beautycycle

beautycycle™

Сіздің теріңіз өмір бойы өзгеріп отырады. Әр түрлі жыл мезгілдері мен әр түрлі жаста оған әр түрлі күтім жасау құралдары қажет. Ауа, Су, Жер, От стихияларының қалпына келтіру қасиеттері мен Түстер өмір жолының кез келген сатысында әрбір әйелге қайталанбас сұлулықты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

beautycycle™ бренді «табиғи стихиялармен жаңартылған» бес өнімдер желісін ұсынады және елеулі нәтижелерге есептелген теріге қарапайым, жеке күтімді ұсынады.

 

Жай ғана Сіздің қажеттіліктеріңізге сай келетін стихияны табыңыз.

 

  • Ауа
  • Су
  • Жер
  • От
  • Түс

Ауа

Ауа: Жасарту

Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Тек қана ауа қартайған, шаршаған теріні жандандыра алады.

beautycycle™ Ауа желісінің құралдары оттегілік демді қалпына келтіріп, теріні қайта жандандырады. Йогурттың табиғи пробиотиктері терідегі оттегі айналымының күшеюіне ықпал етеді. Тері айтарлықтай жас әрі сау болып көрінеді.

Ауа желісінің өнімдері

Су

Су: Ылғалдандыру

Су – барлық тірі ағзалардың негізгі компоненті болып табылады.

beautycycle™ Су желісінің құралдары қалыпты және құрғақ теріні терең ылғалдандырады. Көбелекгүл сығындысы теріні ішінен және сыртынан ылғалмен толтырады. Құрғақтық белгілерінен арылған тері балғын әрі жарқын болып көрінеді.

Су желісінің өнімдері

Жер

Жер: Қалыпқа келтіру

Пайдалы заттарға бай Жер минералдары майлылық тепе-теңдігі бұзылған терінің тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі.

beautycycle™ Жер желісінің құралдары қалыпты және майлы терінің майлылық тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі. Арнайы өңделген минералдардан тұратын құрамында май жоқ құралдар: магний, мыс және темір терінің майлылық тепе-теңдіген қылпына келтіруге көмектеседі. Мырыш, гамамелис және тал қабығы сыртқы қабатты қалыпқа келтіріп, май бөлінісін азайтып және реттеп, теріге өз әсерін тигізеді. Тері тазарады, су мен май тепе-теңдігі қылыпқа келтіріледі, бет түсі жақсарады.

Жер желісінің өнімдері

От

От: Энергия

От – энергияның ең қарапайым түрі. Ол терінің өзін өзі реттеу процесіне жағдай жасайды.

beautycycle™ От желісінің құралдары терінің кез келген түрін жандандырады және беттің табиғи түрін жақсартады. Бұл желінің қасиеттері теріні тазарту, қалпына келтіру және оның уақытынан бұрын қартаюының алдын алуға бағытталады. Табиғи компоненттердің қуаттандырушы энергиясы мен глюкозамин теріге сау жарқындық сыйлайды.

От желісінің өнімдері

Түс

Түс: Жарқырау

Түс әмбебап болып саналады және ол назар аударту мен таңдандыруға арналған.

beautycycle™ Түс сәндік косметикасы арнайы формулалар бойынша жасалып, барлық тері түстерін тиімді етіп көрсететін әр түрлі реңктерге айналдырылған түстердің стихиялық әсері жанды тебірентеді.

Түс желісінің өнімдері