СІЗДІҢ ТӘНІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН.

СІЗДІҢ ЖАНЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАН. 

СІЗГЕ АРНАЛҒАН.

 

Ақ шайдың хош иісі бар PREMIUM SPA COLLECTION жаңа спа топтамасындағы нәзік құралдардың көмегімен Азияның еліктіретін тыныштығынан ләззат алыңыз. Шығыс елдерінің ең жақсы дәстүрлері сізді толықтай босаңсытып, жоғалған қуатыңызды қалпына келтірсін.

Әрине, күнделікті күйбең тіршілікті толығымен ұмыта қою мүмкін емес, бірақ сіз өзіңізге бірнеше сағаттық толық релаксация сыйлай аласыз. Ақ шайдың хош иісі бар PREMIUM SPA COLLECTION спа топтамасы күні бойы жиналған шаршауыңызды басуға көмектесу және ақ шайдың босаңсытар хош иісінен ләззат алуыңыз үшін арнайы жасап шығарылған...
 

image/jpeg;;;hahaha.jpg

ВАННА МЕН ДУШҚА АРНАЛҒАН
АҚ ШАЙДЫҢ ХОШ ИІСІ БАР
ЖҰМСАРТҚЫШ ЖӘНЕ
ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КӨБІК

Жұмыстарыңызды ұмытып, үйдегі спа-күтімімен рақатқа бөленіңіз. Төмендегі әсерлерге бөлене аласыз:

• Дәрумендерге бай шабдалы майының көмегімен теріні ылғалдандыру.
• Өнімнің құрамына кіретін гуардың арқасында терінің жеңілдігі және оны ылғалға толтыру.
• Теріні тазарту және оған күтім көрсету!
 

Қолдану әдісі: құралды ылғалды теріге барқыт тәрізді көбік пайда болғанша уқалап жағыңыз. Е дәруменіне бай шабдалы майы теріңізге ерекше жұмсақтық пен ылғалдылықты сыйлайды.

image/jpeg;;;left-2.jpg

ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН АҚ ШАЙДЫҢ
ХОШ ИІСІ БАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРГІШ
ЖӘНЕ ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРАЛ

Тері жұмсара түседі, ал шаршауыңыз байқаусыз басылады!

• Теріге таңқаларлық тегістік беретін нәзік тазалау.
• Тері жібектей нәзік бола түседі.
• Жажоба майының арқасында тері балғындығы ұзақ уақыт бойы сақталады.

Қолдану әдісі: хош иісті құралды теріге уқалап жағыңыз. Жожоба майы теріні қоректендіріп, оның жылтыраған сыртқы көрінісін қалпына келтіреді.
 

image/jpeg;;;left-3.jpg

ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН АҚ ШАЙДЫҢ
ХОШ ИІСІ БАР ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ
ЖӘНЕ СЕРГІТКІШ КРЕМ-СУФЛЕ

Құрал теріге дереу сіңіп, терең ылғалдандыру арқылы ұқыпты спа-күтімін көрсетеді!

• Ши мен бадам майларының күтім көрсетуші компоненттері теріні жайландырып, оны қорғайды.
• Коэнзим Q10 тері жасушасының қуатын қалпына келтіріп, оны сергітеді.Теріңіз балғындық қуатын алады, ал сіз толық босаңсудың ұмытылмас сезіміне бөленесіз.

Қолдану әдісі: денеге арналған тез сіңетін және ылғалдандырғыш суфлені теріге жағыңыз. Крем-суфлені теріге толығымен сіңгенше уқалап жағыңыз. Өнім ши майы мен коэнзим Q10 компонентінің арқасында өзінің өте нәзік крем текстурасымен ерекшеленеді. Олар теріге ылғалдылық, қуат пен балғындық сыйлап, оның жұмсақтығын сақтайды және күні бойы құрғаудан қорғайды.
 

image/jpeg;;;left-4.jpg

Хош иіс

Тамаша спа-құралдарының осы сыйлық жинағы ақ шайдың нәзік гүл хош иісімен жұпар шашады.
Ақ шай — Қытайдың бірегей інжу-маржандарының бірі. Оның таңдаулы иісін осыдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын ежелгі Қытай императорлары жоғары бағалаған. Жақында ғана ақ шайдың құндылығы барша әлемге танылды. Ақ шай аздаған өңдеуден ғана өтеді, сондай-ақ, ол қолмен теріледі және ұқыпты түрде буландырылып, кептіріледі. Шайдың бұл сұрпы әлемдегі ең қымбат шай деп саналуы текке емес!
Жеңіл әрі бірегей хош иісті иіскеу арқылы сіз алыс экзотикалық елдерге ойша сапар шегесіз!
 

Тамаша сыйлық

Ақ шайдың хош иісімен Спа топтамасы PREMIUM SPA COLLECTION кез келген мейрамда ең жақындарыңыз үшін тамаша сыйлық бола алады!    

Спа коллекция с ароматом белого чая PREMIUM SPA COLLECTION станет прекрасным подарком на любой праздник для самых близких людей!