DoubleX

NUTRILITE™ DOUBLE X™ және Daily

NUTRILITE биологиялық белсенді қоспаларымен денсаулыққа пайдалы үйлестірілген тамақтанудың, сонымен бірге салауатты өмір сүрудің негіздерін қалаңыз.

  • Нәрлі заттар қайдан алынады?
  • Адам ағзасына қандай нәрлі заттар қажет?
  • Өмірдегі әр оқиғаға – әр күнге арналған мультивитаминдер
  • Тағамға қосылатын NUTRILITE™ биологиялық белсенді қоспалары
  • Біздің тамырларымыз
  • Интерактивтік ойын

Нәрлі заттар қайдан алынады?

Дәрумендер мен минералдарсыз ағзаның барлық органдарының және жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, денсаулық пен белсенділікке қолдау көрсету мүмкін емес. Бұл қажетті нәрлі заттар түрлі көкөністер мен жемістердің құрамында болады, сол себепті алуан түрлі тағамдарды қажетті мөлшерде жеу – ағзаны күнделікті қажетті дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етудің ең жақсы әдісі.

Тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы қандай?

Қазіргі таңда дұрыс тамақтануға уақыт бөле бермейміз не, тіпті, уақтылы тамақтанудың өзіне де үлгермейміз. Пайдалы балғын азық-түлікті ыңғайлы жартылай фабрикаттармен ауыстырамыз, ал, уақыттың ұдайы жетіспеуі біздің тамақтанатын тағамдарымызда нәрлі заттардың үлесінің азаюына әкеледі.

Бұл жетіспеушіліктің орнын тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалармен толтыруға болады, осылайша, жалпы саулықтың ажырамас бөлігі болып табылатын оңтайлы денсаулыққа қолдау көрсетудің негізі – үйлестірілген тамақтанумен өзімізді қамтамасыз етеміз.

Адам ағзасына қандай нәрлі заттар қажет?

Өмір негізі: дәрумендер

Дәрумендер ағзада жүретін келесідей барлық алмасу процестері үшін қажет: өзге нәрлі заттарды жасау, қан жасушаларын, гормондарды, генетикалық материалды және жүйке түйіндерінде түзілетін химиялық байланыстарды қалыптастыру. Химиялық қасиеттеріне байланысты дәрумендерді "суда еритін" және "майда еритін" деп екі топқа бөлуге болады.

Суда еритін дәрумендер қатарына С мен В жатады. A, D, E және K – майда еритіндер.

Әсер етуші агенттер: минералдар

Минералдар ағза жасушаларының өсуін және қалпына келу процестеріне қолдау көрсетеді, сонымен қатар, органдардың биохимиялық жүйелерінің және адам ағзасы ұлпаларының (мысалы, жүйке жүйесінің) жұмыстарында маңызды рөл атқарады.

Мысалы, кальций сүйек пен тістің қалыптасуында басты рөлді атқарады. Темір гемоглобиннің (қанның қызыл түйіршіктерінде болатын ақуыз) дұрыс жұмысы үшін қажет болса, магнийдің ағзадағы биохимиялық функциялары 300-ден асып түседі!

Табиғи қорғаныш: антиоксиданттар

Қышқылдандыру процестері нәтижесінде түзілетін, ағзада болатын еркін радикалдардың агрессиялық әрекеттері күшейіп, ағза жасушаларындағы ДНҚ-ның зақымдануына әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде түрлі аурулардың пайда болуына және мерзімінен бұрын қартаюға әкеледі. Антиоксиданттар еркін радикалдарды байланыстырып, зиянсыздандыру арқылы ағза жасушаларын олардың бұзу әрекеттерінен қорғайды.

Антиоксиданттар тобы қатарына С және Е дәрумендері, кейбір өзге дәрумен секілді қосылыстар, сондай-ақ, каротиноидтар (альфа- мен бета-каротин), ликопин мен лютеин, бұған қоса, селен секілді микроэлементтер кіреді.

Табиғат кереметі: фитонутриенттер

Өсімдіктердің құрамында болатын нәрлі заттар жемістер мен көкөністердің маңызды компоненті болып табылады. Алайда, фитонутриенттердің адам денсаулығы үшін өте пайдалы екендігі жақын арада анықталып, зерттеліп, сипатталды. Әлемдік зерттеушілердің ойынша, фитонутриенттерге толы диета оңтайлы денсаулыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Фитонутриенттер – өсімдіктердің құрамында болатын химиялық қосылыстар. Расында да, ол ағзаны қорғап, дәрумендердің әсерін толықтырып тұрады деп есептеледі.

Өмірдегі әр оқиғаға – әр күнге арналған мультивитаминдер

Бір күнде бес порция көкөніс пен жеміс. Бұл ағза үшін жеткілікті. Барлық органдар мен ағза жасушаларының дұрыс жұмысы мен өсуін қамтамасыз ете отырып, ағза иммунитетін күшейтуге қажет дәрумендер мен минералдардың ағзаға жетуін қамтамасыз етуге жеткілікті. Дегенмен де, бұл жеткілікті деңгейді ұстап жүру оңай емес. Әсіресе, үйлестірілген диетаның орнына жеңіл-желпі және жылдам даярланатын асты қанағат тұтуға мәжбүр болған кезде. Бұған қоса, алкоголь, кофеин мен никотин де өз әсерін тигізіп, ағзадан оған қажетті дәрумендер мен минералдарды жояды.

Тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар денсаулыққа пайдалы және үйлестірілген диетаның орнын толықтай баса алмайды. Мультивитаминдер жиынтығы Сізді толыққанды тамақтануға қажетті және күнделікті асыңызда жеткілікті мөлшерде кездесе бермейтін дәрумендер мен минералдардың қосымша көзімен қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған. Олар – тамақтануды үйлестіруге мүмкіндік беретін арнайы таңдалған дәрумендер мен минералдардың жиыны.

Тағамға қосылатын NUTRILITE™ биологиялық белсенді қоспалары

Сапаға берілгендік

NUTRILITE™ айрықша өсімдік концентраттарын жасауда және өндіруде органикалық егін шаруашылығы әдістерін қолданады. Ұқыпты өңдеу процесі кезінде өсімдіктер кептіріледі және өсімдік шикізатынан алынған барлық нәрлі заттар мен фитоқосылыстарды қамтитын ұсақ ұнтаққа (ол концентрат деп аталады) айналдырылады. Концентратты даярлаудың патенттелген процесі өзге әдістерді қолдану кезінде жойылатын барлық нәрлі заттарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мұндай концентраттар тағамға қосылатын NUTRILITE биологиялық белсенді қоспаларының маңызды бөлшегінің бірі болуы қарапайым себепке байланысты: адам ағзасына түрлі нәрлі заттар ұдайы қажет.

Біздің концентраттар мен фитонутриенттер сіздің денсаулығыңызды қорғайды

Құрамына тек қана синтетикалық дәрумендер мен минералдар кіретін тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар сізді фитонутриенттермен қамтамасыз ете алмайды. NUTRILITE™ ББҚ-ның бірегейлігі – өсімдік шикізатының барлық нәрлі құндылығын өзінде сақтаған және ағзаны оған қажетті фитонутриенттермен қамтамасыз ететін айрықша концентраттарда.

Өз саласындағы көшбасшылар

"NUTRILITE™ бренді – тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы".

(Euromonitor International 2009 жылы өткізген зерттеу негізінде)

Біздің тамырларымыз

Өткен ғасырдың 20-жылдары NUTRILITE брендінің негізін қалаушы Карл Ф. Ренборг тамақтану рационы мен адамдардың денсаулығы арасындағы байланысты байқаған. Ренборг табиғи өсімдік шикізатынан бөлінген концентраттарда денсаулыққа қажетті заттар бар деп болжау жасаған. Бұл жаңалықтар адамдардың тамақтануын үйлестіруге бағытталған өсімдік өнімін ойлап табуға итермеледі.

Осы ниетпен Карл өз өнімін ойлап тауып, жаңа компанияның негізін қалады. 75 жылдан аса уақыт бұрын ол өзінің алғашқы мультивитаминдік/мультиминералдық тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспасының өндірісін бастап, сатуға шығарды, сол өнім қазіргі таңда белгілі NUTRILITE Double X өнімінің негізі болды.

75 жылдық тәжірибе мен өндіріс процесінің дәннен тағамға қосылатын дайын биологиялық белсенді қоспаға дейінгі әр кезеңін мұқият тексеру NUTRILITE брендінің атынан шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен тиімділігіне кепілдік білдіреді.

Интерактивтік ойын

Тағамға қосылатын NUTRILITE™ DOUBLE X™ биологиялық белсенді қоспаларының құрамындағы ауыстырғысыз дәрумендер, минералдық заттар мен өсімдік концентраттары бірлесіп әрекет етіп, біздің ағзамызды түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз етеді.

NUTRILITE DOUBLE X биологиялық белсенді қоспасының құрамына 24 түрлі жемістер мен көкөністерден алынған, ағзаға алуан түрлі маңызды фитонутриенттер жеткізетін 21 өсімдік концентраты кіреді.

"Сәйкес жұбын тап" интерактивтік ойынын ойнап, дәрумендер, минералдар және фитонутиенттермен бірге тағамға қосылатын DOUBLE X биологиялық белсенді қоспалардың құрамына кіретін өсімдік концентраттары туралы толық ақпарат алыңыз.