G&H Nourish+

Табиғаттың нәзік жанасуы

G&H құралдары – отбасының барлық мүшесіне арналған тері күтімінің қазіргі заманғы үлгісі*. Біздің құралдарымыздың консистенциясы мен хош иістері ылғалданған және күтім көрсетілген терімен бірге, әйелдерді де, ерлерді де қуантады.

G&H бренді табиғи шикізаттан алынған компоненттерді қолданады, топтаманың негізіне төмендегі құрамдас бөліктер енді:

Апельсин гүлдерінің балы

Бал – табиғаттың бізге сыйлаған ғажайып ылғалдандырғышы. Өркениет тарихында балды сұлулық эликсирі ретінде қолданған көптеген мәдениеттерді мысалға келтіруге болады. Зерттеулер барысында G&H ғалымдары мынаны дәлелдеді: апельсин гүлдерінің балы керемет ылғалдандырушы әсерге ие.


Ши майы

Ши майын африкандық ши ағашының дәндерінен алады. Ол туралы бірінші мәліметтер Ежелгі Мысыр мәдениетінен бастау алады және бұл шипалық майды қазіргі уақытқа дейін шаш пен теріні африкандық шөлдердің ыстық құрғақ желдерінен қорғау үшін қолданады.


Асқабақ дәндерінің майы

Асқабақ дәндерінің майы – дәрумендер мен май қышқылдарына бай өте құнды өнім. Эксклюзивтік қаныққан формуласына байланысты G&H өнімдері теріні нәрлендіреді, жұмсартады және сау өң береді.

Топтама төмендегі өнімдерден құралады:

Душқа арналған гель

Бұл құралдың кремдік формуласы теріні жұмсақ тазартады, тыныштандырады және едәуір ылғалдандырады.

  • Құрамына тітіркенуге жол бермейтін патенттелген1 тыныштандырушы кешен кіреді.
  • Нәтижесі: таза, сау, ылғалдандырылған тері, жайлылық пен қуаныш сыйлайды.
  • Жұмсақ кремді көбік.
  • Жеңіл және тез шайылады.
  • Биологиялық ыдыратуға*** болады, құрамында сульфаттар мен триклозан жоқ.
  • Отбасының барлық мүшесіне жарайды*.
  • Дерматологтар сынағынан өткен. Аллергиялық әсерлер туғызбайды***. Бояғыштарсыз.
     

1 - Патент США 8057830


Денеге арналған лосьон

Денеге арналған қаныққан нәрлендіруші лосьон арқылы теріңізге бүтіндей 24 сағатқа*** ылғалдық сыйлаңыз.

  • Құрғақ теріні тыныштандырады және жұмсартады.
  • Лездік ылғалдандыру: терінің ылғалдану деңгейі 129 %-ға дейін артады***.
  • Ұзақ ылғалдандыру: тәулігіне 24*** сағат ылғалдандыру.
  • Кремдік құрылымына байланысты жеңіл жағылады және тез сіңеді.
  • Отбасының барлық мүшесіне жарайды*.
  • Дерматологтар сынағынан өткен.
  • Аллергиялық әсерлер туғызбайды***.
     


Күтім жасайтын сабын

Күтім жасайтын жартылай мөлдір сабын теріге жұмсақ және нәзік әсер етеді.

  • Нәзік формуласы теріні құрғатпайды, ылғалдандырушы компоненттері жұмсартады, теріні балғын, тегіс және иілгіш етеді.
  • Терінің табиғи теңгерімін сақтайды.
  • Жұмсақ кремді көбік.
  • Жеңіл және тез шайылады.
  • Өнімнің бірегей дизайны2 оны отбасының барлық мүшесіне әмбебап етеді*: сіз бүтін кесекті бөліктерге бөле аласыз және әркім хош иісті сабынның жеке бөлігін алады.
  • Биологиялық ыдыратуға*** болады, құрамында сульфаттар мен триклозан жоқ.
  • Дерматологтар сынағынан өткен. Аллергиялық әсерлер туғызбайды***. Терінің барлық типтері үшін.
     

2 - среди других продуктов Amway


Қолға арналған крем

Бірегей липидтік композициясы бар қолға арналған нәрлендіруші крем: сіздің теріңіз қол жуғаннан кейін де 24 сағат ылғалданған күйде болады.***

  • Құрғақ теріні тыныштандырады және жұмсартады.
  • Лездік әсер: пайдаланушылардың 98 %-ы*** бірінші қолданудан кейін қол терісінің жұмсарғанын байқады.
  • Ұзақ ылғалдандыру: тәулігіне 24*** сағат ылғалдандыру.
  • Суға тұрақты формула – қолдың терісі жуғаннан кейін де ылғалданған күйде болады. Суық немесе ыстық судан болған құрғақтықтан қорғайды.
  • Ұзақ әсер: 5 күндік пайдаланудан кейін терінің 3 күнге дейін жоғары ылғалданған деңгейін сақтайды***.
  • Әр орамасында үш сықпа бар: сіз қайда болсаңыз да, крем өзіңізбен бірге болады.
  • Отбасының барлық мүшесіне жарайды*.
  • Дерматологтар сынағынан өткен. Аллергиялық әсерлер туғызбайды***.
     


G&H теріге күтім көрсету құралдарының топтамасы – өндірістің тексерілген классикасы мен сау бет-әлпет пен сұлулық саласындағы алдыңғы технологиялардың гармониялық үйлесімі. Сіз де жаңа топтаманы көріңіз!


*-топтама 14 жастан бастап қолдануға арналған.
***- Амвэй компаниясы жүргізген зерттеулердің мәліметтері бойынша.