image/png;;;326576.png

Жауапкершілік

Әлеуметтік серіктестік жобаларына белсенді қатысу – Amway компаниясы қызметінің әлемдегі басымдылықтарының бірі. Компания белгілі бір нарықтағы жетістігін тек қана сатылым мен табыс көрсеткіштерімен ғана емес, сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламаларға қатысу қарқындылығымен де өлшейді. 2003 жылы Amway балаларға көмек көрсетуге бағытталған “One by One” бағдарламасын іске қосты, бағдарлама қарқынын бәсеңдетпей, әлемнің түрлі елдеріндегі балалардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертіп келеді.

  • Бірінен кейін бірі
  • Іс-әрекеттегі экологиялық жауапкершілік
  • Этика

Бірінен кейін бірі

image/jpeg;;;onebyone2.jpg

Бірінен кейін бірі

Корпоративтік азаматтық ұстаным 1959 жылы негізі қаланғаннан бері Amway философиясының 
маңызды құрауышы болып келеді. Amway компаниясының балаларға көмектесуге бағытталған
 "One by One" ("Бірінен кейін бірі") бағдарламасының бастамасы 2003 жылы жасалған болатын. 
Бұл – дүние жүзіндегі балалардың өмірін жақсартуға бағытталған Amway компаниясының халықаралық 
бағдарламасы. Осы бағдарлама шеңберінде Компания, Тәуелсіз Кәсіпкерлер мен Amway қыметкерлері 
10 жыл ішінде балаларға көмек көрсету бағдарламаларына $190 миллион қаржы бөлді; 10 миллион 
бөбектерге жәрдем көрсетілді. Бұған қоса, Amway қызметкерлері мен Тәуелсіз Кәсіпкерлері өздерінің 
2 млн. 700 мыңнан аса сағат жеке уақыттарын балаларға көмек көрсету бағдарламаларына еріктілер 
ретінде қатысуға арнады.

 

Ресейдегі балаларға көмектесуге бағытталған "Бірінен кейін бірі" бағдарламасы

Іс-әрекеттегі экологиялық жауапкершілік

image/png;;;123278.png

Іс-әрекеттегі экологиялық жауапкершілік

 

1959 жылы Amway  нарықта сол кездің өзінде құрамында биоыдырайтын тазалау заттары бар L.O.C.™(Liquid Organic Cleaner) көп қызметті тазалау құралын ұсынды. Өнімнің атауының өзі – Сұйық органикалық тазалау құралы – қоршаған ортаға деген қамқорлықты көрсетеді.

1989 жылы Компания БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға тигізген үлесі үшін берілетін «UN Environmental Program Achievement Award» сыйына лайық деп танылды. Amway компаниясының Мичиган штаты, Эйда қаласындағы штаб-пәтері Жабайы табиғатты қорғау жөніндегі кеңестің куәлігін алды. Amway 2014 жылға дейін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тікелей сауда саласындағы ең озық компания болуды басты мақсат ретінде белгілеп отыр. Компания көшетхана газдарының атмосфераға бөлінуін 25%-ға азайтуды, өндірістік қалдықтардың өңделуін 95%-ға жеткізу арқылы олардың көлемін азайтуды, сондай-ақ, суды пайдалануды 10%-ға төмендетіп, баламалы қуат көздерін пайдалануды 15%-ға арттыруды көздеп отыр.

Біздің қоршаған ортаға деген қамқорлығымыз ешқашан азайған емес, біздің өндірістік қызметіміз де, қалдықтарды өңдеу қызметіміз бен органикалық егін шаруашылығындағы әдістеріміз да осы бағытқа бағытталған. Amway компаниясы қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, қалдық көлемін азайту, фреонсыз аэрозольдер өндірісін жүзеге асыру, ұшқыш органикалық қосындыларды қолдануды азайту және өнім өндірісінде табиғи қоспаларды пайдалану арқылы салаға жаңартпалар енгізуді жалғастырып келеді.

Этика

image/png;;;123277.png

Этика

 

Amway компаниясы халықаралық корпорация болып табылады. Компания жұмысы барысында өзі қызметін жүзеге асыратын мемлекеттердің заңдарын бұлжытпай орындап келеді. Жергілікті ережелер мен дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, этикалық қағидаларды ұстану біздің тарапымыздан әрдайым басшылыққа алынады. Жоғары бедел – бизнес табысының маңызды элементі. Біз тек табыс әкелетін емес, сондай-ақ, өзгелер үшін қажетті әрекеттерді де орындаймыз. Amway компаниясының сәттілігі тек экономикалық көрсеткіштермен емес, құрмет, сенім және Компания беделі деңгейімен өлшенеді.