Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Соңғы кездерде Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкерлері (АТК) Amway өнімдерін бөлшек сауда нүктелері мен ресми емес Интернет желісінің сайттары арқылы өткізіп жатқанына біз қатты абыржудамыз. Бірегей, алдыңғы қатарлы Amway өнімдерін базар тақтайшаларынан кездестіру мүлде сирек жағдай емес!
Мұндай жағдайларда сатушылар сатып алушының өз ақшасына қандай бірегей артықшылықтар алып отырғанын түсіндіруге мүмкіндігі жоқ, олар тұтынушымен ұзақ мерзімді қатынас орната, не оның қажеттілігін терең түсініп және Amway өнімдерінің кең ассортиментінен шешім ұсына алмайды. 
Мұндай әрекет бизнесті жүргізу Ережесін қатаң бұзушылық болып табылады. Мақұлданбаған сауда Amway брендінің және АТК беделін кетіреді. 
Amway өнімдерін бөлшек сауда дүкендерінен және заңсыз Интернет-ресурсы арқылы алмауға табандылықпен кеңес береміз, себебі бұндай жағдайларда өнімнің тиісті сапада екеніне сенімді болу мүмкін емес, ал Amway Кепілдігі мұндай заттарға қарастырылмайды

Сіздің түсінігіңізге және ынтымақтастығыңызға алғысымызды білдіреміз!

Amway бизнесін жүргізу саясатымен толығырақ осында таныса аласыз: 

Amway бизнесін жүргізу саясаты