұрақтарыңыз не күдіктеріңіз туған жағдайда, Сізді "Амвэй" ЖШК дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00 -18:00 дейін +7 (727) 321 03 00 телефоны бойынша және infokz@amway.com электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.