• 1950 жылдар
  • 1960 жылдар
  • 1970 жылдар
  • 1980 жылдар
  • 1990 жылдар
  • 2000 жылдар
  • 2010 жылдар

1950 жылдар

1950 жылдар

Amway компаниясы бастауын Эйда (Мичиган штаты, АҚШ) қаласынан алады.

Компанияның негізін қалаушылар Рич ДеВос пен Джей Ван Андел өз компаниясын American Way (Америка жолы) тіркесін қысқартып, Amway деп атады және американдықтардың арманының жарқын көрінісіне айналды.

 


1959 жыл

Amway компаниясы алғашқы өнімін шығарды – L.O.C.™ Көп функциялы тазалау құралы және ол әлемдегі биоыдырайтын алғашқы тазалау құралы болды.

 


1960 жылдар

1960 жылдар

Amway компаниясының бизнес философиясы жер-жерде таралып, сату көлемі мен Компания ассортиментіндегі өнімдер саны арта бастады.

 


1962 жыл

Канадада алғашқы шетелдік филиал ашылды. Amway өнімдері ұсынылатын әлемдегі 80 мемлекет пен аймақтар тізімінде Канада екінші орында тұрады.


1967 жыл

Компанияның сату көрсеткіштері 50 млн. АҚШ долларына жетті.



1968

11 өнімі мен 37 түрі бар ARTISTRY™ бренді шығарылды.

1970 жылдар

1970 жылдар

Amway қосымша жаңа 8 нарық ашты, NUTRILITE компаниясының акцияларының бақылау пакетін сатып алып, өнімдер ассортиментін үйге және дене күтіміне арналған өнімдерден биологиялық белсенді тағамдық қоспаларға дейін кеңейтті.

 


1971 жыл

Amway компаниясы өзінің алғашқы халықаралық кеңсесін Сидней (Австралия) қаласында ашты. Рич ДеВос еске алғандай: «Ол тым алыс еді, ол жерде жолымыз болса, әлемнің кез келген жерінде жетістікке жетеміз деп ойладық».

 

 


1980 жылдар

1980 жылдар

Amway 1 млрд. АҚШ доллары деңгейінен алғаш рет асып түскен сату көрсеткішімен жаңа онжылдыққа қадам басты.

Amway бизнесінің мүмкіндіктері тағы 20 жаңа нарық тұрғындары үшін қолжетімді болып, АТК саны 1 млн. адамға жетті.
Amway Эйдадағы (Мичиган штаты, АҚШ) штаб-пәтерінің аумағын кеңейтіп, Эйдада (Мичиган штаты, АҚШ) ARTISTRY косметикасын шығаратын зауыт ашты. 
 


1984 жыл

Amway 25 жылдық мерейтойын тойлады.

 


1990 жылдар

1990 жылдар

Компания негізін қалаушыларының ұлдары Стив пен Даг отбасылық бизнесті жалғастырып, бірі Директорлар кеңесінің төрағасы, ал екіншісі Amway компаниясы Президенті болды.

Amway дүние жүзі бойынша жаңа 33 нарықта өз филиалдарын ашты, соның ішінде Қытай және Оңтүстік Африка 
Брендтің әйгілілігін одан әрі асқақтата түсу үшін Amway компаниясының Жапониядағы филиалы Наганода өткен 1998 жылғы қысқы олимпиада ойындарының демеушісі болды.

АТК мен Компания қызметкерлерінің күш салуының арқасында Компанияның көлемі он жыл ішінде екі есеге ұлғайды. 
АТК саны әлем бойынша 3 млн. адамға жетті. 

2000 жылдар

2000 жылдар

Жаңа мың жылдық Amway үшін Компанияның басты мақсаты – адамдардың өмірін жақсартуға көмектесуді жүзеге асыруға қажетті жаңа серіктестіктер, инновациялар мен жетістіктер әкелді.

 


2003 жыл

Amway әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған балалардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге бағытталған One by One («Бірінен соң бірі») балаларға көмек көрсету бағдарламасын ұсынды.

 



2009 жыл

Amway компаниясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті

 


2010 жылдар

2010 жылдар

Бүгінгі күні Amway компаниясы жылдық айналымы бірнеше миллиард долларды құрайтын, гүлденіп келе жатқан халықаралық бизнес болып отыр.

 

Amway 80-нен аса елдер мен аймақтарда бизнес мүмкіндіктерін ұсынып отыр. AMWAY™ бренді өнімдері әлем бойынша саны 3 миллион адамнан асып түсетін Amway Тәуелсіз Кәсіпкерлері арқылы таратылады.